жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар 1сынып
1.Тапсырма
Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
Ұшып-қонып тынбайды,
Қанша ұрсаң да
сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды.
Үрлесең жеп-жеңіл, 
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң көк теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
Жұмбақтың шешуін қандай сөздер/сөйлемдер арқылы табуға болады?
Түсіндіріңіз.
Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.
2.Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады.
Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба
алмады. Әжесі Әлиядан:
- Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.
- Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан
шықпайды,- деді Әлия.
Балалар қайда келді?
Әжесі Әлиядан не сұрады?
Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсыз? Ойыңызбен
бөлісіңіз.
3.Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Тақырыбын оқыңыз. Сурет бойынша әңгіме
құрастырыңыз. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?
Қамқорлық
4.Тапсырма
Берілген өлең шумақтарын мұқият тыңдаңыз. Өлеңдегі сұрақтарға жауап
беріңіз.
Не деу керек?
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың,
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді?
5.Тапсырма
Диалогті мұқият тыңдаңыз.
Сенің атың кім?
Менің атым – Марат.
Сен неше жастасың?
Мен алты жастамын.
Сен ше?
....
Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы
досыңыздың анасының аты кім екенін;
отбасында неше адам бар екенін;
сүйікті ойыншығы қандай екенін;
қандай ойынды ұнататынын анықтаңыз.
6.Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі бар. Ол күнде
Айдарға ілесіп, мектепке барады. Айдар сабақтан шыққанша есіктің алдында
күтіп отырады.
Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды. Мойнақ сөмкені
тістеп алып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет жолдың шетінде жатқан
сүйекті байқап қалды. Ол сөмкені тастай салып, сүйекке жармасты. Айдар
бұған таңдана қарады.
Мәтін кім/не не туралы?
Мәтіннің қай бөлігінде күлкіңіз келді?
Мәтін сізге ұнады ма, ұнамады ма? Неліктен?
7.Тапсырма
Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.

8.Тапсырма
Суреттегі заттарды атаңыз. Сөзде неше дыбыс бар? Сөздегі дауысты
дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз және
атаңыз.

8.Тапсырма
Берілген сөз жұптарын мұқият тыңдаңыз. Не байқадыңыз? Өзгерген
дыбыстарды атаңыз. Сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
МАЛ - ТАЛ НАР – ШАР - ҚАР
АРА - ОРА ТӨЛ - КӨЛ - ШӨЛ
ТАҢ - ШАҢ САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ
Өзіңіз мысал келтіріп айтыңыз.
9. Тапсырма
Заттардың атауларын буынға бөліп айтыңыз. Сөзде неше буын бар? Сызбамен
көрсетіңіз.

10.Тапсырма
Берілген сызбаларға мұқият қараңыз. Суреттерді пайдаланып, сызба бойынша
сөз/сөйлем құрастырыңыз.


11. Тапсырма
Жұптық жұмыс. Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша бір-біріңізге сұрақ
қойыңыз және жауап беріңіз.

12.Тапсырма
Сөздерді оқыңыз және сәйкес суреттермен байланыстырып сызыңыз.
ша-на тау-лар та-ға нан қо-ша-қан пар-та

13.Тапсырма
Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады?
Сол әріпті қоршап сызыңыз.

13.Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген үлгіні жалғастыра отырып, мәтінге сурет
немесе сызбаның көмегімен жоспар құрыңыз.
Оқушылар мектепке келді. Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Анар
қаламын алды. Сапар сызғышын дайындады.
Мұғалім келді. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесті. Сабақ
басталды.
Мәтінге ат қойыңыз.
14.Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған бәріміз қуана
қатыстық. Маржан қуыршақтың суретін салды. Талғат тракторды бейнеледі.
Саят көтергіш кранның, ал Аяулым гүлдердің суретін салыпты. Мен
мектептің суретін салдым. Салған суреттерімізді сыныптың қабырғасына іліп
қойдық.
Суретшілер байқауына кім қандай сурет салды? Мәтіннің мазмұны
бойынша берілген сөздер мен
суреттерді байланыстырып сызыңыз.
Бос орынға әңгімелеуші баланың салған суретін салыңыз.
15.Тапсырма
Берілген әріптің жазылуына мұқият қараңыз. Жазу жолына суреттің атауын
жазыңыз.

16.Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Заттың атауына санын қосып айтыңыз. Төмендегі
кестені толтырыңыз.

17.Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Шарларда жазылған сөздерді суреттермен
сәйкестендіріп айтыңыз.
Суретке сүйене отырып, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз.
... оқушысың.
... дәптерім.

18.Тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемді сызба түрінде жазыңыз.
Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз.

1-тапсырма
Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңіз.

2-тапсырма
Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз.

10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазыңыз:
3-тапсырма
3 санынан кейінгі санды жазыңыз:
8 санының алдында тұратын санды жазыңыз
4- тапсырма
Үлкен доптарды және кіші доптарды санап, бос торкөздерге жазыңыз. Сандарды
салыстырыңыз.


5.Тапсырма
Берілген сандардың құрамын толықтырып жазыңыз.

6-тапсырма
Оң жақтағы және сол жақтағы балықтарды санаңыз. Барлығы нешеу? Өрнекті
жазыңыз.

7-тапсырма
Сурет бойынша азайту амалына өрнек құрастырып жазыңыз және түсіндіріңіз.

8.Тапсырма
Шамаларды өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңіз. Суреттің астына тиісті өлшем
бірлігін жазыңыз.

9-тапсырма
Кесіндінің ұзындығын өлшеңіз және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазыңыз.

10-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Күріштің массасын анықтаңыз және нәтижесін тиісті
өлшем бірлігімен жазыңыз.
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген