400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білімді тәрбиеші - жарқын болашақты жасаушы

Материал туралы қысқаша түсінік
тБалабақша әрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімді тәрбиеші жарқын болашақты жасаушы

Ұрпақ тәрбиесіне мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестемесін сәби жүрегіне тербеп, ой-санасын адамгершілікке жетеледі. Сондықтан атадан жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, инабатты болуды отбасы мен бала-бақшадан қалыптастыру керек. Оқу мен тәрбие, бұлар бір- бірінен бөліп қарауға болмайтын үдеріс. Оқу мен тәрбиеге тоқталатын болсақ, бұл істе мұғалім- тәрбиешінің қосатын үлесі зор десек те болады. Жеткіншекті тәрбиелеу мен оқытуда әр мұғалімнің өзіндік әдіс-тәсілі бар. Қандай тәсіл қолданса да, мұғалім оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға үйретуі тиіс.өз ойымен тұйықталған баланың ойлау қабілеті еркіндамымайды. Алайда, тәрбиешіге «Сабақты былай өткіз» деп нұсқау қиын. өйткені ол – тәрбиешінің қиялынан туындайтын, шығармашылықты қажет ететін үдеріс, яғни тәрбиеші өз сабағының авторы. Тәрбиеші жұмысы – ұдайы ізденісті, еңбексүйгіштікті қажет етеді. ең маңыздысы, баламен жүргізетін іс- әрекеттер. Белгілі педагогВ.Сухомлинскийдің «Сабақ – бұл мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы, ой-өрісі, білімдарлығының көрсеткіші» деген сөзі, соның шынайы көрінісі. яғни, сабақ оқу үдерісінің ең құрамдас бөлігі.

Қазақ халқының ұлы педагогы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин мұғалім болу үшін әрбір ұстаз – ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білуі керек дей келе, «Мұғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы. егер бала бір нәрсе білмей қалса, ол бала кінәлі емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі. ұстаз балаға сабырмен, салмақты, қысқа сөйлеу керек. Ол әрбір пәнді түсіндіргенде шын ықыласымен, әрі қарапайым тілмен түсіндіруі керек» дейді. Сондықтан мұғалімнің бойында жоғары білімділік, білгірлік, шыдамдылық, ізденімпаздық қасиеттері болғаны абзал.

Ақын-жазушы, драматург, педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде «Мұғалім – үнемі қозғалып, өзгеріп, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды. Сабақ беру – үйреншікті, жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан- жаңаны табатын өнер. Оқыту, білім беру, тәрбиелеу әдісі үнемі ізденуден туатын іс-әрекет» деп атап өтеді. Жоғарыда айтылған өнегелі өсиеттерден түйіндейтініміз, адамның жеке басының және оның бойындағы адамгершілік құндылықтың дамып жетілуіне мұғалімнің білімді болуының ықпалы зор екендігі.

Тәрбиеші – оқу-тәрбие үдерісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық ой-өрісінің даму дәрежесін бақылай білетін сезімтал психолог екені белгілі. Сондықтан, өз тәжірибемде баланың сөздік қорын байыту мақсатында, тіл дамыту сабағында жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтарды молырақ пайдаланамын. Педагогтің балалармен бірге қосылып айтқан қандай да бір іс-әрекеті оң нәтиже беріп отырады. Мысалы, тіл дамыту сабағын өткізген кезде дауыстап, хормен жаттатқан мынадай тақпағымыз:

Қолымызда сылдырмақ,
Қоңырауы сылдырлап,
Сылдыр-сылдыр, сылдырмақ,
Сөйлейтіндей былдырлап.
өлең жолдарында кездесетін сыл-дыр, был-дыр, -лы, -ра буындары баланың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастырып қана қоймай, сауат ашу сабағында да балаларды «Рр» дыбысымен таныстырған кезеңде «Рр» дыбысын «лл» дыбысынан айырып айта білуге көп көмегін тигізді.

Бала тумысынан жаман болмайды. Осыны ескере отырып, кейбір балалардың тілдік қорының аз екендігіне көңіл бөліп, оларға мүмкіндік беріп отырамыз. Қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстармен таныстырғанда дауыс ырғағын, екпінін дұрыс келтіріп, дыбыстарды дұрыс айтуға үйретеміз. Әрбір дыбысты бір-бірінен ажыратып, оларды айтқызғанда айтылу артикуляциясын дұрыс қойып, мәнерлеп айтуға мән береміз. Оқу дегеніміз – ақыл- ойды дамыту. Тіл дамыту сабағында ертегілер оқып беріп, сұрақ-жауап арқылы балаларды әңгімеге тартамыз. ертегі кейіпкерлерін рөлге бөліп беріп, сюжеттік-рөлдік ойындар ойнатамыз. Нәтижесінде балалардың ертегідегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуі, ертегі мазмұнын түсінуі арқылы ой-өрісінің дамығанын оқу арқылы ақыл- ойының күн санап толысқанын байқаймыз. Мысалы: «Жеті лақ» ертегісіндегі лақтарды санау арқылы тіл дамыту сабағының қарапайым математикамен де байланысып жатқанын көреміз. Оқуға үйретерде бала оқи отырып, ойлай алатынына көзіміз жетеді. Сонымен, жас ұрпақ біздің өміріміздің жалғастырушысы ғана емес, еліміздің болашағы. демек, бұл білім мен тәрбиенің қатар жүретінінің дәлелі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
279
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі