БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби
маман»
Кіріспе
Қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеті –
жан-жақты дамыған, адалдық пен парасаттылықты бойына сіңірген, елін
сүйетін, кәсіби әлеуеті жоғары тұлға қалыптастыру. 2025–2026 оқу
жылында бұл бағыт Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары
мен стратегиялық құжаттарына, соның ішінде «Мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға
арналған тұжырымдамасына» сәйкес жүзеге
асырылады.
Мақсат
-
Мектепке дейінгі балалардың зияткерлік, рухани және кәсіби бағыттағы әлеуетін дамыта отырып, болашақта қоғамға адал қызмет ететін тұлға қалыптастыру;
-
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы сапалы білім мен тәрбиені қамтамасыз ету;
-
Ата-аналармен серіктестік негізінде баланың жеке дамуын қолдау.
Міндеттер
-
Балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту арқылы адал азаматтық сапаларды қалыптастыру;
-
Әр баланың қызығушылығы мен бейімділігіне сай кәсіби бағдар негіздерін ойын, оқу, шығармашылық іс-әрекеттер арқылы дамыту;
-
Педагогтердің кәсіби даму деңгейін жетілдіру мақсатында үздіксіз әдістемелік қолдау көрсету, жаңашыл тәжірибелерді енгізу;
-
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру арқылы тәрбие мен білімнің тиімді байланысын қамтамасыз ету.
2025–2026 оқу жылының негізгі
ерекшеліктері
Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде келесі
бағыттар өзектендірілді:
-
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды сыныптарда қауіпсіз әрі қолайлы орта құру.
-
«Тілге бойлау» бағдарламасын енгізу – өзге тілде оқытатын топтарда қазақ тілін үйрету жұмысын жүйелі жүргізу.
-
«Жасыл балабақша» жобасы – экологиялық білім беру мен табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.
-
Ата-аналарға арналған консультациялық пункттерді жетілдіру – «Тәрбие бесігі» жобасы аясында ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсету.
-
«Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын қолдану – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі педагогикалық мәдениетін арттыру.
-
Құзыреттілік орталықтарының жұмысын жетілдіру – ауылдық және жеке балабақшалардың дамуын қолдау, үздік тәжірибелерді тарату.
-
Мобильді топтарды дамыту – әдістемелік қолдау көрсету үшін өңірлер арасында тәжірибе алмасуды күшейту.
-
«Балақайлар мектебі» бағдарламасы – жазғы кезеңде мектепалды даярлықпен қамтылмаған балаларға қысқа мерзімді дайындық ұйымдастыру.
Негізгі бөлім
-
Адал азамат тұлғасын қалыптастыру
Адалдық, әділдік, жауапкершілік – тұлғаның ең басты қасиеттерінің бірі. Мектепке дейінгі жаста бұл құндылықтар баланың күнделікті іс-әрекетінде – ойын, еңбек, қарым-қатынас барысында қалыптасады. «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында:
-
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында патриоттық әндер, өлеңдер үйретіледі;
-
«Туған жерім – тұғырым» тақырыбында әңгімелер, сурет көрмелері, саяхат сабақтары өткізіледі;
-
Табиғатты қорғау бойынша «Жасыл балабақша» акциясы ұйымдастырылады, гүл егу, ағаш отырғызу, қалдықтарды сұрыптау дағдылары қалыптастырылады.
2. Кәсіби бағдар беру
жұмысы
Ерте жастағы кәсіптік бағдар – баланың қызығушылығы мен
бейімділігін анықтаудың алғашқы баспалдағы. Сюжетті-рөлдік ойындар
арқылы балалар әртүрлі мамандықтармен танысады.
Мысалы:
-
«Шеберхана» – құрылысшы, ағаш шебері, суретші рөлдері;
-
«Телестудия» – тілші, режиссер, оператор рөлдері;
-
«Наубайхана» – аспаз, сатушы рөлдері.
Бұл ойындар балалардың еңбекке құрметпен қарауын, бір-біріне көмектесуді үйретеді.
3. Педагогтердің кәсіби
құзыреттілігін арттыру
Сапалы тәрбие – білікті педагог еңбегінің
нәтижесі. Сондықтан педагогтерді:
-
Құзыреттілік орталықтарында тәжірибе алмасу;
-
Мобильді топтардың әдістемелік қолдауына қатысу;
-
Онлайн және оффлайн семинарлар, шеберлік сыныптарына қатысу арқылы дамыту маңызды.
Педагог өз жұмысында инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды тиімді қолдануы тиіс.
4. Ата-анамен
серіктестік
Балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы бала дамуына ең тиімді
әсер етеді. Ол үшін:
-
Консультациялық пункттер арқылы ата-аналарға әдістемелік, психологиялық кеңес беру;
-
«Тәрбие бесігі» жобасы аясында отбасы құндылықтарын дәріптеу;
-
«Беске дейін үлгер» қосымшасы арқылы ата-ананың педагогикалық мәдениетін көтеру;
-
Ортақ іс-шаралар: мерекелер, көрмелер, спорттық жарыстар ұйымдастыру.
Қорытынды
«Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» бағыты – еліміздің болашағын қалыптастыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.
-
Балалар – зияткерлік, рухани және кәсіби тұрғыда дамиды;
-
Педагогтер – кәсіби шеберлігін арттырады, заманауи әдістерді қолданады;
-
Ата-аналар – баланың тәрбиесіне белсенді араласады, педагогикалық мәдениетін жетілдіреді.
2025–2026 оқу жылының негізгі ерекшеліктерін жүйелі іске асыру – әр балабақша ұжымының басты міндеті. Біз тек білімді ғана емес, рухани бай, адал, елін сүйетін, еңбекқор болашақ азамат тәрбиелесек – онда еңбегіміздің жемісі мол болмақ.
2025–2026 оқу жылындағы «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» бағыты – еліміздің болашақ дамуы үшін маңызды стратегиялық міндет.
-
Бұл бағыт арқылы балалардың зияткерлік, рухани және кәсіби әлеуеті артады;
-
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігі күшейеді, жаңа әдістемелер енгізіледі;
-
Ата-аналардың тәрбиелеу процесіне белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі мақсаты – тек білімді емес, сонымен қатар елжанды, адал, еңбексүйгіш болашақ азамат тәрбиелеу. Бірлескен еңбектің нәтижесінде біз қоғамның дамуына үлес қосатын, елінің абыройын асқақтататын ұрпақ өсіре аламыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білім келешегі "адал азамат- кәсіби маман"

шағым қалдыра аласыз