400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып барлық салада рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек... Мектеп оқулығынан бастап әр бір ғылыми еңбек, көркем шығарма, мәдени шара рухани тәуелсіздік пен елдің идеясына қызмет етуге тиіс ...» , - дейді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің

«Н. Наушабаев атындағы Затобол мектеп - гимназиясы» ММ






Білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдастығы






Дайындаған: Ахмет Гүлнұр Төлендіқызы

қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі













Затобол 2016


Білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдастығы

«Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып барлық салада рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек... Мектеп оқулығынан бастап әр бір ғылыми еңбек, көркем шығарма, мәдени шара рухани тәуелсіздік пен елдің идеясына қызмет етуге тиіс ...» , - дейді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев .

Иә, рухани тәуелсіздік пен елдік идеяға қызмет ету мектепте, кәсіптік және жоғары оқу орындарында үздіксіз іске асып жатады. Өйткені еліміз егемендік алғаннан бері қоғамымызда түбегейлі өзгерістер болып жатыр . Бұл өзгерістерді тек оңтайлы жағынан ғана көруге болады. Мәселен, Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа мүше етумен қатар, еліміз ішкі нарығында да әлемдік деңгейге көтерілді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласында да жаңа талаптар пайда болды. Білім беру жүйесін жандандыру мен білім сапасын жақсарту мәселесі қолға алынды. «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп, орта, жоғары оқу орындарында жас ұрпаққа ғылым саласына терең білім берумен қатар жан-жақты жетілген, еңбекке икемді, барлық игі іс - әрекетте белсенділік көрсете алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу басты назарда тұр.

Қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің әлемдік бәсекеге қабілетті озық елдер қатарына қосылуына, болашақта барыс еліне айналуына бел буып, үлес қосып, ел ертеңін айқындайтын өскелең жас ұрпақты адамгершілік қасиетке азаматтық тұрғыда тәрбиелеп, білім беру болып табылады .

Осыған орай білім беру жүйесіндегі үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнақтыру жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеу қазіргі заман талаптарынан туындап отыр. Әрине, бұл біздер үшін қуанарлық жайт. Осылайша заман талабына сай, мазмұнды, сапалы білім беру арқылы мұғалім зияткерлік деңгейі жоғары, әлеуметтік сауатты, өзіндік ой тұжырымы мен көзқарасы, дүниетанымы бар жеке тұлғаны қалыптастырады .

Мұғалім ең алдымен берілетін білімнің білім беру мазмұнына сәйкестігін, сабақ мақсаттарының дұрыс қойылуын, білім беру, оқыту, тәрбиелеу үрдістерін педагогика ғылымының ұғымы ретінде білім мазмұны мен тәрбие үрдісінің ықпалдастығы неде екенін байқап, міндетті түрде қадағалап отыру керек. Ендеше «білім мазмұны мен тәрбие үрдісі ықпалдастығын қалай түсінуге болады?»- деген сұраққа жауап іздеп көрелік. «Білім мазмұны – бұл оқушылардың жан жақты дамуына негіз болатын, білім, іскерлік, дағды жүйесі», - дейді Н.В.Савин .

Сондай–ақ «Білім мазмұны - ғылыми білімдер, іскерлік, дағдылар, оқытудан тыс кезде оқушылар алған танымдық тәжірибиені ой елігінен өткізу және оқушылардың танымдық қабілетін, шығармашылық күшін дамыту»,-деп түсіндіреді И.Т. Огородников .

Бұдан біз білім мазмұнының ғылымилық, жүйелілік принциптері білім берудің негізі екенін байқаймыз. Сондықтанда жалпы орта мектептерде, лицейлерде, гимназия, колледждерде білім мазмұны оқу бағдарламасына сай қолданылады .

Осы білім мазмұны білім беру үрдісі арқылы жүзеге асырылады. Білім беру дегеніміз – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және олардың кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудын үздіксіз процесі .

Әрине, қоғамның дамуын білімсіз, ғылымсыз елестету қиын. «Білім туралы» заңда « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықта, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажеттті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.

Білім мазмұны бала ойында дұрыс қалыптасуы үшін ең бірінші адамға тәрбие берілу керек. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,- деп Әл Фараби бабамыз өте дұрыс айтып кеткен.

Әр сабақ және сабақтан тыс уақыттағы іс шарада білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдасуы қамтамасыз ету педагог әдістемесіндегі басты шеберліктердің бірі. Ендеше, әр тақырыпта білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдасуының қолайлылығы педагог үшін де, оқушы үшінде жетістік.

«Диагностика» дегеніміз қазіргі кезде талдау, өзіндік талдау, жеке тұлғаны зерттеу дегенді білдіреді. Өйткені педагог тек қана оқытушы, білім беруші ғана емес, тәрбиелеуші, жантанушы. Жалпы мұғалімнің еңбегі қиын көпөлшемді жазықтық арқылы көрсетіледі:

  • мұғалімнің жеке тұлғасы;

  • педагогикалық іс-әрекет;

  • педагогикалық қарым-қатынас. Осы өзара байланысатын үш жазықтықты байланыстыра алған мұғалім ғана шәкіртіне қайырылмас қанат, талмас талап сыйлай алады.


Түйіндей келсек, қай пәнді алсақ та, білім мазмұнын берілетін тақырыпқа сай ашып, шығармашылық, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, танымдық табиғатын саралай түсіп, тәрбие үрдісімен ықпалдаса алады.

Білім мазмұны мен тәрбие үрдісін ықпалдастыра отырып сабақ жүргізу нәтижесінде оқушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыса түсуіне, олардың пәнге қызығушылығының деңгейі артуына тынымсыз еңбек етіп, жана-жақты ізденесің,

Ендеше, құрметті әріптестер, оқушыларға берген біліміміздің мазмұны тәрбие үрдісімен ықпалдаса отырып шәкіртімізге ой саласын!










Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. 5/2007

  2. Ш.Х. Құрманалина, Ә.У. Ғалымова. Педагогика. «Фолиант» баспасы. Астана;2008

  3. «Қостанай таңы» газеті. 09.12.2009.

  4. Ш.Х. Құрманалина, Ә.У. Ғалымова, Б.Ж. Мұқанова, Р.К. Ильясова. Педагогика. «Фолиант» баспасы. Астана;2007

  5. Ә. Табылдиев. Халық тағылымы. 1999ж

  6. Т. Құрманғалиев. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту. 1998ж

  7. Қ. Аханов. Тіл білімінің негіздері. 2002ж.

  8. К. Рай. Қазақ тілі. 2008ж.

  9. М. Әлімбаев. «Халық – ғажап тәлімгер», 1999ж.

  10. А. Айғабылұлы. Қазақ тілінің лексикалогиясы. 2002ж.

  11. «Ана тілі» газеті 25 тамыз. 2005ж

  12. Қ. Жарықбаев. «Ақылдың кені». А.2005






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
306
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі