жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Білім мазмұнын жаңартуды іске асыру аясында мектеп кітапхана жұмысын ұйымдастыру»
«Білім мазмұнын жаңартуды іске асыру аясында мектеп кітапхана
жұмысын ұйымдастыру»
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Қайыңды негізгі орта мектебінің кітапханашысы
Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында «Жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен [1].
Қазіргі жағдайда мектеп өзінің білімі мен мәдениеті деңгейін үнемі көтеруге, өзіне әрі қоғамға пайда келтіруге және үнемі өзгермелі өмірде табысты болуға қабілетті, жоғары өнегелі, шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамытуы керек [2].
Бүтіндей еліміздің даму стратегиясы және соған сәйкес білім беру жүйесін дамыту стратегиясының негізгі міндеті – білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымның дамуы бағытының белгіленген басымдылығы шеңберінде білім беру мазмұнын жаңарту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде. Жаңартудың негізгі мақсаты, ол – орта білімнің сапасын көтеру.
Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор. Мектеп кітапханасы бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ресурстық орталығы. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде мектеп кітапханасы –оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы болып табылады.
Мектеп кітапханасы қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.
Мектеп кітапханасы – мектептің мәдени, білім беру және ақпараттық орталығы, балаларды оқуға тартудың бастапқы буыны. Сондықтан да мектеп кітапханаларының материалды-техникалық базасын нығайту, заманауи ақпараттық технологияларымен жабдықтау, қорларды жинақтау сапасы, мектеп кітапханашылардың біліктілігін көтеру т.б. мәселелер бүгінгі таңда әлі де өзекті болып отыр.Мектеп кітапханасы ақпаратттар мен жаңа сыни ойлардың ордасы. Қазіргі ақпарат пен білімнен құралған заманда баланың жетіліп, дамуына, қалыптасуына кітапхананың маңызы өте зор. Мектеп кітапханасы үздіксіз өзін-өзі тануға, денсаулығына жауапты және белсенді қарауына үлесін қосып, қалыптасуына жәрдем жасайды. Кітапхананың басқа түрлеріне қарағанда мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контингентімен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасай алуға мүмкіндігі бар. Балалармен жұмыс жасаудың басты бағыты – білім алушылардың тұлғалық әлеуметтенуі мен дамуы, рухани-адамгершілік мәдениеті, ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен деңгейлерін пайдалануға үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапхананы пайдалануға дағдыландыру.
Мектеп кітапханасы оқырман келіп кітап алатын жер ғана емес, ақпараттық, сарапшылық ресурстарын пайдалануға арналған инновациялық орталық. Мектеп кітапханасы ақпараттармен қамтамасыз ету, білім, сауаттылық сонымен қатар, әлеуметтік және мәдени даму, экономикалық салаларда кез келген ұзақ мерзімді стратегияда басты маңызға ие болады. Сондықтан Елбасының жылдағы дәстүрлі Жолдауында мәдениет саласы да ұмыт қалмайды, соның салдарынан кітапхана мәселелесі жыл санап біршама алға жылжып, кітапхана сөрелері жаңа кітаптарға көбейіп, мектеп кітапханасын жетілдіру бойынша халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибелер енгізіліп келеді
Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи ақпарат технологияларымен жабдықталуы, алыс-жақын шет мемлекеттерден анағұрлым артта қалып отырғанымызды көрсетеді. Оқырман сұранысына сай алуан түрлі әдебиеттердің болуы, озық кітапханаға арналған техникалармен жабдықталуы, кітапханалық ақпараттық жүйемен (мысалы КАБИС, ИРБИС, АБИС т.б.) қамтамасыз етілуі сынды-мәселелер толыққанды шешілмеген мектеп кітапханалары бар, бұл мектеп кітапханаларының көпшілігіне тән жағдай. Білім беру ұйымындағы кітапханалардың маңызды рөлі электронды оқулықтар, компьютерлер, ақпараттық технологиялар болып табылады. Онсыз оқушылардың оқуын заманауи үрдісте дамыту мүмкін емес.
Ақпараттық-білім беру бөлімшелерінің айрықша түрлері ретінде нақты мектеп кітапханасына байланысты жұмыс ерекшелігін анықтайтын құжаттар:
2003 жылғы 18 шілдедегі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапхана қорының түзілуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №508 бұйрығы.
2000 жылы 27 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Білім жүйесі кітапханаларының бірыңғай үйлестіруші, ғылыми-әдістеме және ақпарат орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің №249 бұйрығы.
2001 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі кітапхана ісін жақсарту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің №522 бұйрығы.
«Білім беру ұйымдары кітапханаларының типтік және үлгі штаттары» басшылыққа алынады.
Жергілікті деңгейде:
Жалпы білім беретін мектептердің Жарғысы және ішкі тәртіп ережесі.
Мектеп кітапханасы туралы ереже.
Кітапхана қызметкерінің қызметтік нұсқаулығы.
Мектеп кітапханасын пайдаланудың ережесі.
Оқу жылына арналған мектеп кітапханасының жұмыс жоспары.
Мектеп кітапханасындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.
Мектеп кітапханасындағы өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен жетекшілік етіледі.
Білім беру ұйымдары мен мектеп кітапханасының қызметін реттейтін жоғарыда аталған құжаттарды қолдана білу жайлы ақпараттарсыз олар өздерінің тура тағайындауларын орындай алмайды. Мектеп кітапханасы қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқырмандарға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету проблемаларын шешу мәселелері қарастырылады. Мектеп кітапханасы өз қызметін ҚР Президентінің өкімдері мен жарлықтары, заңдарымен, ҚР Үкіметі және ҚР атқарушы орган субъектілерінің қаулылары, өкімдерімен, білім басқармасы органдарына тиісті шешімдермен, жалпы білім беру ұйымдарының жарғыларымен, кітапхана туралы ережелермен басшылыққа алынуы тиіс.
Мектеп жақсы кітапханасыз өзінің білім мен тәрбие процесін жоғары деңгейде орындай алмайды. Білім маңызды рөл атқаратын заманауи ақпараттық қоғамда табысты болуы үшін ол ақпараттар мен идеяларды береді. Оқушыларға үнемі өздігінен білім алу қажеттілігіне әкеліп, қиялын дамытып, азаматтық жауапкершіліктеріне тәрбиелейді. Кітапханашы мен мұғалімдердің бірлестігі білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана білуіне, оқу дағдыларының дамуына, сауаттылық деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік беріп, есте сақтауына көмектеседі. Кітапханашы мен оқырман-оқушының өзара әрекеттесуі «шығармашылық бірлік» принципінде жасалады. Бұнда кітапханаға белсенді рөл беріледі. Ол жаңартылған білім мазмұны жағдайында кеңи түседі.
Кітапқа тұрақты қызығушылығын дамыту, оқу мәдениетіне тәрбиелеу, шығармашылық ойлауға дамыту кітап оқуы мен тұлғалық дамуы дәстүрлі және инновациялық әдістердің көмегі арқылы іске асады.
Инновациялық технологияларды меңгеру кітапханашының кәсіби келбетінің қалыптасуына, кітапханадағы көпшілік шараларды жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі.
Көпшілік шараларда қолданылатын инновациялық әдістер:
-зерттеу, жобалау әдістері;
-топтық жұмыстар;
-тренигтер;
-іскерлік ойындар;
-буктрейлер;
-миға шабуыл
-флешбук т/б
Оқушылармен ұйымдастырылатын көпшілік жұмыстарда интерактивті әдістерді қолдану-оқушының көшбасшылық, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негіз болады.Тқменде аталған әдістер мектеп кітапханасын инновацияландырудың негізгі элементтеріне айналып отыр.
Миға шабуыл-бұл әдіс кеңінен қолданылып келеді Қандай да бір шараның басында шара тақырыбына сай сұрақтар қойылып, оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
Топтық оқыту технологиясы- Ұйымдастырылатын шарада қандай да бір шығармманы оқытуда оқушыларды топқа бөліп, бірнеше бөлімнен тұратын мәтінді үлестіріп,шағын шығарманы бір мезетте барлық балаға меңгертіп,мазмұнын талдауға мүмкіндік береді.
Тренинг-қолдану кітапханашының бүгінгі күннің талабына сай жұмыстануында жаңашылдығымен ғана емес, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан да басты әдістемелік нұсқа болып отыр.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі- өздігінен білім алуды дамыта отырып,үздіксіз өз бетінше ізденуіне қажеттілік тудыру.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарының басты міндеті- бәсекеге қабілетті, мектепте алған білімін өмірде еркін қолдана білетін тұлға қалыптастыру.
Заманауи мектеп кітапханасы – шығармашылық пен зияткерліктің даму ортасы. Сондықтан, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында еліміздің санаулы мектептерінде инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы кітапхана оқырмандарына қазіргі заман талаптарына сай қызмет көрсету жұмыстарын бастады.
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Қайыңды орта мектебі
Баяндама
«Біліммазмұнынжаңартудыіскеасыруаясында
мектепкітапханажұмысынұйымдастыру»
оқыған: Г.А. Мухаева

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген