Материалдар / "Білім жолы-нұрлы жол" білім сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білім жолы-нұрлы жол" білім сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, өз ой-пікірлерін ашық әрі еркін жеткізе білуге баулу. Тіл мәдениетін сақтай білуге және сөз өнеріне баулу. Тәрбиелік мақсаты: туған тілін құрметтеуге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға, өзге тілдерді қастерлеуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2018
1907
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 18.10.2017ж.

Тақырыбы: «Білім жолы -нұрлы жол»

Білімділік мақсаты: оқушыларды өз халқын, туған жерін сүюге, қадірлеуге бағалап, мақтан етуге және ана сүтімен енген ана тілінің қалір-қасиетін терең түсінуге, әр өмірде еркін қолдана алуға тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл – қазақ тіл туралы ғұлама ойшылдар пікірлерін меңгерте отырып, өмірде ана тілінің атқаратын рөлі маңызды екенін үйрету. Туған тілінің қадірін білу, сол жолда аз еңбек ерлік істелмейтінін ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, өз ой-пікірлерін ашық әрі еркін жеткізе білуге баулу. Тіл мәдениетін сақтай білуге және сөз өнеріне баулу.

Тәрбиелік мақсаты: туған тілін құрметтеуге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға, өзге тілдерді қастерлеуге үйрету.

Түрі: білім сайысы

Көрнекілігі: АКТ, бейнебаяндар, домбыра, қазақша киімдер, шар, қима қағаздар.

Барысы: І. Кіріспе

ІІ. Тіл –ұлттық қазынамыз.

ІІІ. Бейнебаян.

IV. Ақын-жазушыларымыздың тіл туралы пікірлері.

V. Жоспармен таныстыру.

VI.Өлең –сөздің патшасы...

VII. Білгенге маржан ...

VIII. Білімді мыңды жығар...

IX. Өнер алды –қызыл тіл.

XI. Ойлы болсаң, тауып көр.

XII. Рефлексия.

Мұғалім сөзі: Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
                          Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
                          Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
                          Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер сендерсіңдер, құрметті оқушылар! Осыған орай 5-сыныптар арасында «Білім жолы –нұрлы жол» тақырыбында білім сайысын өткізгелі тұрмыз.

Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

                                  Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

                                  Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

                                  Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

                                 Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!– деп, ақын  ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол- достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.

           Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.  Ол – атадан  балаға мирас болып қалып  отыратын  баға жетпес мұра.

Күй «Балбырауын». Орындайтын Қолғанатов Ардақ.

  Мұғалім сөзі: "Тіл  туралы”  заңдағы  Қазақстан халқын топтастырудың  аса маңызды факторы  болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине  ұлттың  ең  бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы- тіл болып есептеледі. Сонымен  бірге  ұлттың  өмір сүруінің бірінші  шарты.  

Конституциямыздың  жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған "Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің  азаматтық  парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру.  Ол  тілдерді қолдану мен дамытудың  2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты.

Тіл-ұлттық қазынамыз, әдебиет, мәдениетіміз, намысымыз, байлығымыз, арымыз, достық көпіріміз, халықтың күре тамыры, қарым-қатынас құралымыз.

Алдымен сайысқа қатысушы оқушылардың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ — қазы алқасымен таныстырып алайық:

Сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.

  1. Өлең –сөздің патшасы...

  2. Білгенге маржан...

  3. Білімді мыңды жығар...

  4. Өнер алды- қызыл тіл.

  5. Ойлы болсаң, тауып көр.

  6. Рефлексия.

5-сыныптар оқушыларынан құралған «Тапқырлар» тобы мен «Алғырлар» тобы.

1-кезең бойынша екі топтан бір-бір оқушыдан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңін мәнерлеп айтады.

2-кезең: сұрақтарға жауап береді.

І топ: Тапқырлар

  1. Өнер алды не?

  2. Ең бірінші бақытым... халқым

  3. Үш биді ата

  4. Тілдің ең негізгі қызметі

  5. Ашу дұшпан... ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.

  6. Тіл туралы заң қашан қабылданды? 1989ж, 22 қыркүйекте

ІІ топ: Алғырлар

1. Сөз анасы не? ...

2. Ал екінші бақытым не? -

3. Құрғақ сөзінің антонимі-

4.Мұсұлмандардың қасиетті үйі

5. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?

6. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы не?

3-кезең: Білімді мыңды жығар кезеңі

Ұяшықты таңдайды, сұраққа жауап береді.

Алғырлар тобы

Сұрақ І кезеңі қазақ тілінен

1. Дыбыс деген не?

2.Ұлттық киімдерді ата

3.Асыл тастарды ата

4.Қазақ тілінің төл дыбысы нешеу?

5.Түркітілдес халықтарды ата

6. Әшекей бұйымдарды ата

7. Қара шаңырақ дегеніміз не?

8. Буын дегеніміз не?



ІІ кезеңі қазақ әдебиетінен

  1. Ертегілер дегеніміз не?

  2. Тазша баланың әкесінің аты?

  3. Қобыландыны кім тәрбиеледі? Естеміс

  4. Гипербола дегеніміз не?

5.Батырлар жыры дегеніміз не?

6.Кендебай жеңген үш кедергіні ата

7.Қобыландыға Тайбурылды кім берді?

8.Литота дегеніміз не?

4- кезең: Өнер алды-қызыл тіл. Постер қорғау

І топ: Ана тілі

ІІ топ. Білім

Сәйкестендіру тесті 2 топқа да беріледі.

Сәйкестендіру кестесі

Сөздер


жұрнақтар


досым

  • нікі


көрші

  • мен


Ерке

-стан


ғарыш

-жан


бал

-кер


өнер

-гер

әзіл


  • паз

Серік


-қой

Балғаз


-ов

Өзбек


  • ин

әсем


  • стан

Әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Полиглот

І топқа:

  1. ... оттан да ыстық (отан- родина-motherland )

  2. «Үш бақытым» атты өлеңінде ең бірінші бақыты не? (халық –народ- people)

ІІ топқа:

1.Туған жерге ... тік ( ту-флаг- Flag)

2.Ер қанаты - ... (ат, лощад- ноrse )



Рефлексия

Қорытынды сөз:

Білімдеріңмен күн сайын қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау — саламат болыңыздар!

Мен XXI - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген Ебасымыздың қорытынды сөзімен аяқтаймын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!