Материалдар / Білімді жас - кемел келешек кепілі

Білімді жас - кемел келешек кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маман туралы мақала. Өте көркем жазылған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Жаңғыру жолдағы жас маман рөлі

Орындаған: Қалмахамбет Темірғали

Өз дәуірінде жарты әлемді жаулап, билік қылған Александр Македонский бір сөзінде "Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым" депті. Қызық...
Мұндағы сөз мазмұны соқырға да көрініп, кереңге де естіліп тұр. Анығында, Зұлқарнайын деп қазақшаға аударылған тегі зұлымдықтық символындай болып қалған. Ал, ұстаз алдында бас иген Ескендірдің өзін осы сөзіне қарап-ақ жауыздық атаулыдан арашалап алуға болады. Адамның артында істеген ісі мен сөзі қалар болса, ал мен таңдаған мамандықтың шеңберінде де осы екі дүниенің ізі жатыр.
Кез келген іс алдында бағдар жатады, біреудің кеңесі, болмаса ел мақтаған қасиеттеріңді іштей жинақтай келе бір мамандыққа тоқтайсың. Ал, сол мамандықты дұрыс, болмаса бұрыс таңдауың өміріңе үлкен әсер етеді. Әркім әртүрлі айтады, тағысы жазады. Бірақ, менің ұстаз болуға қызығушылығымды оятқан - өмірлік ұстазым. Оқырманның "Ол кім?" сұрақты қоюы да заңдылық. Ол - анам. Тәрбие берудегі өзіндік аналық методикаларын пайдалануы, көрер көз бен түйсінер санаға "бір ғылым" сияқты. Кішкентайымнан доп қуып, шөп үстінде алысып өскен көше баласы үшін спорттың қай түрі болмасын қиын емес. Мен күресті таңдадым. Өмірлік күреске үйреткен анамның алдында басымды иіп, өз қабілетімді еркін күрестен бапкер ретінде сынамаққа бекіндім. Жұмыс жасап жатқаныма жыл өтпеді. Десек те, жас маман атанған мен үшін әр күннің өзіндік қызығы мен қиыншылығы болды. Ұлы елдің жасөспірім балаларын жинап, боз кілем үстінде сабақ өткізіп келемін. Мұным бөлек бір тақырып.
Ал, мен сияқты жас маманның жаңа заманға сай жаңғыруы қаншалықты пайдалы?! Ұлт алдындағы үлкен рөлді ұстаған ұстаздар қауымының қатарына қосылғаныммен, қаншалықты міндетіме жауапты, тірлігіме тынымды бола алдым?! Осындай сұрақтарды өзіме қоюым, бұл бір байқаудың шеңберіндегі ғана мәселе емес еді. Жалғастырайын...
Қаны қазақ баласы үшін қай кезде де "намыс" ұғымы нар көтерер жүктен ауыр сөз болған. Менің мамандығым осы сөздің үстіне құрылған. "Спорт - ойын емес, ол - соғыс". Ал, қарсыласыңа есе жіберуің жеңіліс емес, жігеріңді жануыңа себеп болуы шарт. Осы құнды сөздерді бала бойына сіңіру арқылы шынайы, қайталап жазайын шынайы жетістікке жете аламыз. Жаңғыру жолындағы бұл басты қадам. Жаңа технологияларды меңгерудің шеңберінде ғана "жаңғыру" тақырыбын ашуға болмайды. Рухани жаңғыру деген жаңа стильдегі адам болу емес. Ескінің адамдары ұстанған бағыт пен жолдың ізін басудың өзі - жаңғыру. Сондықтан, солғын тартқан гүлді жұлуға емес, қайта жұпар шашып өсуіне жағдай жасауымыз керек.
Жас маман ретінде қылған қызметім мен жасаған жұмыстарымның жемісін көру үшін, талай жыл талмай еңбек етемін. "Жас" деген сөздің "маман" сөзімен тіркесе жазылуы үлкен статус. Себебі Елбасымыз Н.ӘНазарбаев  "Ел болашағы - жастардың қолында" деп баса көрсетті.
Байбалам қылғанға байлық беріп, шу шығарғанға шен ұстату - қазіргінің "ауызжабары". Ал, ұстаз бойынан жиған асыл қасиеттерің арқылы өзіңе ғана емес, ұлтыңа пайдаң тиері айқын. Абай атамыз "Адамды үш түрлі ортадан тәрбие алады" десе, соның бірі - Ұстаз. Ал, ұлы мамандық жайлы жазылған шығарма мен жазылар әңгімелердің шегі жоқ шығар.
Ұстаз бен мұғалім арасында қандай айырмашылық бар? Біз қайсысы болуға талпынып жүрміз?!
Мұғалім сөзінің анықтамасы: көк немесе қызыл қағаздың иелері. Ал, ұстаз болу - артыңа қалдырған ізіңнен берілген мәртебелі статус. Қорықтым. Ұстаз бола алмасам, жылдар бойы жұмсаған уақытымның зая кеткені. Десек те, адырнасынан атылған жебедей болмаса да, бірте-бірте даму жолындамын.
Жаттықтыру залын шағын кеме деп алсақ, мен сол кеменің капитанымын. Рөл де менің қолымда. Ал, кеме ішіне кірген әрбір шәкірттің жол рөл бағыттаған жақа қарай жүруі - заңдылық. Жолдағы алапат дауыл мен тоқырау толқындарына қарамай жүзу - шеберлік пен төзімділіктің еншісінде. Болашақ капитандарды шығару үшін жер бесікте тербелгенше тер төгемін. Мұным - уәде.
Шығарманы шығара салу - сөз саптаудан ғана тумайды. Ол терең ізденіс пен тұнық ойдың түбінбегі маржан сөздердің жиынтығынан құралуы керек. Аяқтадым. Абайша айтқанда "оқырман керегін алар".

19 Ақпан 2025
86
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі