Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім сапасы: Қазіргі талаптар мен болашаққа бастар жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Функционалдық сауаттылықты дамыту – оқушы ақпаратты талдап, шешім қабылдай алуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім сапасы: Қазіргі талаптар мен болашаққа бастар жол



ЖШС «Innoverse Taldyqorgan» жеке меншік мектеп мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дарменбекова Гулзира Маратовна



Қазіргі жаһандану дәуірінде білім сапасы кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткішіне айналды. Ғылым мен технология қарқынды дамып жатқан уақытта қоғам еңбек нарығына заманауи дағдыларды меңгерген, шығармашыл әрі жауапты тұлғаларды қажет етеді. Сондықтан білім беру жүйесі өзгеріп отырған әлемнің талабына бейімделіп, оқыту мазмұны мен әдістері үнемі жаңарып отыруы тиіс. Білім сапасы – тек оқу бағдарламасындағы білім көлемімен өлшенетін көрсеткіш емес. Ол оқушының алған білімін өмірде қолдана білу қабілеті, функционалдық сауаттылығы, сыни ойлауы, шығармашылық әлеуеті, тұлғалық дамуы және әлеуметтік жауапкершілігі арқылы айқындалады. Сапалы білім жеке тұлғаның ғана емес, тұтас ұлттың болашағына әсер ететін стратегиялық фактор. Бүгінгінде білім беру жүйесі алдында бірнеше жаңа талаптар тұр:

  • Функционалдық сауаттылықты дамыту – оқушы ақпаратты талдап, шешім қабылдай алуы керек.

  • Цифрлық дағдыларды қалыптастыру – технологияны меңгеру XXI ғасыр адамы үшін міндетті.

  • Жеке білім алу траекториясы – әр оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып оқыту.

  • Жаңартылған білім мазмұны – құзыреттілікке бағытталған практикалық тапсырмалар мен зерттеушілік әдістерді енгізу.

  • Мұғалім құзыреттілігі – сапалы білімнің негізгі тетігі кәсіби дамыған педагог екені айқын.

Осы талаптардың әр қайсына қысқаша тоқтала кетсем. Функционалдық сауаттылық — адамның күнделікті өмірде, білім алуда, жұмыста және қоғамда тиімді әрекет етуіне қажетті білімді, дағдыларды және құзыреттерді тәжірибеде қолдана алу қабілеті. Қарапайым түрде айтқанда, функционалдық сауаттылық — алған білімді өмірлік жағдайларда қолдана білу. Цифрлық дағдыларды қалыптастыру — адамның заманауи технологияларды өмірде, оқуда және жұмыста тиімді қолдана алуына жағдай жасау. Жеке білім алу траекториясы — әрбір оқушының жеке қабілетіне, қызығушылығына, білім деңгейіне және даму қарқынына сай жасалған жеке оқу жоспары. Яғни бұл — әр адамның өзіне тән, дербес оқыту жолы. Жаңартылған білім мазмұны — білім беру жүйесіндегі оқыту тәсілдерін, оқу бағдарламаларын, әдістеме мен бағалауды қазіргі заман талаптарына сай жаңарту үдерісі. Бұл білім мазмұны оқушының тек білімді меңгеруін емес, оны өмірде қолдана алуын, сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Мұғалім құзыреттілігі — мұғалімнің кәсіби міндеттерін тиімді орындауы үшін қажет білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттердің және кәсіби тәжірибенің жиынтығы. Басқаша айтқанда, бұл — мұғалімнің оқытуды сапалы ұйымдастыру қабілеті.

Білім сапасын көтеру бір ғана мектептің немесе мұғалімнің міндеті емес. Бұл – мемлекет, ата-ана, қоғам және педагогтардың бірлескен жұмысы нәтижесінде іске асатын кешенді процесс.
Басты бағыттар мынандай болуы мүмкін:

  • Оқыту әдістемесін жаңғырту, цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалану;

  • Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, педагог мәртебесін көтер;

  • Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

  • Бағалау жүйесін жетілдіру, оқушының шынайы білім деңгейін анықтайтын әдістерді қолдану;

  • Мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті күшейту

Қай сала болмасын ондағы жүмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселенің бірі – мұғалімдерді даярлау жіне кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және ұйлестірушісі бола білуі , білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Болашақтың бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеу- бүгінгі мектептің міндеті. Осы міндетті орындау нәтижесінде мектепте біршама жұмыстар атқарылуда. Мектеп ашылғанына аз ғана уақыт болса да, білім алушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Мысалы: соңғы бес жылдағы бала саны төмендегі кестеде көрсетілген:

