"БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" тақырыбында жазылған мақала.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" тақырыбында жазылған мақала.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кілттік сөздер: білім беру жүйесі, жаңару процесі, педагогикалық технология, педагогикалық шеберлік. Ключевые слова: система обучения, процесс обновления, педагогическая технология, педагогическое мастерство. Қазiргi кезде республикамызда бiлiм берудiң жаңа жүйесi жасалып, әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне енуге бағыт алуда. Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. В настоящее время в стране разрабатывается новая система образования, направленная на выход в мировое образовательное пространство. Одна из новых задач, стоящих перед системой образования, - повышение качества образования с использованием инновационных педагогических технологий обучения.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


А.Ж.Омарова

«Новый орта мектеп-лицейі» КММ, Ақтөбе қ.

E-mail: zharbolovna.81@mail.ru

Кілттік сөздер: білім беру жүйесі, жаңару процесі, педагогикалық технология, педагогикалық шеберлік.

Ключевые слова: система обучения, процесс обновления, педагогическая технология, педагогическое мастерство.

Keywords: education system, renewal process, pedagogical technology, pedagogical skills.

Қазiргi кезде республикамызда бiлiм берудiң жаңа жүйесi жасалып, әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне енуге бағыт алуда. Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

В настоящее время в стране разрабатывается новая система образования, направленная на выход в мировое образовательное пространство. Одна из новых задач, стоящих перед системой образования, - повышение качества образования с использованием инновационных педагогических технологий обучения.

Currently, the country is developing a new education system aimed at entering the world educational space. One of the new challenges facing the education system is improving the quality of education using innovative pedagogical learning technologies.



Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті           50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiнде болып жатқан жаңару процесiнiң мақсаты адамгершiлiк құндылықтарға негiзделген жаңа бiлiм парадигмасын жүзеге асыруға бағытталған iзгiлендiру, демократияландыру, гуманитарландыру принциптерiне сәйкес инновациялық iс-әрекеттi өз бетiнше жүзеге асыра бiлетiн жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Осыған орай қазiргi кезде республикамызда бiлiм берудiң жаңа жүйесi жасалып, әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне енуге бағыт алуда.

Мемлекеттiк бiлiм стандарттары деңгейiнде оқыту үрдiсiн ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгiзуді мiндеттейдi. Әрбiр педагогикалық технология жеке тұлғаның өзiн-өзi дамытуға, оның өзiндiк шығармашылық қабiлеттерiн арттыруға, қажеттi iскерлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға және iзденiмпаздықпен жұмыс iстеуге қажеттi объективтi әдiстемелiк мүмкiндiктердi қамтиды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.
Білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасының жүйесі бойынша балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.

Оқытудың жаңа технологиялары педагогикалық шеберлiктi, мұғалiмнiң iзденiмпаздығы мен танымдық бiлiктерiнiң жоғары дәрежесiн талап етедi.

Қазiргi бiлiм беру жүйесiнде оқу-танымдық материалдардың ролi өзгеретiндiгiн айта кеткен жөн. Ол оқып-үйренудiң басты объектiсiнен, дамытудың құралына айналып отыр. Осыған сәйкес, мынадай қағидалары басшылыққа алынғаны жөн:

Бірінші қағида – оқу – танымдық материалдардың мазмұндық құндылығының басымдылығы. Ол оқу материалдарын қарастырудың нақты ракурсын анықтайды және мыналарды талап етедi:

  • сол материал қамтитын жалпы мәдени деректердi табу (мысалы, сәйкес бiлiмдi практикалық қызметтi жүзеге асырғанда қолдану немесе заңдылықтардың түрлi құбылыстарда бой көрсетуi);

  • оны оқып үйренуде қалыптастыру, тиiмдi болатын жалпы ойлау амалдарын iрiктеу;

  • материалды оқып-үйренгенде қолданылатын жаңа әдiстерiн бөлiп шығару т.б.

Екiншi қағида - әдiснамалық бағдар қағидасы. Сондай-ақ жаңа бiлiм, бiлiктердi меңгеру жолдары, әдiс-тәсiлдердi таңдауда өзiндiк үлесi басым.

Аталған мәселелердiң барлығы да бiлiмдi практикалық және теориялық тапсырмаларды орындау үшiн қолдануға бағдарланған, ал бұл олардың жалпы бiлiм берушiлiк құндылығының мол екендiгiн көрсетедi.

Жалпы, бiлiм беру жүйесiнiң қазiргi сұраныстары, оқыту үрдiсiнде жүзеге асырылатын және оны құрастыратын түрлi технологияны жақсы игеруден және оны кәсiптiк ахуалға сәйкес жағдайда қолдана бiлуден тұрады. Осыған сәйкес үшiншi бiр қағида келiп шығады.

Үшiншi қағида – оқыту мазмұнындағы технологиялық бiлiмнiң басымдылық қағидасы. Мұнда жаңа оқу құралдарын (мысалы, компьютерлер т.б.) қолдануға байланысты технологиялар ғана емес, оқушының танымдық iзденiс қызметiн қанағаттандыратын жаңа технологиялар туралы сөз болып отыр.

Оқу процесi - өзiне мақсат, қызмет процесiн, сондай-ақ осы қызметтi басқаруды қорытатын мақсатты танымдық қызмет. Оқу процесiнiң әрбiр компонентi, бәрiнен бұрын, мақсат, мазмұн және бүкiл педагогикалық iс-әрекет әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiледi. Әдiстемелiк талаптарды жүзеге асыру тиiстi технологиялар арқылы жүзеге асады: 1) жаңашылдық - оқыту бағдарламасын жаңартуға, яғни ғылым жетiстiктерi мен оны педагогикалық практикада пайдалану арасындағы алшақтықты жүйелi түрде азайтуға ұмтылыс жасау; 2) ықпалдастыру - әр ғылым саласындағы жаңалықтарды, жетiстiктердi бiрiктiру нәтижесiнде оқу-тәрбие процесiн жетiлдiруге ықпал ету; 3) ғылыми-оқыту процесiнiң мазмұнын, формалары мен әдiстерiн, тиiмдiлiгi мен мүмкiндiктерiн, даму жағдайларын зерттеу, ғылыми тұрғыда негiздеу, практикада қолдану мүмкiндiктерiн көрсетiп беру; 4) оқыту құралдарын, материалдарын iрiктеу –оқытудың қазiргi заманғы техникалық құралдары мен оқу материалдарын, сондай-ақ танымдық iзденiмпаздықты жетiлдiретiн әдiс-тәсiлдердi пайдалану; 5) озат тәжiрибелердi пайдалану негiзiнде оқытуды ұйымдастыру – жаңа жағдайда әдiс-тәсiлдер, құралдарды пайдалана отырып, педагогикалық идеяларға, мұраларға зор маңыз беру; 6) оқытудың жоғары сапасына жету, сындарлы бағалау-оқу процесiн бақылау әдiстерiнiң бүкiл кешенiн қамтиды. Олар бақылау жүйесiн жасау, мақсаттары мен әдiстерiн айқындайтын, белсендi iс-әрекет пен техникалық құралдар, компьютерлер негiзiнде бағалау бағытында дамиды.

Бiлiм беру жүйесi алдында тұрған талаптарды жүзеге асыру жолында ғалымдар мен педагогтар танымдық iс-әрекеттi дамыту әдiстерiн iздестiруде. И.П.Павлов: «… жақсы әдiспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдiспен ұлы адамның өзi де текке жұмыс iстейдi» – деген болатын. Мiне, сондықтан жеке тұлғаны оқыту мен дамытудағы белгiлi әдiстердiң ролiн бағалай отырып, қоғам дамуының әр кезеңiнде адам ақыл-ойының «терең қайнарына бойлай алатын» әдiстердi пайдалану жолындағы iзденiстер мен ұсыныстар бүгiнгi таңда өзектi деп санау қажеттiгiн айту керек.

Бүгiнгi мектепте жұмыс iстейтiн мұғалім жоғары бiлiмдi, бiлiктi болуымен қатар iзденiмпаз, жан-жақты, төл мәдениетiн қастерлей бiлетiн және оны өзгеге таныта бiлетiн рухани дүниесi бай, интеллектуалдық деңгейi жоғары және кәсiби шеберлiгi мол болуы шарт.


Пайдаланған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы»
2.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А. Әлімов Алматы,2013ж.

3.Педагогика и психология высшей школы: учеб. пособие /Под ред. М.В. Булановой-Топорковой. – Ростов н/Д: Феникс, 2006.

4.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.М.:Педагогика 1989 г.

5.Педагогический энциклопедический словарь /Гл. ред. Б.М. Бим-Бад. - М.: Большая Российская энциклопедия, - 2003.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.11.2021
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі