Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Білім сенің болашағың

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Білім – сенің болашағың
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып, содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағы – жан – жақты ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындыру;
Оқушылырдың ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын ортада айта білуге дағдыландыру;
Оқушыларды өз бетінше ізденуге, сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Ыбырай мен Абайдың суреттері, суреттер, мақал-мәтелдер.
Тәрбие сағатының әдісі: Ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың құрылымдық жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып, сабақ тақырыбын ашу

II. Негізгі бөлім

- Кіріспе. “Білімді болу – адам болу”.

- Мәтін талдау

- “1001 мақал, 101 мақал” ойыны

- “Білгенге маржан – білмегенге арзан” деген тақырыпта сұрақ – жауап

III. Қорытынды

Рефлексия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын тақтадағы суреттер арқылы анықтау.
ІІ. Негізгі бөлім

Білім туралы түсінік

Машықкер сөзі: Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби  “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”.

Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады.

Мәтінді оқу, тыңдау : “Ілімді құдай береді”.
Автор: Баби руынан Уақбай баласы Дәрменге Асан руы нағашы жұрты көрінеді. Жетес би билік тұтқасын ұстап жүрген кезде үйіне шақырып, нағашымның батасын алам деген көрінеді. Сөйтіп, қонақасы беріп отырып Жетес биге сұрақ қойыпты:
- Нағашы – еке, білім деген не? Ілім деген не? – депті. Сонда, Жетекең:
- Әй, жиенжан – ай, мұны өзің де білесің ғой, бірақ мені сөйлетуге құмар болып отырсың – ау. Сұрадың, айтайын. Ілімді құдай береді, білімді оқып аласың.
-  Жиенжан, сен білмейді екенсің ғой, білім, ілім және бүлін деген бар ғой.
- Бүгінде – өзі білмейді, білгеннің тілін алмайды, сөйтіп бүлінеді де жүреді.
 Мәтінді талдау.

- Жетес кім болған?
- Дәрмен деген кім?
- Дәрмен Жетес биге қандай сұрақ қояды?
- Жетес би қалай жауап береді?
“1001 мақал  ойыны, 101 жұмбақ” – мәтелдің жалғасын тап.
“Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім – жанып тұрған шырақ”.
“Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы”.
“Адамды  байлық дәрежеге жеткізбейді,
Білім жеткізеді”.
“Білікті – білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп – өнер”.

Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.
Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың.
Сөзі – дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.

Білгенге маржан – білмегенге арзан” деген тақырыпта сұрақ – жауап
- ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ жерінен шыққан оқу – білім туралы өлеңдер жазған ақын, жазушыларды білесіңдер?
- Ыбырай кім? (педагог)
- Абай кім? (ақын)
Алғашқы педагог кім? (Ыбырай)
- Ыбырай халқы үшін қандай еңбек сіңірді? ( мектеп ашты, қазақ балаларын оқытты)
Абай атамыз айтқан: “Бес асыл іс, Бес дұшпанды ата”. (бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) (бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
- Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
ІІІ. Қорытынды бөлім 

- Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.  Білімнің  керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады.  Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.
- Білім – біздің  шамшырағымыз, ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар!
“Жанымызға білімнің жарық нұрын сыйлаған ұстаздарға мың алғыс!”.

Ән: Ұстазым

Рефлексия

Сабақ соныңда оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан түйген ойларын жазып тақтада ілініп тұрған суретке апарып жапсырады.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1011
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12