400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

білім сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
9- сыныптар арасында өткізілген апталыққа сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Дара» білім сайысы

Сайыстың мақсаты:  Оқушылардың білім деңгейін тексеру, пәндерге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін, логикасын, тапқырлығын дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзін-өзі көрсету дағдыларын дамыту.

Түрі: Танымдық ойын

Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі платформалар

Жоспар:

Жүргізуші:

Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.


Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9 – сынып оқушылары арасында өткізіліп жатқан «Дара» білім сайысымызға қош келдіңіздер.

Сайыстың құрылымы:

1.«Қас-қағым сәт» кезеңі ( математикалық сауаттылық тест сұрақтары)

2. «Ғылым әлемі» кезеңі (ББЖМ сұрақтары)

3.«Шебер қолдар» суретшілер сайысы

4. «Логика» кезеңі қазақтың байырғы қара есептері.

Әр кезеңнен төмен ұпай көрсеткен оқушы шығып кетеді.

5. Қорытынды. Марапаттау

1.«Қас-қағым сәт» кезеңі. Барлық топтарға қойылатын математикалық сауаттылықтан тест тапсырмалары беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады . https://create.kahoot.it/details/a3d523f8-425c-46a8-afe5-29603bf65556

1. Жетінші санды тап: 13; 23; 33;... .

А) 43 В)53 С) 73 D) 83

2. Марат машиналарды бояғанда келесі ретпен бояды: көк, жасыл, қызыл, қара және сары. Онда 29-шы машинаның түсін анықтаңыз.

A) көк B) сары C) жасыл D) қара

3. Егер <<17>>=7, <<21>>=2, <<30>>=0, <<45>>=20, <<53>>=15 болса, онда <913>>=?

A) 15 B) 27 C) 13 D) 39

4. Жұп сандардың жалпы түрін жазыңыз:

A) 3n-2 B) n+1 C) 5n-1 D) 2n

5. Отбасында екі қыз бар. Олардың әрқайсысының үш інісі бар. Отбасында ең аз дегенде неше бала бар.

А) 2 В) 5 С) 8 D) 6

6. Егер а-15=0 болса, а+15 неге тең?

A) 15 B) 40 C) 30 D) 25

7. Құлпынайдың 6 %-ы қант. 35 кг құлпынайда неше кг қант бар?

A) 1,5 кг B) 1,8 кг C) 2,1 кг D) 2,4 кг

8. 5-ке бөлінетін үш таңбалы сан нешеу?

A) 90 B) 180 C) 200 D) 100

9. 3 минутта станок 18 бөлшек өндіреді. Станок 10 минутта неше бөлшек өндіреді?

A) 36 B) 40 C) 54 D) 60

10. Кубтың қанша жағы болады?

A) 4 B) 6 C) 8 D) 12

2. «Ғылым әлемі» кезеңі. Бұл кезеңде әр ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Сұрақтар әр түрлі пәндерден қойылады.

1.Биология.

1.Жүйке ұлпасының негізі жасушалары - Нейрондар

2.Нейронның ұзын өсінді- Аксон

3.Мономері нуклеотид болып табылатын ретсіз биополимер - Нуклеин қышқылы

2. География.

  1. Тянь-Шань тауының мағынасы және ең биік шыңы не деп аталады ? Аспан тауы, Жеңіс шыңы

  2. Ең мол жауын-шашын Қазақстанның қай тауына түседі: Батыс Алтайға 1500мм

  3. Қазақстандағы өзендер саны: 85 мыңнан астам

3.Физика.

1. Механикалық қозғалыс: дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі

2. Дененің шын және кішірейтілген кескінін беретін оптикалық аспап: фотоаппарат

3. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс кезінде: жылдамдық тұрақты

  1. Информатика.

1.Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат - бұл қоршаған орта туралы мәліметтер, оларды жинақтауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға болады

2. Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм - белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын әрекеттердің реттілігі

3. Деректер базасы дегеніміз не? Мысал келтіріңіз

Деректер базасы - бұл құрылымдалған ақпараттарды сақтау, басқару және өңдеу үшін қолданылатын жүйе. Мысалы оқушылардың бағалары, тауарлардың тізімі.

  1. Математика .

1. Пифагор теоремасы деп.

Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең.

2. Есептеңіз: 5!=120

3. Берілген тапсырманы қабілеті бірдей 9 адам 20 күнде орындайды. Осы тапсырманы тек 6 адам ғана орындаса, онда олардың тапсырманы аяқтайтын уақыты? 30 күн

  1. Химия

1.Атом дегеніміз не? Атомның құрылысы қандай?

Атом – заттың химиялық қасиеттерін сақтайтын ең кішкентай бөлшегі. Атомның құрылысы: ядро және электрон

2. Кальций карбонатының формуласы

Жауабы: CaCO3

3. Күкірттің аллотропиялық түрлері

Жауабы: жалпы үш түрі бар ромбалық, пластикалық, моноклинді

7. Қазақ тілі:

  1. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем жасалуында қандай сілтеу есімдіктерінен кейін қос нүкте қойылады?

Жауабы: сол, мына, мынау, мынадай.

  1. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалуында шылау қатыспаған жағдайда үтірден кейін қандай тыныс белгі қойылады? Жауабы: сызықша

  2. Кезектес салалас құрмалас қандай жалғаулық шылаулар арқылы жасалады? Жауабы: кейде, бірде, біресе

8. Әр түрлі сұрақтар

1.Аэробты үдеріс - Оттекті тыныс алу немесе оттегі қатысатын тыныс алу

2.Қазақстандағы қорықтар саны және ең ал,алғашқы қорық құрылған жыл : 10 , 1926 Ақсу-Жабағылы

3. Сәуір айында үш жұма тақ күндерге сәйкес келген болса, сәуірдің 25-і аптаның қай күніне сәйкес келетінін табыңыз. дүйсенбі

3.«Шебер қолдар» суретшілер сайысы.

Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет – ретімен салып шығуларың керек. Бастайық!

Shape2 Shape1

Shape3




Shape4

4. «Логика» кезеңі қазақтың байырғы қара есептері.
Алтынның сыры кетпес,
Сыры кетсе де сыны кетпес.
Алтын қазына.
Бұл бөлімде оқушы жылдам жауап беру керек. Кім бірінші қол көтереді сол ұпайды алады.

«Үнді шәйі» есебі.
Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?
Бұта түбі кеуегі,
Кеуегінде көжегі.
Бұлай деп айтуы есепті шешуге болатындығын, әрі ол өзіне таныс нәрседен басталады дегенге тіреледі.
Жауабы: қант құрғақ шай үстіне түсті.

«Қораға қамалған қой» есебі.
99 қой 15 қораға қамалған. Неліктен ең болмағанда қораның біреуінде қойдың саны тақ болады?
Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.
Жауабы. Егер әрбір қорада жұтан қой қамалса, онда олардың қосындысы жұп сан болады. Ал 99-тақ сан. Демек, ең болмағанда қораның біреуіне тақ санды қой қамасақ, қана, тақ сан шығады.

«Жыл қайыру» есебі.
- Нешедесің?- деді ақсақалға жігіт ағасы
-4 жылқы, тоқтымын, - деді Тәттімбет күйші.
Тәттімбет неше жаста? Дананың сөзі асыл тас.
Жауабы.Тәттімбет 4 жылқы деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос деді, яғни 49+2=51.

«Бәрін бірге ойлап қой» есебі.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос-қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Жауабы: 19 бас мал.

Қорытынды:

Көңіл бөліп бұл кеште

Қатысушыларға көп рахмет!

Алдыңызда жайнаған жүздер әлі

Сендермен кездесеміз біздер әлі, - дей келе біз танымдық ойынымызды аяқтаймыз.

Ендігі кезекте әділ – қазылар алқасын тыңдайық.

Марапаттау, мадақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
249
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі