жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Білім сайысы: Абай Құнанбайұлының аудармалары
Тақырыбы:
Абай Құнанбайұлының аудармалары
Сайыстың
мақсаты: 1. Абай өмірі мен шығармашылығы
туралы алған білімдерін тексере отырып,
оқушылардың танымын кеңейту, сөздік
қорын молайту;
2.
Абай өмірін оқуды одан әрі жалғастырып,
білімін толықтыруға, ізденушілікке,
зерттеушілікке ықпал жасау, бағыт
беру;
3.
Абай шығармашылығын оқыту процесін
халықтық педагогика үлгісінде
тәрбиелеу.
Сайыстың
әдісі: сұрақ - жауап, проблемалық
іздендіру, зерттеу, техникалық құрал
түрлерін пайдалану.
Сайыстың
көрнекілігі: Абай әндеріне арналған
бейнебаян, Абай бейнесуреті, ұлағатты
сөздер, асық салынған қожын, шарлар.
Көрмелік
бұрыш: Абай өмірі мен шығармашылығын
бейнелейтін фотосуреттер, тарихи
деректер, рефераттар, газет - журнал
қиындылары, әдеби кітаптар, буклеттер,
т. б.
Сайыстың
барысы:
I
Ұйымдастыру кезеңі;
Мұғалімнің
кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:
«Асыл
сөзді іздесең,
Абайды
оқы, ерінбе
Адалдықты
көздесең
Жаттап
тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт
Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін
терең бойға сіңіріп, үңіле отырып,
сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің
ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын
көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың
парызы.
II
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады:
1.
Абайдың қара сөзі;
2.
Абайдың әндері;
3.
Абайдың аудармалары
4.
Өлең оқу;
5.
Сұраққа - жауап.
Жүру
барысы:
-
Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерге
зор денсаулық, молшылық тілей отырып,
бүгінгі Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың 2017жылғы 12 сәуірдегі
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласында көрсетілген бағдарламаларды
жүзеге асыру мақсатында Абай даналығы
іс-шарасы бойынша жүргізілетін «Абай
әлемі» клубының жұмысы бойынша «Абайдың
аудармалары» атты сайысымызды бастауға
рұқсат етіңіздер.
Абай лебі - заманының тынысы,
Абай
үні –ғасырлардың өрісі - деп сабағымызды
бастаймыз.
-
Балалар, Абайды біз кім деп танимыз?
Абай
өмірінен мәлімет.
1.
Абай – ұлы ақын.
1
- бөлім «Абайдың қара сөзі»
1
- топ:
Бірінші сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы
өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір
бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық,
жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті
көре - көре келдік. Енді ер ортасы жасқа
келдік; қажыдық, жалықтық, қылып жүрген
ісіміздің баянсызын, байлаусызын,
көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал
енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып,
өткіземіз? Соны таба алмай өзімде
қайранмын.
Ел
бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке
ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан,
көңілі басылмаған жастар, бағамын
демесе, бізщді құдай сақтасын!
Мал
бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне
керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда
қызығын өзің көре алмайтұғын, ұры, залым,
тілімсектердің азығын бағып, беремін
деп. Қалған аз ғана өмірімді қор тқылар
жайым жоқ.
Ғылым
бағу? Жоқ,
ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер
адам да жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің,
білмегеніңді кімнен сұрарсың?
Балаларды
бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім
қалайша бағудың мәнісін де білмеймін,
не болсын деп бағам, қай елге қосайын.
2
- топ:
Оқушылар
рөлге кіріп
оқиды.
31-қарасөзі.
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар : әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
1
- жүргізуші:
Шын
хакім сөзің асыл - баға жетпес,
Бір
сөздің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан
хакім болған сендей жанның,
Әлемнің
құлағынан әні кетпес.
2
- жүргізуші:
Құлақтан
кіріп бойды алар,
Жақсы
ән мен тәтті күй.
Көңілге
түрлі ой салар,
Әнді
сүйсең, менше сүй.
Келесі
кезек Ән шашу 1.«Көзімнің
қарасы»
2.
«Желсіз түнде жарық ай»
Мұғалім
сөзі:
Абай
туралы қандай тақырыпта пікір айтсақ
та біз оның дана, дара ақын екендігін
білеміз. Оның тағы бір себебі, оның
аудармалары. Ол орыстың ғұламаларының
шығармаларын аударып халыққа
жеткізді.
Ендігі
кезек Абай аудармаларында. (М.Ю.Лермонтовтан)
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза боып жар ісіне
Қорлық пен мазағына табынса да.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңлінің көзі ашық, сергегі үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсыйды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей
Сөз айттым “әзрет Әлі, айдаћар”сыз,
Мұнда жоқ “алтын иек, сары-ала қыз”.
Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы
-деп жырағандай ендігі кезек өлеңдерінде назар аударайық.Оқушылар жаттаған өлеңдерін мәнерлеп жеткізеді.
Соңғы кезегіміз «сұрақ-жауап» .
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?
( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?
( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.
( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?
(Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.
(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
Топтарға жалпы сұрақ қойылады. Қай топ белсенділік танытқанын анықтап жеңімпаз топтарды марапаттаймыз.
Қорытынды:
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар. Бүгінгі тәрбие сайысымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын.
- Қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.
Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Акынбаева Гулзира

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген