білім күні арналған сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

білім күні арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
білім күніне арналған дайын сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

2025 – 2026 оқу жылының

1 – қыркүйек Білім күніне арналған

«Мектебім мейірім мекені» салтанатты жиыны



Барысы:

Кезеңі/Уақыты

Жүргізушінің іс-әрекеті

Қатысушының іс-әрекеті


2 мин 30 сек

Хабарлаусыз «Рух» әні орындалады.

Ашылуы

2 мин

1 жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Қадірлі ата – аналар! Алғашқы қоңырау салтанатты жиынына арнайы келіп отырған қонақтар,  Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен және білім күнімен құттықтаймыз!


2 жүргізуші:

2025-2026 оқу жылы «Мектебім – мейірім мекені!» ұранымен республикамыздың барлық мектептерінде басталғалы отыр. Биылғы оқу жылында оқушыларды арнайы дайындалған «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбиелейтін боламыз.


1 жүргізуші:

Бұл бағдарламаның басты мақсаты — елдегі барлық балаларды қамтитын және жалпыұлттық сипаттағы тәрбие мен білім беру жүйесін қалыптастыру. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы балаларды адалдық, патриотизм және қоғамға пайдалы болу сынды құндылықтарды бойларына сіңіру мақсатында әзірленген.


2 жүргізуші:

Мектеп, ұстаз, ата-аналар бірлесе Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейтін боламыз.


1 жүргізуші:

Тамыз айында Ұлы қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толса, 2025-2026 оқу жылында Ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл, Халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл, Жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл, зерттеуші-ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл және тағы да басқа атаулы мерекелер аталып өтіледі.

1-сынып оқушыларын

қарсы алу

1 жүргізуші:

Сол айтулы мерекелер қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ.

2 жүргізуші:

Ендеше, ортаға 1 сынып оқушыларын шақырамыз.


(1 сынып оқушыларын қарсылау) 2 мин


1 жүргізуші:

1 а сыныбы, жетекшісі Тойлыбайқызы Нұрсұлу. Тәжірибелі, білікті ұстаз.


2 жүргізуші:

1 ә сыныбы, жетекшісі Амыреқызы Ақжарқын, Тәжірибелі, білікті ұстаз.

(Гимн) 2 мин


1 жүргізуші:

- Сап, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!

Директор сөзі

7 мин

2 жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Мектебім-мейірім мекені» атты Білім күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!


1 жүргізуші:

Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Исаева Күлайна Әліқұлқызына беріледі.

Ән

3 мин 45 сек

2 жүргізуші: 1 А сынып

Ән: «Мектебім». Орындайтындар Асылым

Қойылым Елімнің ертеңімін, еркесімін

1 сыныптың композициясы

5 минут

1 жүргізуші:

Ендеше, бүгінгі жиынымыздың басты кейіпкерлері, мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, қолдарына әліппе оқулығын алғалы отырған бүлдіршіндерімізге сөз кезегін берейік!


1 оқушы:

Ақ бантик тағып шашыма,

Артыма сөмке асына.

Мектепке кетіп барамын,

Білімге қарай асыға.


2 оқушы:

Ұстазым онда бар менің,

Үйретер әліппе әлемін.

Тәлімнің болған бастауы,

Мұғалім қандай әдемі!


3 оқушы:

Мектепке келдім анаммен,

Оқушы болдым, алақай!

Тәртіпті, таза жүретін,

Боламын жақсы балақай!


4 оқушы:

Әріпті түгел танимын,

Қорықпаймын мүлде оқудан.

Мектеппен бірге алдымнан

Жетістік мені тосуда.


5 оқушы:

Мен оқушы болғанда,

Сенімді артқан ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлемді шарлап таппаймын!


6 оқушы:

Мен оқушы боламын,

Оқып, білім аламын.

Алтын ұям өзіңе,

Арналады бал әнім.


«Әліппе» биі. 1 «Ә» сынып оқушылары


1 А «Оқуда озат боламын» әнімен Ержігіт пен Бауыржанды қарсы алыңыздар



2 жүргізуші:

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп.

Би: «Қоңырау» 1а сынып

1 жүргізуші:

Қадамдарыңыз құтты болсын, балақайлар!

Қоңырау соғу рәсімі

2 жүргізуші:

Құрметті қауым, бүгінгі салтанатты жиында алғашқы қоңырау соғу құрметі былтырғы оқу жылының үздік оқушысы Абдуламит Санжар және мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндеріміз Нұрлыхан Раяна, Әлиасқар Нұрсая, Нұрлан Раяна, Сапарбек Асылым беріледі.


2 Ә-сынып оқушысы Абдугани Айару Сыңғырла күміс қоңырау


3 А-сынып оқушылары үнді биі

3 Ә-сынып оқушысы Жарқынбай Нұрсая Кел балалар оқылық


Соңы

(Қорытынды бөлім)


1 жүргізуші:

Қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді. Осы ретте біздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады». Жаңа оқу жылы толағай табыс пен жетістіктер әкелсін!


2 жүргізуші:

Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өз мәресіне жетті. Жаңа 2025-2026 оқу жылы баршаңызға құтты болсын!





























«Жетісай ауданындағы «Сырдария» мектеп-лицейі» ЖШС















2025 – 2026 оқу жылының

1 – қыркүйек Білім күніне арналған

«Мектебім мейірім мекені» салтанатты жиыны




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі