400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары мұғаліәмдерге арнлған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім күніне арналған тәрбие сағаты


Сабақ тақырыбы: Мен – кішкентай патриотпын

Мұғалімнің аты-жөні: Капанова Ж


Күні: 01.09. 2018 жыл

СЫНЫП: 2 а


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: ел рәміздерін атай алады, Астана туралы айта біледі. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Патриотизм туралы түсініктері кеңейеді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Сабаққа қатысты қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Патриот болу, білім алу, Астана жүрегімде, ел рәміздері, білім, Отан, туған жер туралы мақалдар

Ресурстар

суреттер, және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, көркем еңбек, әдебиеттік оқу, дүниетану.

Алдыңғы оқу

Өздері білетін өлеңдерді оқу

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау арқылы ашылады.

Ұйымдастыру кезеңі

БІЛІМ АЛУ – Қазақстанның әр азаматы тегін алатын әркімнің міндеті мен борышы.

Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. 15-бап

ПАТРИОТ - өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін атап өту.

ПАТРИОТИЗМ ген арқылы қаланбайды, бұл - жеке тұлға, азамат, патриот ретінде өзін-өзі білдіру, мемлекет өміріне белсене қатысу арқылы барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Өзім туралы» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б








«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар тыңдайды және өз ойымен толықтырып әңгімелейді:

Астана-Отанымыздың елордасы. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен 1998 жылы қала Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды.Қаланың ортасынан Есіл өзені өтеді. Астана тез өсіп дамып келеді.Ол –еліміздің мақтанышы. «Астана-Бәйтерек » кешені –Астананың символы.Оның ең жоғары қабатына шығып қарасаң , жас әрі жаңа Астананың керемет көркін тамашалайсың






Оқулық,

мәтіндер.





Ортасы

10 минут




Қолдану

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.


«Менің Отаным-Қазақстан» слайд көрсету.

Сергіту сәті

2 минут

Ән : «Мен елімнің ұланы»

барлығы орындайды


Оқушылар ән айтып сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

Түрлі дереккөзден ақпарат алу

Қазақстан картасымен жұмыс .

Талдау жұмысы.

1.Бұл не?

2.Батыс, шығыс ,солтүстік, оңтүстікті көрсет.

3.Елордамыз Астананы көрсет.

4.Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Аягөз қаласын көрсет.

5.Хантәңірі шыңын көрсет.

6.Есіл өзені қай қалада орналасқан.

7. Еліміздің жер аумағы туралы білесің бе?


Балалар, сонымен сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама бере алдыңдар. Яғни, Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Әдеби монтаж:

1-оқушы Туған ел- Қазақстан арайлы. Бүгін саған әлем түгел қарайды. Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.

2-оқушы Арайлы азаттықтың нұрын құшқан, Шолпандай жарқыраған күншығыстан. Тәуелсіз Қазақстан – туған елім, Досы көп, бата алмайды бір де дұшпан.

3- оқушы

Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек баладағы ең кіші. Рәміздерім -Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

4 -оқушы

Қазақ тілді - ана тіл деп атаудың себебі- Анасындай қастерлесін дегені. Өз анасындай сыйлайтұғын әр адам, Өз тілін де құрмет тұтып келеді.

5-оқушы

Қазақстан, кең байтақ өлкем менің, Талай кезең артта қап өркендедің. Отан сүйер ұланның бауырында, Дарқан елім, кең жерім көркей менің!

6-оқушы Туған елдің жырын жырлап ғарыштан, Қазағыммен бүкіл әлем танысқан. Келешегі кең өрісті, кемелді. Жайна мәңгі – Қазақстан -Гүлстан

7-оқушы

Жақсы арманның жалғасы, Мұнанда биік самғашы, Тәуелсіз Қазақстаным! Қанат қақ биік талмашы.

8-оқушы Біз жас ұлан –Отан өркені, Үміт артқан болашағы ертеңі, Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені

9-оқушы:

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған ”Отан” деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан,Отан

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілкке сүйіп өтем ...

10 оқушы

Жаңа ғана Қазағымның таңы атты

Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты

Әр отбасы ,әрбір қазақ,әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

11 оқушы

Көз қуанып,күн сайын көркеміне

Көңіліміз сенеді ертеңіне

Қазақстан-алып ел,төрі-астан

Тағзым ғана лайық ел төріне!


Білім, Отан, туған жер туралы мақалдар айту.




ҚР картасы




Суреттермен

жұмыс

Бағалау


5 минут


Кері байланыс

3 минут

«Табан іздері» сабақтан алған әсері мен білімдерін көрсетеді.

Патриотқа тән қасиет


Патриот емес адамның қасиеті

Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан)

Болжамды жауаптар:

жауапкершілік;

әділеттілік;

төзімділік;

адалдық;

батылдылық;

шыдамдылық;

ризашылдық;

зейінділік.


Болжамды жауаптар:

өзі өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;

жауапсыздық;

отбасы алдындағы борыштың болмауы;

берекесіздік;

бағдарсыздық (өз елі туралы дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе жасамайды);

арамтамақтық, жұмыс істегісі келмеу;

Отанға деген сүйіспеншіліктің болмауы.



Кері байланыс парағы.


Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.03.2019
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі