Материалдар / Білім өмір шырағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім өмір шырағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен мұғалімдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Мерзiмі: 30.09.2020ж № 5 сабақ Тақырып: Білім өмір-шырағы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, адалдық, екбекқорлық

Мұғалiм:

Сынып: 2

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Оқушыларға білім туралы түсінік бере отырып, білімнің ізгілікке бағытталуының дұрыс әрекет болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: Білімді ізгілікке, жақсылыққа бағыттауға үйрету.

Дамытушылық: Жауапкершілік, адалдық қасиеттерін дамыту,

Тәрбиелік: еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

1 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.



2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Ескерту










































2. Үй тапсырмасын тексеру

5 сабақ «Қазына» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау, бет



Сұрақтар:

  • Бұқар жырау неліктен «Қазына білімдінің басында» деп айтты?

  • Білімді адамда қандай қасиеттер болғанда қазынаға айналады?

  • Өмірде білімді пайдаланып дұрыс жол тапқан кездеріңді айтып беріңдер?

3. Дәйексөз

Мұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазғызу.



«Білім - өмір шырағы»

халық даналығы

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден не түсіндік?

  • Білімді оқушының алдынан қандай мүмкіндіктер ашылу мүмкін?


4.Әңгiмелеу. «Табанды бала» аңыз әңгіме

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.Күн атынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «менің оқуым керек» деп шешеді.

Әлімнің көршісі өте бай еді.Ол көшісіне келіп сізге қызмет етейін тегін, оның есесіне ұл-қыздарыңыз сабақ оқығанда сыртынан көріп тұрсам болғаны дейді. Бай тегін қызметші тапқанына қуанып кетеді. Бала ертеден –кешкедейін бой жазбай жұмыс жасайды. Бірақ мұғалімге көрінбей оның балаларға түсіндіргенін тыңдап, көріп жүреді. Әріптерді өз бетінше ажырата алатын болды, бірақ әріпті жазатын парақ не қалам таппайды.

Әлім анасымен теңіз жағасында кішкентай үйде тұратын. Ол құм бетіне сөз жазып үйренеді, ал теңіз толқыны оны суымен шайып жіберетін, құмның үсті тегістеліп қалатын. Ол солай жазуды да үйренді.

Енді оған оқитын кітап керек болды. Ол тағыда байға барып жалданады, есесіне түнде кітапханасындағы кітапты оқуға рұқсат алады. Бай тағы да қуанып кетеді.Одан бері көп жылдар өтеді Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болады .



Сұрақтар:

Аңыз әңгімеден не түсіндік?

Балының бойыннан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Мақсатқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Өздеріңе берілген білім алу мүмкіндігін дұрыс пайдалана алып жүрміз деп ойлайсыңдарма?


5.Шығармашылық жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма: Бастаған ісіңді нәтижелі аяқтауға көмектесетін қасиет? Қажетті сөздер: табандылық, шыдамдылық, ұқыптылық қасиеттерді таңдап, ағаштың жапырақтарына жазып бояу қажет.

2-тапсырма: Топтық жұмыс ретінде қандай мазмұнды кітапты оқимыз атты жұмыс беріледі. (Мақал-мәтелдер, әлем ертегілері, аңыздар)


6. Топпен ән айту. «БІЗДІҢ ӘН»

Сөзі С. Жиенбаевтікі

Әні Б. Ғизатовтікі

Үйренсең нотаны,

Ән де саласың,

Барлығын оп-оңай жаттап аласың.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.



Шырқалсын әрқашан,

Әсем ән ғана.

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.


7. Үй тапсырмасы

6 сабақ «Бізге сабақ болған бата» мәтінін оқу, бет


8. Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!