Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Білімді мыңды жығар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар...»

Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Астана жайлы меңгерген білім дәрежесін тексеру, ақыл-ойларын, сөздік қорларын байыту, өз ойларын жеткізе алу қабілеттерін тексеру.
Дамытушылық: жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту, олардың ойлау қабілетін, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: өлең, жұмбақ, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың рухани-эстетикалық талғамын, еліміздің бас қаласы - Астананы құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, сиқырлы сандар.
Тәуелсіздік таңының ұл-қызысың,
Біліммен, өнерменен бұлқыныңыз.
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи,
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз,- дей отыра ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Сайыстың өтілу барысымен таныстырайық:
1 бөлім-«Бәйге»
2 бөлім-«Тіл өнер»
3 бөлім-«Егер мен Астанаға барсам...»
2 Жүргізуші:
Ал енді, сайыскерлеріміз дайын болса, сайысымызды бастайық. Сіздерге сәттілік тілейміз!

1 бөлім. Бәйге
«Бәйге» десе бұлқынбас жас болар ма, деп 1 бөлім Бәйгені бастайық.
Бәйгеде 30 сұрақ беріледі. Мен сұрақтарды кезек-кезек оқып тұрамын, араларыңызда карточканы бірінші көтеріп және дұрыс жауап берген сайыскерге 10 ұпай беріледі. Сайыстан кейін балы төмен екі оқушы шығады. Шартпен таныс болсаңыздар бастайық.

Сұрақтар:
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
(1991)
2. 1992-1998 жылға дейін Астана қалай аталды? (Ақмола)
3. Диалог деген не? (екі адамның сөйлесуі)
4. «Астана-Бәйтерек» кешенініңбиіктігі (97 метр)
5. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)
6. Астанадағы ағаш глобусында неше жапырақ бар? (17)
7. 2017 жылы Астанадағы басты көрме (ЭКСПО-2017)
8. «Үміт» сөзінің синонимі (арман, қиял)
9. Астана күні (6 шілде)
10. «Қазақстан-2030» кітабының авторы (Н.Ә. Назарбаев)
11. Қазіргікезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жү змың)
12. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
13. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
14. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа»)
15. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы)
16. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр)
17. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен»)
18. «Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйы птұр? (13 үлкен аквариум)
19. Астана қаласындағы газон қаншашаршы метр? (1 млн 200 шаршы метр)
20. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
21. ҚР елтаңбасы мен туының авторы кім? (Ш.Ниязбеков, Ж.Әлімбеков, Ш.Ниязбеков)
22. 100 жасаған ақын? (Ж.Жабаев)
23. ҚР президентінің резеденциясы (Ақ орда)
24. Ірі сауда, ойын-сауық орталығы (Хан шатыр)
25. Әлемдік және дүстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер (Бейбітшілік жіне келісім сарайы)
26. «Астана-арена» стадионы қанша орныға арналған (30000)
27. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
28. Елордалықтардың орташа жасы (30 жас)
29. Астананың ең қысқа көшесі (Біржан сал көшесі)
30. Елордадағы ұзыннан ұзақ созылып жатқан ғимарат (Министрліктер үйі)

2 бөлім. «Тіл өнері»
1-жүргізуші: Бұл айналымда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдері сараланады.
Бұл турда мен мақал және жұмбақ оқимын, мақалдан қалып қалған сөзді тауып және жұмбақтың шешуін тауып, орысша, ағылшынша аударыңдар.
Әр сөзге 10 ұпай беріледі, ал барлығын тапса 30 ұпай беріледі. Сонымен, 2 турымызды бастаймыз.
1. Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектің ... тәтті (нан-хлеб-pread)
2. Cұйық, қатты, аз болып құбылатын, Ішіп-кешіп, жүзетін затын (су-вода-water)
3. Жылтырағанның бәрі ... емес (алтын-золото-gold)
4. Дыбыс естісе қашады, Қырдан бір-ақ асады (қоян-заяц-rabbit)
5. Көп жазсаң, қолың талады, Қағазға бәрін салады (қалам-ручка-pen)
6. Атпаз көрген ат тынар, Ұстаз көрген  ... таныр. (хат-письмо-better)
7. Тышқанға қауіпті, Иттерге жау мықты (мысық-кошка cat)
8. Айдалада ақ отау, Аузы – мұрны жоқ отау (жұмыртқа-яйцо- egg)
9. Көп әңгіме, өлеңі
Күнде ақыл береді.
Жақсы көрсе сені кім,
Саған тиер көмегі (кітап-книга-book)
10. Тұмсығымен қозғалар, Соңында аппақ із қалар (бор-мел-chalk)

3  бөлім. «Егер мен Астанаға барсам...»
Бұл сайыста сайыскерлер шешендік өнерін, өз ойын, тілдік байлығын көрсетеді. Ойлануға 3 мин беріледі. Өз ойын анық жеткізген екі сайыскер қалады, ал қалғаны ойыннан шығады.
Сонымен, «Егер сен Астанаға барсаң...»  не істер едің?

Жарыста жеңіліс те, жеңіс те болады. Жарыста жеңілсең де өмірде жеңілмей жолыңбола берсін деген тілекпен. Сайыскерлерімізді  қошеметпен шығарып салайық!
1-жүргізуші: Осымен біздің сайысымыз соңына жетті. Қорытынды және марапаттау сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші: «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,
Білікке сенер заманда қапа қалып жүрмейік» деп даналарымыз айтқандай. «Келешек-білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағыибар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12