жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім берудің жаңғарту аясында мектептің даму бағдарламасының жобасы
Шығыс Қазақстан Облысы Зайсан ауданы М.Маметова атындағы шаын жинақты негізгі орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманғалиева Жадыра Құрманғалиқызы
Білім берудің жаңғарту аясында мектептің даму бағдарламасының жобасы
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
- педагогикалық ұжымның қызметіне нәтижеге бағдарланған білім беру үлгісін тиімді енгізу үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
Баяғыда Жапониядағы бір ұстаздан шәкірттері білім алудағы басты мақсат не екенін сұрапты. «Ертең бәріміз тауға серуенге шығайық.Сонда түсіндіремін. Жолға тамақ алыңдар, бірақ су қажет емес, барған жағымыздан табылар» дейді. Ертеңіне серуенде жүріп, ауқаттанып алғаннан кейін балалар шөлдегендерін айтқаннан соң ұстаз су көзін таба алмай қалғанын мәлімдеп, өздеріне су іздеуге кеңес береді. Түсте кеткен шәкірттері қас қарайғанда оралды. Шөлдерін қандырып, мәре-сәре болып келген шәкірттеріне қарап «Бүгін шаршап-шалдыққандарыңызға қарамастан, өз беттеріңмен ізденіп жүріп, су таптыңдар. Біздің міндетіміз – сендердің өз беттеріңше еңбектенулеріңе жағдай жасау. Ішіңіздегі бір-екі бала маған арнайы су алып келіп, адамгершіліктерін танытты. Ал басты мақсатымыз – жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу», деген екен. Елімізде қолға алынып жатқан білім реформасының да басты мақсаты осы хикаяға саяды. Нақтылап айтсақ, енді мектепте бұрынғыдай мұғалім 45 минут бойы сөйлеп, сабақты тәптіштеп түсіндірмейді. Ол тек оқушының өз бетімен оқып-ізденуіне жағдай туғызатын болады.
Жаңа бағдарлама құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтарға негізделген. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен ізденуі оқу үдерісіне қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады».
Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
-
Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
-
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
-
Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
-
Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
-
Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
-
Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
-
Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
-
Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру
әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білі беру
заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз ұстаздар
қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа
технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға
қоярымыз анық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі
мазмұнындағы модульдер:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа
тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және
көшбасшылық.
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа
тәсілдер:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
«Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу
керектігін үйретуді» қарастырады. Білім беру әдістері ішінде ерекше
орын алатыны - диалог. Диалог
оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс
қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс
түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже
береді:
*сабақта белсенділік
жоғарылайды;
*сөздерді есте сақтау қабілеті
дамиды;
*дұрыс сөйлемдер құрауға
дағдыланады;
*оқуға қызығушылықтары
артады;
«Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы
күші метатану болып табылады. Метатану индивид қалай ойлайтынын
қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім
алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін
сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Бұл үрдісінде мұғалім
оқушыға:
- білім міндеті қоятын талаптарды
түсінуге;
- жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс
қағидаттарын зерттеуге;
- міндеттерді орындау стратегияларын
әзірлеуге және ойластыруға:
- нақты міндет үшін сәйкес келетін
стратегияларды таңдауға
көмектеседі.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз
не? «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» бағдарламасы бойынша
ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне
байланысты мәселелерге сын көзбен
қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды,
жауапты шешімге қабылдауға
құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің
қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне негізделген
құрылым.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын
қолдану төмендегідей нәтиже
береді:
- білім алушының белсенділігін
арттыру;
- пәнге қызығушылығын
ояту;
- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік
беру;
- зерттеуге икемділігін
дамыту;
- сөйлесім әрекеті белсенділігін
арттыру;
- білім алушылар бір - бірімен қарым -
қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа
сыйластық, түсіністікпен
қарауға.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар
белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді
талдайды.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды
бағалау
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін
қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі
кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін
фактор. мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін
тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның
себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды
бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және оқытуды
бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге
асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс -
әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы,
түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау
немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар,
білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің
өлшемі.
Жалпы, бағалаудың барлық түрлері
төмендегілерді қамтиды:
Бақылау;
Алынған мәліметтердің
интерпретациясы;
Бұдан арғы іс - әрекетті анықтау үшін
қолданылуы мүмкін шешімдерді
қорытындылау.
4. Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның
тиімділігі - келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскерлігі
мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық -
психологиялық жағдай
жасауында.
Сондай - ақ, интерактивті тақта арқылы әр
түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа
сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға,
уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті
әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп,
оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның
үлесі зор.
5.
Талантты және дарынды балаларды
оқыту
Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы,
шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе
“дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан.
Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің
мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда
қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты,
ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар
көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана
айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр
нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар
ұнамайды.
П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер
оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар
оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған.
Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны
жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты —
олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға
дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету - оқу бағдарламасын
тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
арқылы жүзеге асады.
“…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың
кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең
бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”.
Плутарх. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі
керек.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
білім беру және оқыту.
Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген. Мысалы, төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және «қайда», «не», «кім», «неге», «қашан» сияқты көптеген сұрақтар пайдаланады. Олар бес сөзден тұратын сөйлемді пайдалана алады және олардың 1500 сөзден тұратын сөздік қоры бар. Бес жасар балалар бағыныңқы бөліктері бар алты сөзден сөйлем құрай алады және 2000 сөз пайдаланады. Бірінші сынып оқушылары 6000 сөзге дейін пайдаланады, ал ересектер 25000 сөз пайдаланады және 50 000 сөз біледі. Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану - бұл мұғалімнің жан - жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу
процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін
үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту
технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп
түсіну керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол
жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат
қойдым:
- заман талабына сай білімді, білікті,
дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға
қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма қойған
міндеттерім:
- жас ұрпақтың қабілеті мен талантын
ашу;
- шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін
жетілдіру;
- өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге
асыра білу;
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай
білу.
Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады.
Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.
Білім берудің жаңғарту аясында мектептің даму бағдарламасының жобасы
1.МЕКТЕП ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА ДАЙЫНДАУ
-
Оқушылардың саны;
-
Ауысымдар саны мен ондағы сыныптар;
-
Білім сатылары немесе парллелдер бойынша сыныптар саны;
-
Мұғалімдер саны (жалпы және білім деңгейлері, санаты, атағы, өтілі, жынысы және т.б бойынша);
-
Мұғалімдердің орташа жасы; Мектептің жұмыс режимі;
-
Сыныптар бойынша сабақтың ұзақтығы;
-
Материалдық-техникалық база жағдайы;
-
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының сипаттамасы;
-
Мектептің тарихы, дәстүрлері, мұралары туралы қысқаша мәліметтер;
-
Оқушылар контингентінің (жынысы, әлеуметтік жағдайы, ұлты, денсаулығы, жетістіктері т.б бойынша) сипаттамасы;
-
Социум (мөлтекаудан тұрғындары, мектеп маңайы, өнер-спорт мекемелері, сауда орындары, т.б) сипаттамасы;
-
Ғалымдармен, ғылыми орталықтармен, ЖОО кафедраларымен, БАИ-лармен байланыс бар-жоқтығы;
-
Соңғы оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің қысқаша қорытындылары және соңғы жылдардағы жетістіктер динамикасы;
Мектептің ең күшті жақтары мен тамаша жетістіктерінің сипаттамасы.
2.МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫН ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТАЛДАу
Проблемаларды талдау соңынан басына қарай жүреді: алдымен нәтижелер, сонан соң оқу-тәрбие процесі, тек содан кейін барып алғышарттар мен жалпы жағдайлар талдалады.
1.Нәтижелерді талдау
1) әлеуметтік тапсырыстар арқылы мектеп жұмысына қойылатын талаптарды анықтау.
2) талаптарды мектеп жұмысының нәтижелерімен салыстыру.
3)қойылған талаптар мен жеткен жетістіктер арасындағы айырмашылықтар арқылы шешілетін проблемаларды айқындау.
Талданатын негізгі нәтижелер
Білім беру мазмұны мен оқушылардың білім-білік деңгейі.
Оқушылардың жалпы дамуы мен тәрбиелілігі.
Мектеп бітіруші түлектердің денсаулығы мен олардың шығармашылыққа дайындығы.
2.Оқу-тәрбие жұмысын талдау
Оқу-тәрбие жұмысын талдау анықталған проблемалардың пайда болуы себептерін немесе оқу-тәрбие процесіндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
3.Жағдай-шарттарды талдау
Жағдай-шарттарды талдау оқу-тәрбие процесіндегі кемшіліктердің себебі неде екенін немесе қандай жағдайлардың жасалмағандығында екенін көрсетеді.
3.ЖАҢА МЕКТЕП ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҚҰРУ Жаңа мектеп тұжырымдамасын дайындау сатылары
1.Проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін идеяларды іздеу және бағалау.
2.Жаңа мектеп “миссиясын” нақтылау.
3.Мектеп “миссиясын” іске асыруды қамтамасыз ететін мүмкіндіктер мен жағдайларды ескере отырып, тұжырымдамаға қажетті идеялардытаңдау.
4. Жаңа мектептің жұмыс атқару тұжырымдамасын (басқару тұжырымдамасын) қалыптастыру.
5.Басқарылатын жаңа жүйенің тұжырымдамасын жасау.
Жаңа мектеп тұжырымдамасы
Жаңа мектеп тұжырымдамасы екі бөлімнен тұрады: мектептің даму тұжырымдамасы мен басқару тұжырымдамасы.
Мектептің даму тұжырымдамасы
1.Жаңа мектептің білім беру сатылары бойынша құрылымы (негізгі міндеттері мен сынып типтері);
2.Жаңа оқу жоспары;
3.Жаңа оқу бағдарламалары;
4.Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
5.Жаңа білім беру мазмұнын іске асыратын жаңа әдістемелер мен технологиялар;
6.Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының жаңа мазмұны мен құрылымы.
Мектеп басқару тұжырымдамасы
1.Басқару жүйесін жаңаша ұйымдастыру құрылымы;
2.Жаңа басқару нысандарына сай жаңарған лауазымдық нұсқаулар;
3.Жаңаша басқару механизмдері мен әдістері.
4.ЖАҢА МЕКТЕПКЕ КӨШУ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН ДАЙЫНДАУ
Жаңа мектепке көшу стратегиясы мен міндеттерін дайындау сатылары
1.Бұрынғы мектептен жаңа мектепке көшу кезеңдерін анықтау.
2.Өзгеріс жасау бағыттарын кезеңдер бойынша топтау.
3.Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінің міндеттерін анықтау.
4.Қажетті ресурстардың қолда барын бағалау.
5.ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНІҢ МАҚСАТТАРЫН АНЫҚТАУ
Жаңа мектеп құрудың алғашқы кезеңінің мақсаттарын анықтау сатылары
1.Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде мектептің әр сатысы бойынша күтілетін өзгерістерді болжау.
2.Сатылар мен сыныптар бойынша күтілетін нәтижелік өзгерістердің өзара үйлесуін бағалау және түзету енгізу.
6.ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫН ДАЙЫНДАУ
Іске асыру жоспарын дайындау сатылары
1.Бағдарламаның бірінші кезеңінде іске асырылатын негізгі бағыттар мен міндеттерді белгілеу.
2.Міндеттерді орындауға қажетті әрекеттер құрамы мен орындаушыларды анықтау.
3.Барлық іс-шаралардың мерзімдерін үйлестіру.
4.Іс-әректер жоспарының қаржылық қор бойынша теңгермелілігін бағалау.
7.БАҒДАРЛАМАНЫ САРАПТАУ
Бағдарламаны сараптау бағыттары
1.Бағдарламаның толықтығын (құрамын) бағалау.
2.Бағдарламаның бүтіндігін (үйлесімділігін) бағалау.
3.Қорытындылар мен пікірлердің негізділігін бағалау.
4.Кемшіліктер, қателіктер, ескертпелер.
5.Жаңа идеялар мен ұсыныстар.
6.Қорытынды (жарамдылығы).
10 күн бойы ҚР орта білім мазмұнынында «Педагог – тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды тиімді басқару» аясында мектеп директор жанындағы тәрбие ісінің меңгерушілерінің біліктілік арттыру курсының тренері Қажиева Гүльнар Тоқайқызымен осы бағдарлама жайлы білімдерімізді арттырып, тәжірибе алмастық.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт директорына, оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарына және білім берген тренер Қажиева Гүльнар Тоқайқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда
өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды
дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу
бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін,
бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді
мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық
қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты
болады, нәтижеге жетеді. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз
үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген
сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім
жадында сақтауы тиіс.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген