Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім саласы: «Коммуникация» / Драма Тақырып: «Қолғап» ертегісін драматизациялау

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаның ортаңғы тобына білім саласы: драмаға арналған технологиялық карта. Тәрбиешілерге пайдалы болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы №6

Күні:

Ортаңғы тобы «Бәйшешек»

Тәрбиеші:

Білім саласы: «Коммуникация»

Кіші сала: Драма

Тақырып: «Қолғап» ертегісін драматизациялау

Мақсаты: көркем әдебиет шығармалары бойынша драматизациялау дағдысын дамыту, кейіпкерлердің интонациясын жаңғыртуды, дауыстың күшін өзгерте отырып, сахнада (алаңда) бағдар болуды үйрету. Балаларда итеру, тарту, ашылу, жабылу сипаттамалы ымдарды қалыптастыру, пиктограммалармен таныстыру (адамның түрлі эмоциялары көрсетілген карточка- рәміздер)

Билингвалдық компонент: қолғап – варежки, бақа- лягушка, атай-дедушка, тышқан – мышка.

Сөздік жұмыс: қолғап, шиқылдауық, бақылдауық, желаяқ.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызыметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватция

лық қозғаушы

Жұмбақ жасыру:Бес балаға бір бешпент,Бірге киіп,бір шешпек.

-Балалар,қолған бізге не үшін керек?

-Қолғап нешеу болады?

-Қолғап қандай болады?

Қолғап.- Қыс мезгілінде қолымыз тоңбас үшін керек.

- Екеу. - Қалың қолғап, жұқа қолғап болады.

Ұйымдастырушылық ізденіс










-Ендеше,мен бүгін сендерге «Қолғап» атты ертегі мазмұнын түсіндіріп беремін.Ал бәріміз оқыған ертегі желісімен  ертегіні сахыналаймыз. «Қолғап»ертегісі

Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты.Оны көрген тышқан  қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын»-депті. Одан кейін бақа секіріп келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың?,-депті.

Тышқан:Мен шиқылдауық тышқанмын. Ал сен кімсің?-деп сұрапты. Бақа:Мен бақылдауық бақамын мені кіргізші?- депті.

Тышқан: «Кел» -депті.Сөйтіп, олар қолғаптың ішінде екеу болыпты.Міне,Қоянда жүгіріп келіп,қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта қайсысың тұрсың?»,-депті.Тышан,бақа: «Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын.Ал сен қайсы жануарсың?»-деп сұрапты. Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын.Мені де кіргізіңдерші?»-депті.

Олар: «Кел»-депті.Сөйтіп олар үшеу болыпты.Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»-депті.

Олар:«Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын.Ал сен өзің қай жануарсың?»-депті.Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де»-депті.Олар: «Жарайды, кел»-депті.Сөйтіп,қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың ?»-депті.Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын, менТүлкімін.Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.Қасқыр: «Ал мен қасқыр ағаларыңмын,кіргізіңдерші мені де»,-депті.Сөйтіп қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті.  «Хрпо-хро-хро»,-деп қабан жүгіріп келіпті:Мына қолғапта қайсысың тұрасың ?,-депті.Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін,ал мен Қасқырмын.Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.Қабан: «Мен Қабанмын, мені де кіргізіңдерші»,-депті.

Олар: Сен мұнда қалай кіресің,-дейді.

Қабан: «Мен кіре аламын, жіберсеңдер»,-депті.Олар: «Жарайды,кіре ғой»-депті.Сөйтіп олар алтау болыпты. Қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»-депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін,ал мен Қасқырмын,.Мен қабанмын.Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.Аю: «Қалай көпсіңдер,мені де кіргізіңдерші?»-депті.Олар:Қалай кіргіземіз,өзі іші тар боп тұрса?»Аю: «Қалай болса да сыйамыз»-депті.Олар: «Жарайды, кел жанымызға».Сөйтіп аюда сыйып жетеу болыпты.Қолғаптың іші тар,міне жарылайын деп тұрғандай.Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалады.Сөйтіп қайта кері қарай жүреді,ал иті болса алға қарай жүгіріп кетеді. Жүгіріп келе жатып,қолғапты көреді.Қолғап қозғалып жатыр.Ит сонда: «әуп-әуп-әуп»,-деп үреді.Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып, барлығы жан-жаққа қашып кетеді.Атай өз қолғабын көріп алып кетті.

Сұрақ-жауап:

-Балалар ,сендерге ертегі ұнады ма?

-Балалар,ертегі не жайында айтылған?

-Иә,ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай,бірін-бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты. Көрдіңдер ме?

Біз де осылай дос болуымыз керек.Біздің топта қанша бала болса,

сонша біздің досымыз көп екен.

 Мақал-мәтелдерді қайталайық:

«Досы көпті жау алмайды»

 Сергіту жаттығуы:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім, екеуін,

Болады екен он саусақ.

Дидактикалық ойын:

«Сыңарын тап»Мақсаты: оң-солды ажырата білуге, қолғаптың сыңарын дұрыс табуға үйрету.

Балалар келіседі.Балалар бір-бірлеп ертегі кейіпкерлерінің рольін алып, әр кейіпкердің бейнесін іс-қимылмен, дауыс ырғағымен келістіруге тырысады.

 

 

Тышқан рольіндегі бала шиқылдап жүгіріп келіп:Мен енді осында тұрамын,-дейді.

 

Тышқан:Мен шиқылдауық тышқанмын,ал сен кімсің?

Бақа:мен Бақамын.Мені кіргізші.

Тышқан: «Кел»

 

 

Тышан,бақа:

 

 

 

 

«Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын.Ал сен қайсы жануарсың?»-деп сұрапты.

 

 

Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын.Мені де кіргізіңдерші?»-депті

   

Олар: «Кел»-депті.

Сөйтіп олар үшеу болыпты.

Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»-депті.

Олар:

«Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын.Ал сен өзің қай жануарсың?»-депті

 

Түлкі: «Мен әпкелеріңмін.Кіргізіңдерші мені де»-депті.

Олар: «Жарайды, кел»-депті

 

Сөйтіп,қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»-депті.

 

 Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.

 

Қасқыр: «Ал мен қасқыр ағаларыңмын, кіргізіңдерші мені де»,-депті.

 

Осылайша балалар әр кейіпкердің рольін сомдайды.

 

Әр жануардың дауысын салуға тырысады.

 

-Әрине, ұнады.

-Ертегі, бірлік, достық жайында айтылған.

 «Досы көпті жау алмайды» мақал-мәтелін қайталайды.

 

Сергіту жаттығуын орындайды.


Рефлекстік-түзетушілік

Балаларды мақтау, мадақтау.


Балалар риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Ертегінің мағынасын.

Түсінеді: Өз ойын еркін жеткізуді.

Қолданады: Рөлдеп орындауды.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
634
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12