400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім күні мереке

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім күні меркесіне орай,балабақшадағы мерекелік іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape3

18 «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасы

Shape2

Білім күні мереке







Shape1


Тобы: «Балдырған» ересектер


Тәрбиеші: Жолжанова Г.Б



Білім күні мереке!

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту.

Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.


Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді. Ортада жүргізуші 5 - 6 бала қалады:

1 - бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!

2 - бала: Себебі бүгін мереке ғой!....

3 - бала: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні!

4 - бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді.........

5 - бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?

Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?


1 - бала: Кеттік онда! (Ортаға тақпақ айтатын басқа балалар ауысып тұрады)

Айсұлтан

Өмірдің бейбіт бағы бұл,

Асудан асып асқарлы

Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.

Аружан

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай мәпелеп,

Өсіруде бақшамыз.

Алпамыс

Бұл - екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз - осы үйдің гүліміз

Біз - осы үйдің сәніміз.

Асылхан

Егемен елдің төсінде,

Шуағын шашқан арай күн

Азамат болып өсеміз

Қызыға әлем қарайтын.

Ақтоты

Биіктерге бастайтын асқаралы

Әр жүректің сүйікті, асқақ әні

Мерекеде бәріміз бір дауыспен

Шырқайық еліміздің әнұранын!


ҚР Мемлекеттік әнұраны


Айару

Бүкіл елде басталып бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.

Білім - ғылым бастауы, мерекелі

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

Жүргізуші:

Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны

Ауламыздың келісіп тұр бар сәні

1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен

Құттықтайды меңгеруші баршаны!

Сүйікті апайымыз -Алия апайға құрметті сөз кезегін ұсынамыз!


Құттықтау сөз


Айжұлдыз

Мерекемізді апайларға арнап әсем әнмен жалғайық.

Риза етіп баршаны

Әсем әнге саламыз

Таудан биік талабы

Біз - сүйкімді баламыз!


Ән «Сүйкімді баламыз» муз: Б. Жұмабекова


Жеке ән «Жас дәуірдің түлегіміз» муз: И. Нүсіпбаев

Жүргізуші:

Балалар, бүгін бізде Білім күнінен басқа қандай мерекені тойлап жатырмыз? Кім біледі?

Ата Заң күні!

Ата Заң мерекесіне де біз арнайы тақпақтар жаттадық, тыңдап көріңіз.

Ислам

Ата заңым - тірегім

Арман, үміт, тілегім

Өрлеп, өскен бүгінгі -

Өз Отаным, ұлы елім!

Айым

Ата заңым - бірлігім

Берекелі іс, тірлігім

Елдің ырыс, бақыты

Бейбітшілік, нұрлы күн!

Күншығар

Ата заңым – қуатым

Сенім, мақсат, мұратым

Мақтанышым, көк туым

Көкте шалқып тұратын!

Қазақстан - ұлы елім

Әнге қосам өр атын!


Хор: «Мақтаным - Қазақстаным» муз: А. Еспенбетова


Алтынай

Біз – еліміздің жас өркеніміз,

Желді керген желкеніміз,

Желбіретер көкте туын

Біз - еліміздің ертеңіміз!

Би «Ерке балалар биі»


Анель

Шырылдаған тыным алмай

Қоңыраудың үні қандай!

Мақсатына жете ме адам

Оқу оқып, білім алмай?!

Ғылымның көп тас қамалы

Ғалымдық та асқаралы

Бар білімнің нұр бастауы -

Балабақшадан басталады!


Жеке ән «Балабақша »


Нұрберген

Білім - менің ертеңім

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу - айдында

Жайып білім желкенін


Сезім

Қиындықтан өтуге

Армандарға жетуге

Білім алам ерінбей

Еліме қызмет етуге!


Нұрсезім

Ғылымның көп тас қамалы

Ғалымдық та асқаралы

Бар білімнің нұр бастауы -

Балабақшадан басталады!


Айәділ

Бұл - екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің сәніміз,

Біз осы үйдің гүліміз.


Жүргізуші:

Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының

алғашқы оқу іс - әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық.

Шаршамай – талмай білім теңізіне сүңгиік!

Биіктерді бағындырудан жалықпайық!

























Рисунок 4 Рисунок 2

Рисунок 10 Рисунок 6 Рисунок 8 Рисунок 11




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
02.08.2023
303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі