Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сабақта қолданатын әдістер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар


«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың   заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай  жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін оқытушының ізденісі, жаңа тәжірибе, заманауи инновациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туындайды.

Қазіргі таңда білім берудегі заманауи инновациялық технологияларды тиімді пайдалану заман талабы.

Бастауыш сыныптарды күнделікті оқу мен тәрбиелеу жұмыстарының барысында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:

  1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

  2. Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

  3. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

  4. Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.

  5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

  6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

  7. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.

  8. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Бұл жаңаша оқыту технологиясында барлық стратегиялар үш саты бойынша қолданылады.

І-саты — баланың қызығушылығын ояту — ой шақыру, бұл əрбір сабақта қажет. Сатының мүмкіндіктері: қаралып отырған тақырып немесе проблема бойынша оқушының бар білім қорын қорыту, өзектендіру, оқып отырған тақырыпқа тұрақты қызығушылық тудыра отырып, оқушының оқу іс-əрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін ояту.

ІІ-саты — мағынаны ажырата білу. Бұл жердегі міндеттер мүлде бөлек. Саты оқушыға жаңа ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік береді, мəтінді жан-жақты жəне əр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

ІІІ-саты — ой толғаныс-рефлексия. Мұнда, негізінен, алынған ақпаратты қорыту, жалпы ой елегінен өткізу; оқушыға жаңа ақпарат, жаңа білім беру, оқып отырған материалға əрбір оқушының өзіндік қатынасын қалыптастыру т.б. мəн беріледі.

Оқу-тәрбие үрдісімізде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар:

  • Кәсіби-бағдарланған технологиялар оқу процесін оқытудың кәсіби бағыттылығын, сонымен бірге білімгерлердің тұлғалық бағдарын есепке алу негізінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Кәсіби-бағдарланған технологиялардың маңызды сипаттары: нәтижелік, үнемділік,

психогигиеналық.

  • Сын тұрғысынан  ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
    Сын тұрғысынан  ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста білімгерлердің:
    1.Өзбетінше тұжырым жасау,қортындыға келу.
    2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
    3. Проблеманы шеше білу.
    4. Пікірталастыжүргізебілугеқабілеті қалыптасады.

  • Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.  Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы  дамыта оқыту  идеясын жүзеге асыруға ,елестету мен есте сақтауын , белсенділігін дамытып ,білім сапасының артуыны көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең.Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау,  пысықтау бекіту жұмыстарына арналған тілдік , грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер , тренингтер жүйесі қамтылады . Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес білімгерді саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша білімгерлердің жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады.

  • Дамыта оқыту теғнологиясы.  Дамыта оқытуда білімгерлердің ізденушілік –зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін білімгер өзінің осы кезеңге дейінгі тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп ,содан барып оның білімін алуға деген ынтасы артып,білім алуға әрекеттенеді.Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
    1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
    2.  Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
    3.  Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

  • Ойын арқылы оқыту технологиясы.Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиалық механизмі жеке бастық өзіндік  талап талғамдарына  сүйенеді. Білімгерлердің бойындағы білімдік,танымдық,шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

  • Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, оқытушыға нәтижені талдап,түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Білімгерлермен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды білімгерлермен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде құрылымды бөліктен: кіріспеден,сөйлесу бөлімінен және қортынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

  • Ақпараттық технологиялар. Ақпараттық технологиялар ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары. Апараттық технологияларды білім беру ісінде пайдаланудың мақсаты оқу процесіне қатынасушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және оқытудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табалады.

  • Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту өзінің мазмұны мен құрылымы бойынша педагог пен білімгерлердің шығармашылық процестерін жинақтайтын оқытудың педагогикалық технологиясы болып табылады.

  • Кейс- стади технологиясы. Кейс стади технологиясы кез келген пәнді оқыту барысында қолдануға болады. Нақты жағдаят нақты дұрыс немесе дұрыс емес жауапқа ие бола алмайд, ол тек оқу материалы қызметін атқарады, сол арқылы білімгерлер талдауға, сөз сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойларын негіздеуге үйренеді.

  • Рефлексия.Өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру әдісі және білімгерлердің оқу материалын белсенді қабылдауын қамтамасыз ететін педагогикалық технология.

  • Кәсіби- бағдарланған технологиясы. Оқытудың кәсіби бағыттылығы есепке алынған және болашақ мамандардың қызығушылығына, бейімі мен қабілетіне бағдарланған педагог пен білімгерлердің психологиялық, жалпыпедагогикалық, дидактикалық тұрғадан өзара іс-әрекетінің жүйесі.

  • Интеграциялық технологиясы. Курстар, оқу тақырыптары, оқу проблемалары және баска да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер.

  • Тренинг технологиясы. Белгілі бір шешімдерді орындауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Оған тұлғаны санаткерлік дамыту және басқару міндеттерін шешу бойынша жүргізілетін психологиялық тренингтерді, іскерлік қарым-қатынас, тұлғаны дамыту, коммуникативтік біліктер тренингтерін де жатқызуға болады.

  • Жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту. Оқытудың басқа әдістерін толықтыру ретінде пайдаланылады. Жоба негізінен пәнаралық сипатқа ие болып, білімнің әр саласынан ақпаратты байланыстырып тұруды көздейді.

  • Этномәдениет технологиясы. Этнопедагогика материалдары арқылы гуманизм принципіне негізделген оқу-тәрбие процесін жетілдіру жүйесі.

  • Құрылымдық- логикалық. Оқыту жүйесін кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, нәтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз етуді көздейтін жүйе.

Жалпы алғанда жоғарыдағы аталған инновациялық білім беру технологияларын

қолдана отырып, оқытушы өз кәсіби білім беру сапасын арттыра, сонымен қатар

білімгерлердің үлгерім сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Осы оқыту технологияларын пайдалана отырып, жұмыс істеу арқылы мынадай жетістіктерге жеттік: сабақта білім беріп, икем-дағды қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық шығармашылық іс-əрекеттер арқылы бала болашағына ықпал етіп, оның өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі тəрбиелеп дамытуына жағдай жасауға болады екен. Əр баланың танымдық жəне шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық жəне тəрбиелік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану осы технологияларды қолдану барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастады.

Əр жаңа технология, жобалар білім саласындағы жаңалықтардың басты мақсат, міндеттері бір- біріне жуық, мəндес болып келетіні бізге мəлім. Білім беру жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі — білім сапасы. Осы жобаның бастауыш сынып мұғалімдері ретінде білім сапасын көтеруге, қызығушылықтарын арттыруға тигізген əсері туралы нақты мысалдар келтіріп тоқталғымыз келеді.

Бастауыш сынып мұғалімдері есебінде анық байқағанымыз — «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларымен өткен сабақтарда оқушының пəнге деген қызығушылығының артуы. Қызықты болған жерде белсенділік те артады. Бастауыш сыныптарда стратегияларды (ассоциация, кластер құру, инсерт əдісі, Венн диаграммасы, пікірталас, ЖИГСО, эссе жазу т.б.) күнделікті сабақта қолданамыз. Сонымен қатар,

СТО ойлау бағдарламасында мұғалім жұмысында көбіне топтық, жеке, жұп бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мұғалім əр оқушының білім алуға бағытталған іс-əрекетін бақылауға алады. Мұғалім тек бағыттаушы ретінде қызмет жасайды, оқушылар жаңа сабақ, ақпараттарды өз бетінше меңгереді. Сыныптағы оқушылар өзгерісі — оқушылардың жаппай тілдік əрекетке түседі. Оқушылардың ойлау деңгейлері əлдеқайда жоғарылайды. Белсенділік танытып қызығушылықпен жұмыс жасап жатқанда, тіпті кейде қоңыраудың соғылғанын байқамай да қалады.

Білім сапасы бұл сыныптарда көтеріліп келеді. Сабаққа нашар деген оқушылардың да көзқарасы өзгереді, оларда талпыныс, құштарлық, ынта-жігерлері қалыптасып келеді. Мұғалім ретінде қол жеткізіп жүрген жетістіктерді осы сыныптарымыз арқылы көрсетіп жүрміз.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады», — деп атап көрсетті. Əр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл əдіс-тəсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек.


Əдебиеттер тізімі

  1. Қ. Сарбасова.Инновациялық педагогикалық технологиялар. Алматы, «Атлас баспасы-2001», 2006.- 176 бет.

  2. Бабаев С., Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар — талапшаң мұғалім еншісі // Бастауыш мектеп. — 2011. — № 4. — 25-б.

Автордың аты-жөні, тегі: Едилова Ф.С., Умутбаева Г.М.

Қала: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылы, «Береке орта мектебі»КММ


2020-2021 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2021
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12