Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім көзі - кітапта

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 10 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі пәні бойынша "Білім көзі-кітапта" тақырыбында жазылған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: V бөлім. Білім. Ғылым. Иновация.

Мектеп: «Қасымбек ауылындағы орта мектеп» КММ

Күні:25.09.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Утебаева Ж.К.

Сынып:10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Білім көзі - кітапта


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу.

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.


Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады:


Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын біледі, белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана біледі..

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:


Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын нақты қолданады, белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктейді, талғаммен түрлендіріп, қолдана біледі.


Кейбір оқушылар орындай алады:

Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктейді, түрлендіреді, талғаммен қолданады, өз көзқарасын білдіреді.

Бағалау критерйиі

Мәтін мазмұнын түсінеді;

Сұрақтарға жауап береді;

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;

Мәтін үзінділерінен сөздерді іріктеп, түрлендіреді;

Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Кітапхана, жылжымалы кітапхана, Мэриленд штаты, Отырар кітапханасы, автобус-кітапхана, кітапқұмар адамдар, Александрия кітапханасы

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Кітапты қаншалықты жиі оқисыз?

Соңғы оқыған кітабың қандай?

Қандай кітаптарды оқуға кеңес бересіз?

Отбасы мүшелерінен ең көп кітап оқитын кім?

Қазіргі қоғамда кітаптың орнын не алмастыра алады?

Кітап оқу маңызды ма?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары: еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы


Тақырып бойынша алдыңғы білім

Әлемнің әйгілі кітапханалары туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин

1.Жағымды ынтымақтастық орта орнату:

«Мадақтау» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне мақтау мен комплимент айтады. Мысалы: «Маған сенімен бірге бір топта жұмыс жасаған ұнайды», «Мен сені шыншылдығың үшін сыйлаймын», «Сен ақылдысың» т.б.




2.Топқа бөлу.

«Қағаз қиындылары» әдісі

Бірнеше ақ парақтарды топ құрамындағы оқушылар саны бойынша жыртып, оларды араластырып, оларды оқушыларға таратып береміз. Оқушылар қиындылардан бүтін құрап, сол бойынша топ құрайды. («Кітап», «Қалам», «Қағаз»)

3. Оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру:

10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу.

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.


Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер 167-бет


Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану-78 бет.

Сабақтың ортасы

30 мин

1-тапсырма. Оқылым алдындағы тапсырма.

«Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп, оқылым тапсырмасына көшеді.

  • Кітапты қаншалықты жиі оқисыз?

  • Соңғы оқыған кітабың қандай?

  • Қандай кітаптарды оқуға кеңес бересіз?

  • Отбасы мүшелерінен ең көп кітап оқитын кім?

  • Қазіргі қоғамда кітаптың орнын не алмастыра алады?

  • Кітап оқу маңызды ма?

ҚБ. «Мадақтау» арқылы оқушыларды бағалаймын.



2-тапсырма. Оқылым тапсырмасы

Оқушыларға «Кітапхана-ғажайыптар мекені» , «Отырар кітапханасы» деген екі мәтін беріледі. Оқушылар мәтінді «Венн диаграммасына» салып, талдайды. Екі мәтінді салыстырып, құрылымы, рәсімделуі және жанрлық ерекшелігін анықтайды.


Дескриптор:

-екі мәтіннің айырмайырмашылығын анықтайды;

-екі мәтіннің ұқсастығын табады;

-екі мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды.


ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.



3-тапсырма. Оқылымнан кейінгі тапсырма. «Жалғасын тап» әдісі арқылы мақалдардың жалғасын табу

Оқу-білім бұлағы, ...

Күш-білімде, ....

Наданмен дос болғанша, ....

Кітап - көзі жұмыққа арзан,...

Білім іздеген озар, ...


Дескриптор:

-Мақалдың жалғасын табады;

-Мақалға байланысты өз пікірін айтады.

-Өз пікірін дәлелдейді.

ҚБ . «Бағдаршам» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды




4-тапсырма. Топтарға «Кітап оқудың пайдасы неде?» мәтіні беріледі. Топтар мәтінді «Балық қаңқасына» салып, талдайды.


Кітап оқудың пайдасы неде? Неге кейбір адамдар оқуды әлі де жалғастыруда, тек демалу немесе бос уақытты өткізу үшін ғана емес шығар?

Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады дегендей. Ал тағы бір кітап оқудың маңызды жағы…:Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады. Оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады. Мысалы бір классиктің шығармасын оқысаң-ақ болды, бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ.

Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың.

Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады.

Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде. Урсула Ленз — егде адамдармен жұмыс жасайтын Федеральды біріккен ұйымның қызметкері былай дейді: «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден, оқу ойын жинақтауға көмектеседі. Сондықтан оқудың қартайғанда да белсенді ақыл-ойды сақтап қалуға пайдасы бар екен».
Сонымен келтірілген дәлелдер арқылы, сіздерді кітапты ең жақын досы етеді деп үміттенеміз. 


Дескриптор:

-Мәтін көтерілген мәселенің себептерін айтады.

-Келтірілген себептерге дәлелдер ұсынады.

- Ойларын қорытындылай келе, өз пікірлерін білдіреді.


ҚБ.Дескриптор арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

Оқыту мен оқудың белсенді әдістері – 42 бет






























Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«Күн көзі»

Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтада салынған күннің суретіне барып жапсырады. Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып, сабаққа қорытынды жасалынды.




Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. 178-бет

Қосымша ақпараттар


Саралау – Сіз қандай

тəсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз? Сіз басқаларға

қарағанда қабілетті

оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

-Смарт форматында құрылған.

- Саралау

тапсырмасын сабақтың өн

бойында қолданып отырамын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
1924
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12