1-кесте

жылдар

Сынып комплект саны

Оқушы саны

Жыл басында

Жылдың соңында

2021-2022

19

285

556

2022-2023

30

547

748

2023-2024

39

794

890

2024-2025

52

1037

1056

2025-2026

54

1027


Оқушы санының көбеюі- мектебіміздің әлеуетін көрсететін жағымды құбылыс. Бірақ бұл өсім білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып, оны қазіргі заман талабына сай жаңғыртуды қажет етеді. Білім саласын дамытуға бағытталған шаралар кешенді әрі жүйелі түрде жүзеге асқанда ғана біз жас ұрпаққа сапалы, қолжетімді және заманауи білім бере аламыз. Қазіргі ата-аналардың балаларына сапалы білім беру жөніндегі ұмтылысы да оқушы санының көбеюіне ықпал етеді.

Мектептің соңғы үш жылдағы білім сапасы мен үлгерім сапасы

2-кесте

Мектеп бойынша:

2022-2023

2023-2024

2024-2025

Білім сапасы

93,18%

85.71%

90,6%

Үлгерімі

100%

100%

100 %


Оқушы саныны көбейсе де, білім сапамыз төмендемей, керісінше жоғарлап отыр. Бұл деген пән мұғалімдерінің сапалы білім беруінің нәтижесі деп білеміз. Соңғы 2024-2025 оқу жылында жылдық білім сапасы –90.6%, үлгерім- 100 % құрады. Оқу озаты- 231 оқушы, оқу екпіндісі-726 оқушы. 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда 4,89% жоғарылап отыр. Мемлекеттік стандарттағы білім білік дағдыларын қалыптасудағы тұрақтылық байқалады.

2024-2025 оқу жылында 706 мектеп бітіруші түлектің 72-сі «Алтын белгі» төсбелгісі иегері, 70-і Үздік аттестат иегері атанды.



3-кесте

жылдар

Бітірушілер саны

Грантқа түскендер

Ақылы бөлімге түскендер

Нәтижесі, көрсеткіш

2022-2023

451

425

26

94,2%

2023-2024

549

443

106

80,6%

2024-2025

706

574

132

81,3%


2024-2025 оқу жылы бойынша 706 түлектің 574 грант иегері атанды. 574 түлектің ішінен -31 түлек әкім гранты, 543 түлек мемлекеттік грант иегері болып, өздерінің армандаған жоғарғы оқу орнына түсті. Екі оқушы шет елге оқуға түсіп грант иегері атанды. Қайролла Дидара- Қытай мемлекетіне «Jiaxing University», Мансур Абылай – Чехия қаласына Университетке түсті. Оның алдынғы жылдардағы түлектер арасынан шет ел оқып жүрген бірнеше оқушыларымыз бар. Аманғазы Аружан, Даулет Аңсар, Қайролла Динара .

Мектебімізде 10-11 сыныптар оқитындықтан сабақтан тыс уақытта пән мұғалімдері ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүргізіп, қосымша сабақтар өткізеді. ҰБТ – дің дайындығы бойынша бос уақыттарында оқу жылының басталуынан пән мұғалімдері ҰБТ бойынша бағдарлама құрылып, 11 сынып оқушыларын ҰБТ –ге дайындықтарын бастады. ҰБТ дайындау сапасын арттыру бойынша қызметіне барлық субьектілер тартылған: оқушы, мұғалім және ата-аналар.

Жылдан жылға ҰБТ нәтижесіне талаптар күшейіп келеді. Бұл ҰБТ дайындалу үрдісін белгілі бір жүйесін құруды талап етеді:

1.      Оқушыларды ҰБТ нысанындағы мемлекеттік аттестаттау туралы ақпараттандыру.

2.     Оқушылар үшін консультациялар ұйымдастыру.

3.      Оқушыларға сынама тестілеулер ұйымдастыру.

4.     Педагогикалық ұжыммен ұйымдастыру-әдістемелік қызмет.

Мектеп оқушылары сонымен қатар облыс, республикалық деңгейлерде өтіп жатқан түрлі жарыстар мен байқауларға да қатысып, мектебіміздің мәртебесін көтеруде. Атап айтатын болсақ: өткен жылдары Зерделі орталығының ұйымдастыруымен өткен “Алтын түлек” олимпиадасының республикалық кезеңінен оқушыларымыз Мұратұлы Ілияс 1 орын иеленсе, осы олимпиадада Аманғазы Аружан 1-орын алып, Astana International University университетінің 100% грантын жеңіп алды, Муратов Нурали 1-орын алып, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 100% грантын ұтып алды. 2025 жылы Астана қаласында Зерделі ақыл-ойды дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы мұғалімдеріне арналған жұптық олимпиадада 2-орын алды. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі шебер ұстаз, Республикалық«Үздік педагог-2020» байқауының жүлдегері, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері,

2024 жылы “Ы. Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталған Буланов Мұрат Даданбекұлы. Биылғы оқу жылында алты оқушымыз облыстық Ғылыми жобалар байқауына қатысып, оның үшеуі Жолмырза Бақдәулет, Тінәлі Дінмұхамед жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Турсынбаева Динара және Мансурова Аружан жетекшісі география пәні мұғалімі Куанышбаев Самат, осы аталған оқушыларымыз республикалық деңгейге қатысуға жолдама алды. Педагогтер мен психологтарға арналған “Олимп шыңы” республикалық пәндік олимпиадаға тарих пәні мұғалімі Ержанқызы Айдана ⁠”Өткеннен болашаққа: Тарихты жасанды интеллект арқылы зерттеу” тақырыбындағы республикалық семинар қатысушысы болып, арнайы сертификаттармен марапатталды. География пәнінің мұғалімі Куанышбаев Самат 2023 «География пәнінен оқу құралы» атты оқулық, тарих пәнінің мұғалімі Құдайберген Асылан «Дүниежүзі тарихы пәні бойынша көмекші оқу құралы» атты оқулық құралын жазып шығарды. Бұл әріптестердің оқулықтарын оқушылар ҰБТ-ге дайындалуға көмекші құрал ретінде пайдалануда.

Оқушыларға берілетін білім қорын күнделікті өмір тәжірбиесімен,әрбір сабақта жаңа әдіс-тәсілдермен, өз сөздерін көрнекілікпен ұштастыра байланыстыратын білікті де білімді мамандарымыз математика пәнінің мұғалімдері Р.Лятиев, М.Буланов, Ж.Қабдолда, физика пәні мұғалімдері Д.Турсынбаева, Н.Қалибеков, география пәні мұғалімі С.Куанышбаев, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.Абдрахманова, М.Оспан, биология пәнінің мұғалімдері А.Абділдаұлы С.Нурболатова, химия пәнінің мұғалімдері Е.Аширбаев, Н.Айбар, М.Дауренбекова, тарих пәнінің мұғалімдері А.Кудайберген, А.Ержанқызы, О.Қарақұл, А.Құмарғалиев, информатика пәні мұғалімдері Е.Ердалиев, Д.Кабдуалиев, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А.Асқарбек, А. Болатқызы сияқты т.б. өз маманының майталмандары тынбай еңбек етуде. Мектебіміздің директоры Әділет Жанарбекұлы Есалиев мұғалімдердің алаңсыз еңбек етуіне, оқушыларымыздың білім алуына зор үлес қосып, жағдай жасауда.

Қорыта айтатын болсақ, өзгерістерге тез бейімделетін, жаңа идея ұсына алатын, ойы еркін жастар — кез келген елдің басты байлығы. Сапалы білімге салынған еңбек — ертеңгі күннің кепілі. Білім сапасын көтеру,қазіргі талаптар мен болашаққа бастар жол екенін ұмытпайық.

Болашақтың табысты қоғамын құру үшін ең алдымен білім сапасын тұрақты түрде жақсартып отыру қажет. Инновациялық идеяларға ашық, сыни ойлайтын, жаңа жағдайға тез бейімделетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі білімнің басты миссиясы.

Сапалы білім – жастардың болашағына, елдің өркендеуіне салынған ең үлкен инвестиция. Қазіргі талаптарға сай білім беру арқылы біз ертеңгі күнге сенімді қадам жасаймыз.Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебіне салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектептің құрылымына, сапасына барып тіреледі. Сондықтан қоғам, ата-ана, мұғалім және мемлекет күш біріктіргенде ғана білім сапасы жаңа деңгейге көтеріледі.


Пайдаланған әдебиеттер:


1. С. Әбенбаев – «Педагогика» 2003 ж.

2. Қ. Жарықбаев – «Педагогика және психология негіздері» 1993 ж.

3. Т. Сабыров – «Оқыту теориясының негіздері» 1989 ж.

4. Ә. Табылдиев – «Педагогика тарихы»1996 ж.

5. Н.И.Болдырев – «Педагогика»1970 ж.

6. А. Нысанбаев – «Білім сапасын бағалау »2008 ж.

7. Р. Қоянбаев – «Педагогикалық диагностика»2000 ж.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі