«1
қыркүйек – Білім күні»
Мақсаты:
Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында
түсінік беру.
Өз туған елдеріне, жерлеріне,
балабақшасына сүйіспеншілікке
тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге
үйрету.
Көрнекі-құралдар: білім
күніне арналған
оқу құралдары,
ойыншықтар. суреттер.
Жүргізуші:
Жаңа қадам жасадым,
Қош боп тұр, бесігім.
Мен қуанып ашамын,
Балабақша есігін.
-
Құрметті әріптестер! Қымбатты балалар!
- Сіздерді бүгінгі жарқын д,а
қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1-қыркүйек барша халықтың дәстүрлі
мерекесі!
Мектептерде, балабақшаларда,
басқа да білім беру мекемелерінде тұңғыш қоңырау соғылады, сабақтар
басталады.
Бүкіл елде басталып, бүгін
жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім — ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
(шапалақ).
Жүргізуші:Қоңырауды
соғады.
Ән: «Балабақшам
арайлым»
Жүргізуші:
Қыркүйектің бірінде,
Кеудем толы дірілге,
Құлақ түйем елеңдеп,
«Бақша» деген бір үнге.
Тақпақтар:5
Өсті міне
бойымыз,
Өсті міне
ойымыз.
Қуанышқа
ортақпыз,
Құтты болсын
тойымыз.
Білім күні, біл мұны
–
Ойға сәуле
шашады.
Баршамызға бұл
күні,
Мектеп есік
ашады.
Сергіп бойың,
ой-санаң,
Үш ай жазда
демалып.
Сен келесің
қайтадан,
Мектебіңе
оралып.
Жүргізуші:
Өнер қуған
жасынан
Өнері судай
тасыған,
Келесі біздің
бишілер
Көрінген көштің
басынан.
Би: «Қазақша
би»
Тақпақтар:6
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Оқысаңыз,
балалар,
Шамнан шырақ
жағылар,
Тілегенің
алдыңнан
Іздемей-ақ
табылар.
Жүргізуші:
Ән:
«Ұстазым»
Тақпақтар:9
Мектепке енді
барамыз,
Біз оқушы
боламыз.
Жақсы оқып
сабақты,
Кілең бестік
аламыз.
Спанч боб
кіреді:
-Саламатсыздар ма
балалар,Ұстаздар.
- Білім күні құтты
болсын!
Жүргізуші:Сәлеметсің бе, Спанч
боб,қолыңдағы не зат?
Спанч
боб: бұл қоржын,мен де білім алғым
келеді, оқуға керек-жарағымды дайындап келдім.Дұрыс,дұрыс емес
екенін білмеймін.
Жүргізуші:
- Балалар,онда оған жәрдем
беруге қалай қарайсыңдар,көмектесеміз
бе?
Балалар:
-Ия,әрине.
Ойын: «Ғажайып қоржын»
Мақсаты:ғажайып қоржынның ішінен
бірнеше заттар, ойыншықтар,оқу құралдары бар.Сол заттардың ішінен
оқу құралдарының бірі бөлек,ойыншықтарды бір бөлек жинап алу
керек.(балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып,бөлек
жинайды)
Жүргізуші:
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы —
Балабақшадан басталады!
Флешмоб
Жүргізуші:
Міне, балалар, осы күннен
бастап біз күнделікті білім алу жолында
Мереке тағы да құтты
болсын!
Қоңырау үнімен жаңа оқу жылын
бастайық.
Шаршамай – талмай білім теңізіне
сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан
жалықпайық!