Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Білімді ел мәңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауышқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімді ел-мәңгілік ел

1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе сөз.
3. «Дарабоз» зияткерлік ойыны:
а) 1 - айналым «Бәйге»
ә) 2 - айналым «Дода»
б) 3 - айналым «Жорға»
4. Сергіту сәті.
5. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз.
Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киімі емес, білімі.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
— Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?
Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол тағы басқа аға - апаларымызды білеміз.
2. «Дарабоз» зияткерлік ойыны
І – «Бәйге»Әр бала бір сұраққа тез жауап
береді. (он бес сұрақ беріледі, әр жауап - бір ұпай.)
1. Білім күні қай күн?
2. Бес қаруды ата.
3. Еліміз Тәуелсіздік алған күні?
4. Жеті қазынаны ата
5.
Мектебіміздің директоры кім?
6. Үш қуатты ата.
7. ҚР - ның рәміздерін ата.
8. Төрт кітапты атап бер.
9. Желтоқсан құрбандары кімдер?
10. Ауылымыздың әкімі кім?

11. ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?
12. Бес жаратылысты ата
13. Астананың туған күні?
14. Үш көзді ата
15. Күн көзі жылына неше рет шығады?
Жауаптары:
(1 - қыркүйек)
(Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта)

(1991ж. 16 желтоқсан)
(Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

.........................
(Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат)

(Әнұран, Елтаңба, Ту)
(Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбур - Дәуіттің кітабы, Інжіл - Исаның кітабы, Құран - Мұхамедтің кітабы) (Қайрат.
Ләззат. Сәбира, Ербол)
........................................
(1995ж. З0 тамыз)
(Күн, ай, жұлдыз., күндіз, түн)
(6 – шілде)
(Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.
Сөз анасы - құлақ)
(365 - 366)
ІІ – «Дода»Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар. Әр жауапқа 5 - ұпайдан 15 ұпай беріледі.
1. Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап - книга - bооk )
2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы(ит - собакa - dog).
3. Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын. (дос - друг - friend)
4. Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із калар.(бор - мел - chalk
5. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап - ручка - реп)
6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау - звонок - bеІІ)
III - «Жорға»Ұяшықтардың ішінде Қазақ тілі мен әдебиеті,
Математика, Тарих пәндерінен сұрақтар берілген. Әр пәндерді кезегімен таңдай отырып ұяшықтағы сұрақтарға жауап береміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті
1. Жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған ақын (Абай Құнанбаев)
2. Қазақ тілдің тіл байлығын, сөз мағынасын зерттейтін сала (Лексика)
3. Синоним мен антонимнің айырмашылығы қандай?
4. Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті - қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды. (Абай Құнанбаев «Қыс»)
Математика
1. Екі жарым таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)
2. Әсем поездің басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен поездің соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (Поезда 13 вагон болған)
3. Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша теңестіруге болады?(12 өріктен бөлінеді)
4. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста.
Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңіліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?
(Арай 3, Еңілік 9, Сағи 15, Меруерт 5 жаста)
Тарих
1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты? (мерген)
2. Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім?(Хиуаз Доспанова)
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды? (97)
4. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық майданға аттанды? (1млн. 200мың)

3. Сергіту сәті
Айырмашылықты тап
5. Қорытынды. Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақылжастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл – парасаты
мол азамат болып өсейік.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
488
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12