Білім жолындағы басты бағыттар
Білім мен тәрбие егіз. Қоғамымыздың болашағы дұрыс тәрбиеден басталады.Білім алушыны өмірдің барлық талаптарына дайындайтың алғашқы баспалдақ әрине мектеп. Бәсекеге қабілетті,алғыр,өздігінен шешім қабылдай алатын тұлға тәрбиелеу -бүгінгі күннің басты талабы.Қазіргі нарықтық экономикаға негізделген қоғамда жылдам өзгерістер мен талаптар тез өзгеруде .Осыдан сұраныс туындайды.Қоғамда туындаған мәселелерді шеше алатын білімді,сауатты, тапқыр әрі жан-жақты тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мұғалімдерге үлкен сын.Әрқашан бірінші кезекте тұратын мәселе.Тәрбиенің мақсаты мен міндеті осы қажеттіліктерге сүйенеді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдану,жеке тұлғаға,оның проблемаларына,мақсат-мүдделеріне және шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Ақпаратты қоғам дәуірінде білім мен тәрбиеге байланысты ұғымдар терең өзгерістерге ұшырады. Ақпаратты қабылдау оны өңдеп,өткізу сақтау толассыз жүзеге асуда.Бірінші кезекте жаңашыл мұғалім осы өзгеріс кезіндегі үдерістерге үнемі дайын болу керек.Білім алу барысында оқушылар проблемаларды өз беттерімен дербес шешетін,жаңаша сыни ойлай алатын,кең өрісті тұлға болып қалыптасу керек.Ол үшін мұғалім өз білімін кең көлемде жаңартып отырғаны жөн.Толыққанды болашақ қалыптастыру-оқу мен білімнің арқасында жан-жақты қамтылған ақпарат және технологиялар арқасында жүзеге асады.
Мектеп –жеке тұлғаның қалыптасатын алғашқы жері,Ол жеткіншектің білім мен машықтарын ,өмірдің алғашқы сабақтарын береді.Қоғамда өмір сүруге бейімдеу мен тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім беру мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.Оқушыға дұрыс бағдар беріп,үнемі қанаттандырып алға жетелеп отыру үшін ұстаздар жан-жақты ақпаратпен қамтылған,оқытудың тиімді әдістері мен технологиясымен қаруланған тұлға болуы тиіс.Уақыт жылдам,ақпараттар легі де еш толастамақ емес.Бүгінде еліміз үлкен сын,жаңа кезеңдер табалдырығында тұр.Даму жолына ерекше серпін беру үшін ұрпақ өте алғыр,заманауи білімге лайықты азамат болып қалыптасу қажет.Осы сұраныстарды қанағаттандыру жолында тынымсыз еңбек етіп өз уақытын аямай,өзгенің бақытын аялап жатқан ұстаздарға мықты жігер мен табандылық тілейміз.
.Мектеп ұстаздарының басты ұстанымдары білім мен тәрбие арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта мектеп қабырғасында өтетін әрбір сабақ ,әртүрлі іс-шаралар,мерекелік бағдарламалар тәрбие бағытында қоғамның жарқын болашағын қалыптастыруға ықпал етуге бағытталғаны жөн.Әрбір жасқа,шәкіртке ұлттық тәрбие мен ұлттық идеология әрдайым серік болуы керек.Уақыт сайын жаңалыққа жаны құмар ұстаздар мен алғыр да табанды шәкірттер қатары көбейе берсін дейміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім жолындағы басты бағыттар
Білім жолындағы басты бағыттар
Білім жолындағы басты бағыттар
Білім мен тәрбие егіз. Қоғамымыздың болашағы дұрыс тәрбиеден басталады.Білім алушыны өмірдің барлық талаптарына дайындайтың алғашқы баспалдақ әрине мектеп. Бәсекеге қабілетті,алғыр,өздігінен шешім қабылдай алатын тұлға тәрбиелеу -бүгінгі күннің басты талабы.Қазіргі нарықтық экономикаға негізделген қоғамда жылдам өзгерістер мен талаптар тез өзгеруде .Осыдан сұраныс туындайды.Қоғамда туындаған мәселелерді шеше алатын білімді,сауатты, тапқыр әрі жан-жақты тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мұғалімдерге үлкен сын.Әрқашан бірінші кезекте тұратын мәселе.Тәрбиенің мақсаты мен міндеті осы қажеттіліктерге сүйенеді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдану,жеке тұлғаға,оның проблемаларына,мақсат-мүдделеріне және шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Ақпаратты қоғам дәуірінде білім мен тәрбиеге байланысты ұғымдар терең өзгерістерге ұшырады. Ақпаратты қабылдау оны өңдеп,өткізу сақтау толассыз жүзеге асуда.Бірінші кезекте жаңашыл мұғалім осы өзгеріс кезіндегі үдерістерге үнемі дайын болу керек.Білім алу барысында оқушылар проблемаларды өз беттерімен дербес шешетін,жаңаша сыни ойлай алатын,кең өрісті тұлға болып қалыптасу керек.Ол үшін мұғалім өз білімін кең көлемде жаңартып отырғаны жөн.Толыққанды болашақ қалыптастыру-оқу мен білімнің арқасында жан-жақты қамтылған ақпарат және технологиялар арқасында жүзеге асады.
Мектеп –жеке тұлғаның қалыптасатын алғашқы жері,Ол жеткіншектің білім мен машықтарын ,өмірдің алғашқы сабақтарын береді.Қоғамда өмір сүруге бейімдеу мен тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім беру мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.Оқушыға дұрыс бағдар беріп,үнемі қанаттандырып алға жетелеп отыру үшін ұстаздар жан-жақты ақпаратпен қамтылған,оқытудың тиімді әдістері мен технологиясымен қаруланған тұлға болуы тиіс.Уақыт жылдам,ақпараттар легі де еш толастамақ емес.Бүгінде еліміз үлкен сын,жаңа кезеңдер табалдырығында тұр.Даму жолына ерекше серпін беру үшін ұрпақ өте алғыр,заманауи білімге лайықты азамат болып қалыптасу қажет.Осы сұраныстарды қанағаттандыру жолында тынымсыз еңбек етіп өз уақытын аямай,өзгенің бақытын аялап жатқан ұстаздарға мықты жігер мен табандылық тілейміз.
.Мектеп ұстаздарының басты ұстанымдары білім мен тәрбие арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта мектеп қабырғасында өтетін әрбір сабақ ,әртүрлі іс-шаралар,мерекелік бағдарламалар тәрбие бағытында қоғамның жарқын болашағын қалыптастыруға ықпал етуге бағытталғаны жөн.Әрбір жасқа,шәкіртке ұлттық тәрбие мен ұлттық идеология әрдайым серік болуы керек.Уақыт сайын жаңалыққа жаны құмар ұстаздар мен алғыр да табанды шәкірттер қатары көбейе берсін дейміз.
шағым қалдыра аласыз













