400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім күні сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-ұйымдастырушыға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сәлем саған, алтын ұя мектебім » 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі


Өткізілетін уақыты: 01.09.2018 жыл

Басталу уақыты: 9:00

Өткізілетін орны: мектеп ауласы

Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі- түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре-беріс жерін шармен безендіру.

Орналасуы: Мектеп алаңында сағат 09:00-ге дейін оқушылар сапқа тұрғызылады. Фанфар ойнайды. АӘД пәнінің жетекшісі сапқа тұрғызады.


Жүргізуші: Жиып алып балғын шәкірт достарды,
Салтанатты сәтке бөлеп жас жанды.
Мектептердің қоңырауы қағылып,
Тағы, міне, білім күні басталды!

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер!
Ғасырың бар тоса қояр сынағын,
Соны игерсең, заманыңа ұнадың.
Білім күні құтты болсын, шәкірттер!
Білім күні құтты болсын, Мұғалім!


Жүргізуші: Киімі де, сөмкесі де көркем-ді,
Білім жолда арманы асқақ желкен-ді.
Мектебіне бара жатыр ұлтыңның
Әлиханы, Ахметі ертеңгі.

Бүгінгі алғаш мектеп табалдырығын аттап, қоғырау үнін естігелі тұрған 1-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. 1 «А» сыныбы. Сынып жетекшісі Исаева Гүлнар Юсупқызы. 1 «Б» сыныбы. Сынып жетекшісі Есенбаева Мадина Ақылбайқызы. Көкдала бастауыш мектебінің 1-сыныбы. Сынып жетекшісі Түндікбаева Зоя Теңізбайқызы


ҚР Мемлекеттік туы енгізіледі. ГИМН ойналады.


Жүргізуші: Бүгін білім күніне арналған «Сәлем саған, алтын ұя мектебім» салтанатты жиынымызға қатысып отырған құрметті қонақтармен таныс болыңыздар!

  1. Ақсеңгір сеолық округінің әкімі Ержан Әбдікерімұлы Қасымшалов

  2. _________________________________________________________

Және мектебімізде көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ардагер ұстаздарымыз.




Жүргізуші: Астананың 20 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты. Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді – келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық.


Жүргізуші: Биылғы білім күні жылдағыдан ерекше. Мектебіміздің құрылғанына 60 жыл. Яғни, Алпысыншы алғашқы мектеп табалдырығын бүлдіршіндер аттағалы тұр. 60-сыншы түлектер 2018-2019 оқу жылын аяқтайды. Мектебіміздің жаңа ғимаратына 1 жыл. Биылғы жыл айтулы мерекелерге толы болмақ.

Жүргізуші:Білім қымбат, оны жұрттар біледі,
Жетелейтін ұстаз соған үнемі.
Шәкіртімен достарындай сырласқан,
Сенсің, Ұстаз, мектебіңнің жүрегі.

Құттықтау сөз Ақсеңгір орта мектебінің директоры Ертай Арыстанбекұлы Курумбаевқа беріледі.


Жүргізуші: Басталғанда білім жолдың асқары,
Қадамдарын үлкендер де қостады.
Олар үшін соғылса алғаш қоңырау,
Сол қоңырау - келешектің бастауы.

Алғашқы құттықтау сөз Ақсеңгір ауылдық округінің әкімі Ержан Әбдікерімұлы Қасымшаловқа беріледі


Жүргізуші: Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты.

Құрманхан Зылиханың орындауындағы «Ару қалам-Астана» әнін қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Ұл-қызым деп ана ұйқысы сан қашты,
Бесік тербеп, күн мен түні алмасты.
Солар үшін алдағы үлкен өмірдің
Соғылады қоңырауы алғашқы.


Мектеп табалдырығын алғашқы аттағалы тұрған бал тілді бүлдіршіндерімізідің құттықтауын қабыл алыңыздар!

(1-сынып оқушыларының тақпақтары)


Жүргізуші: Өткен дәуір көрсең де өмір бұрқағын,
Талай мәрте жеңіс жырын шырқадың.
Білім жолға бет түзеді, міне, енді
Санасы да, ойы да азат ұрпағың.

11-сынып оқушыларының 1-сынып табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерімізге деген сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер!


Жүргізуші: Шәкірт бойда болады әр кез сан қылық,
Солар барда, болашаққа жанды үміт.
"Апай, апай, мен айтайын!" деген үн,
Тұрады енді сыныптарда жаңғырып

Құтықтау сөз кезегі 1-сынып жетекшілері атынан Исаева Гүлнар Юсупқызы беріледі


Жүргізуші: Бөбегінің оятса ана талғамын,
Тілейді енді жақсы шәкірт болғанын.
Сол бөбектер алып бара жатқандай
Өз ұлтының жалау етіп арманын.

Құттықтау сөз 1- сынып ата-аналары атынан Исаева Ләззат Баймұханқызы


Жүргізуші: Қосылсыншы білім атты сырға сыр,
Өзгерсе де уақыт атты жыл, ғасыр.
Білім жалғар дәуірлердің арасын,
Білімдіні ұнатады бұл ғасыр.

Мектеп оқушыларының орындауындағы халық биі «Қара жорғаны» қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу салтанаты 11-сынып оқушылары Элдосұлы Тамерлан мен Жақаш Сандуғаш,1-сынып оқушылары Абуова Аяла мен Тұрғанбек Ілиясқа беріледі.


АӘД пәнінің жетекшісі команда береді. Ту шығарылады


Жүргізуші: 2018-2019 оқу жылының басталуы құтты болсын! Осымен бүгінгі «Сәлем саған, алтын ұя мектебім» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны аяқталды. Жаңа оқу жылы баршаңызда шығармашылық табыс пен жетістіктерге толы болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі