Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім биржасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «БІЛІМ БИРЖАСЫ» зияткерлік ойыны

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту .

Оқушыларды сабырлылыққа, тәртіптілікке, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд.

Түрі: сайыс.

Ойын барысы: Ойынға ұлдар және қыздардан құралған 2 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.

І-кезең Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.

ІІ-кезең Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс.

ІІІ-кезең«Қатені тап» сайысы. Топ басшылар сайысы.

ІҮ-кезең Таңдау-табыс. Әрбір топ пәндер бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды.

Қайырлы күн, білімге құштар жас өрендер!

«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер!

Әр топ өз атымен ұранымен таныстыру.

1 топ ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

2 топ ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.

Әзірше әр топтың қорында 100 теңгеден бар. Бұл-бастапқы капитал.

Өз капиталыңызды көбейту- өз қолдарыңызда.

Аукционда әр пәндерден алған білімдерінді көрсетесіздер.

Әр пәннен сұрақтардың бастапқы бағасы- 200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса- баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ капитанынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

Аукционға №1 сұрақ қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады.

Сұрағы: Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Соробан).

2 Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады).

3 Ұлы тұлғалар галериясы.

1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бағдарламашыны табыңыз? (Ада Лавлейс)

4  Ақпаратты қорғау. Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа? (Вирус)

5 Күміс қобдиша. (сауда жүргізіледі.) Қобдишада не жасырынған?

Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар! Жауабы: Тышқан.

6 АҚШ-тағы алғашқы автоматты компьютер: ұзындығы 17 м, салмағы 5 тонна. Құрастырушысы Говард Айкен. Атауы, жылы?

Дұрыс жауабы: МАРК-І. 1944ж.

Осымен І-тур аяқталды. І- турдың қорытындысы бойынша жинаған сомаларыңды айтсаңдар. Жоғары капитал жинаған топ_____________

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт-3 минут.

Әрбір дұрыс жауап құны- 200 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт.


ІІ тур. Эрудиттер сайысы.

1 топқа арналған сұрақтар.

  1. Компьютердің миы. (Процессор).

  2. Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

  3. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

  4. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)

  5. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)

  6. Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)

  7. Қарапайым графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)

  8. Баспа құралы. (Принтер)

  9. Бүкіл дүниежүзілік өрмек. (Интернет)

  10. Ақпарат өлшем бірлігі? (бит, байт)


2 топқа арналған сұрақтар.

1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

2. Бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)

3. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)

4. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)

5. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

6. Компьютер жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)

7. Компьютер ауруы (вирус)

8. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)

9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)

10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).

ІІ-турдың қорытындысын сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________


Келесі аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарылата алады.

№1 . Ежелгі дүние жүзі тарихы. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 евро. Қай топ жоғары баға береді?
.......... тобы бір,......... тобы екі,........... тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына......... эвро қосады.
Сұрағы: Әлемді адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт келбеті: түрі - түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен пішіні, нәсілдері бір – бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі не?
Жауабы: табиғат ерекшеліктеріне байланысты.
№2 Математика. (сауда жүргізіледі)
Арқандаулы ешкі қандай жердің шөбін жей алады? Жауабы: шеңбер ішіндегі.
№3 Ұлы тұлғалар галереясы. (Сауда жүргізіледі)
Сендердің назарларыңа ұсынылып отырған «Ұлы тұлға – бала би» деген атақтан дана би деген атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғанда айтқан сөздері бізге жеткен. Яғни, «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.» Бұл ұлы адам кім?
№5 Күміс қобдиша. (Сауда жүргізіледі) Қобдишада не жасырынған?
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер қане айтыңдар?
Жауабы: тышқан(компьютердің енгізу құрылғысы)
№6 Қазақ әдебиеті. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы:- Өзің білмес ісіңді
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң, наданнан
Қабіріңді жырақ қыл! – деген өсиет сөзді кім айтты және қай шығармадан алынған?
Жүргізуші: Осымен І тур аяқталды. Қорытындысын жинақтайық. Жоғары капитал жинаған топ..........................................
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт – 2 минут. Әрбір дұрыс жауап құны – 5 эвро. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айтуларың керек.
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафин сөзімен сайысты ең көп капитал жинаған топтан бастаймыз.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар:
1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков
2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/
3. Қазақстан Республикасы күні /25 қазан/
4. Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала /лексика/
5. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. /диаметр/
6. Көбейтіндісі 1 - ге тең бөлшектер қандай бөлшектер деп аталады? /өзара кері/
7. 640 саны 5 - ке бөлінеді ме? /иә/
8. 1 км неше метр бар? /1000/
9. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан? /әл - Хорезми/
10. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы. /принтер/
11. Тарих атасы кім? /Геродот/
12. Белгілі жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. /диалект сөздер/
13. «Юлиан күнтізбесін» кім жасады? /Юлий Цезарь/
14. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылым. /жаратылыстану/
15. Жердің су қабатын қалай атайды? /гидросфера/
16. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит /Тынық/
17. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? /Жер/
18. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым. /аксиома/
№2 топқа арналған сұрақтар:
1. Жандарбек Мәлібекұлы және Шот - Аман Уалихан ҚР - ның қай рәмізінің авторлары /Елтаңба/
2. Әріптердің рет ретімен тізілген жиыны /алфавит, әліпби/
3. Әл - Каши ондық бөлшектер туралы қандай кітап жазды? / Арифметика кілті/
4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек / дұрыс бөлшек/
5. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді /радиус/
6. 1 сағатта неше минут бар? /60/
7. Ортақ бөлгіші 1 - ге тең сан /өзара жай сан/
8. Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған реттелген нұсқаулар жиыны /алгоритм/
9. Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы /сканер/
10. Paint графикалық редакторында түстер жиынтығы /палитра/
11. Ежелгі тас дәуірі қалай аталады? /палеолит/
12. Жердің Күнді бір рет айналып шығуынакететін уақыт /жыл/
13. Адамзаттың өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым. /археология/
14. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. /Ніл/
15. Жердің ауа қабаты қалай аталады? /атмосфера /
16. Ең кішкентай құс. /колибри/
17. Натурал сандар нешеден басталды? /1 - ден/
18. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? /Ньютон/
№3 - топқа арналған сұрақтар:
1. ҚР - ның жана Гимні қай жылдан бастап айтылып жүр? /2006ж/
2. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала /фонетика/
3. 1 тәулікте неше сағат бар? /24/
4. Нәрселерді санауда қолданылатын сандар /натурал/
5. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар /құрама сандар/
6. 369 саны 3 - ке бөліне ме? /иә/
7. Халықтардың әдет - ғұрып, салт - санасының дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. /этнография/
8. Андроновтықтардың тұрғын үйі неге ұқсас болды? /киіз үйге/
9. Араб тілінен аударғанда «Хижра» сөзінің мағынасы /көшу, қоныс аудару/
10. Күннің шығып, одан соң батып, ертесі қайтадан шыққанға дейінгі аралық қалай аталады? /тәулік/
11. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. /барометр/
12. Материктің ішіндегі тұйық сулы өлке. /көл/
13. Процессор мен жады компьтердің қай құрылғысында орналасқан? /жүйелік блок/
14. Paint графикалық редакторы терезесінде сызғыш бар ма? /жоқ/
15. Жиындарды көрнекі бейнелеу үшін не қолданылады? / Эйлер - Венн диаграммасы/
16. Шөлге төзімді жануар. /түйе/
17. Жердің тіршілік қабаты. /Биосфера/
18. Қай айда күн бар? /барлық/
Жүргізуші: Эксперттер топ жауаптарын бағалап, ІІ - тур қорытындысын шығарса. Енді «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. ІІІ турда әрбір топ таңдаған пәндері бойынша берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны - 50 эвро. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Қазақ тілі
Екі буынды екі сөздің бірінен – бірінің айырмашылығы – бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса құс аты болады егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса сан есім болады. Ол қандай сөздер? Жауабы: үкі; екі.
Математика. Аулада тұрған көліктердің: жеңіл машина, мотоцикл, велосипед дөңгелектерінің саны 10. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед бар? Жауабы: 1, 1, 2.
Қазақстан тарихы: Бұл тарихи - мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Жауабы: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі,Түркістан қаласы.
Жүргізуші: Енді топтардың жауаптарын тыңдайық, топ жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз. (Топтардың қорытынды капиталын жариялау)
№ 1 Тілі бар, үні жоқ.
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен./кітап/
№2 Он екі ақ парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап./дәптер/
№3 Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады./өшіргіш/

4 Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді./қалам/
№5 Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында./сызғыш/
№6 Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. /қарындаш/
№7 Күн - түн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық /күнтізбе/
№8 Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағанды айтады. /күнделік/
Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 жылы дамыған 50 елдің қатарына қосатын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 25 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!



Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің

«Шелек ауылындағы № 1 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«БІЛІМ БИРЖАСЫ»

зияткерлік ойыны


10 «Ә» сынып















Демеева.А.Б



Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің

«Шелек ауылындағы № 1 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Мұқағали –мәңгілік ғұмыр»

\Зерттеу сабағы\

10 «Ә» сынып















Демеева.А.Б




Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің

«Шелек ауылындағы № 1 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Отбасы құндылығы»

10 «Ә» сынып















Демеева.А.Б
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
769
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12