Интеллектуалды ойын тақырыбы: Білімді ұрпақ – ел болашағы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Дамытушылық: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін көне сөздер, нақыл сөздер, фразеологизмдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатын (слайд) таныстыру.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 22-қыркүйек Халықаралық тілдер мерекесіне орай 9-10 сыныптар арасында өткізгелі отырған «Білімді ұрпақ – ел болашағы»атты мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының,
1-жүргізуші.
Бәйгеге түсіп
жарыспай
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәрбие, тәлім табар
мән.
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол
алда.
2-жүргізуші.
Ана тілі қазағымның
қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады - деп, бүгінгі интеллектуалды ойынымызға
қатысушы ойыншыларымызды таныстырып өтейік. Сайысымызға 9-бен
10-сынып оқушыларынан 5 оқушыдан екі топ қатысады. Сайыс 5
айналымнан тұрады.
1.«Білгенге маржан...»
2. «Сөз төркінін таниық»
3. «Ойлан, тап!»
4. «Айшықты сөздер алаңы»
5. «Салт-дәстүрім қазынам»
Сайысқа қатысушы топтар топтарының аты мен ұранын таныстырып өтеді.
1-топ аты – «Сұңқар».
Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
2-топ аты – "Ел ертеңі"
Ұраны: Ел ертеңі біздерміз, Жеңіс үшін келгенбіз.
1-жүргізуші.
- Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! - деп, әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
Әділқазылар алқасының төрайымы – Мұңайтбасова Бәтима Орынбасарқызы
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Мұңайтбасова Галина Орынбасарқызы
І айналым. «Білгенге маржан»
Әр топқа қазақ тілі пәніне қатысты сұрақтар қойылады. Қатысушылар тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топтың ойыншылары 10 сұраққа кезекпен жауап береді. Әр сұраққа толық жауап берілсе, 10 ұпаймен бағаланады. Жартылай айтылған жауапқа 5 ұпай.
1 - топ.
1. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар саны нешеу? (12)
2. Тұйық буынды сөзге бірнеше мысал келтір (ой, ант, )
3. Жаңа түскен келіннің қайын жұртының атын атамауы, жыртқыш аңдардың, мал ауруларының атын тікелей атамай айтылатын сөздер? (табу)
4. Омоним сөзге бірнеше мысал келтір (мақта, )
5. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
6. «Бесеуден» сөзі сан есімнің қай түріне жатады? (топтау)
7. Есімдіктің неше мағыналық түрі бар? Ата. 7 (жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық)
8. Сөздердің байланысуының неше түрі бар? Ата. 5 (қиысу, матасу, жанасу, қабысу, меңгеру)
9. Мұның қашанғы мінезі осы: ұнатқан нәрсесін көкке көтере мақтайды. Сөйлем түрін анықтаңыз. (түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем)
10. Сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтіріңіз.
2 –
топ
1. Дауыссыз дыбыстар саны нешеу?
(25)
2. Бітеу буынды сөзге бірнеше мысал келтір (қант, )
3. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер қалай аталады? (диалект)
4. Көп мағыналы сөзге бірнеше мысал келтір. (бет, аяқ, көз)
5. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
6. «Алтынды», «жағалы» сөздері сын есімнің қай түріне жатады? (қатыстық)
7. Үстеудің неше мағыналық түрі бар. Оларды ата. 7 (мезгіл, мекен, сын-қимыл, мөлшер, күйшейткіш, мақсат, себеп-салдар)
8. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу? Ата. 4 (орын тәртібі, жалғау, шылау, интонация)
9. Ертеңінде аспан ашылғандай болып, маужыраған бір әдемі түн басталды. Сөйлем түрін анықтаңыз. (қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем)
10. Салалас құрмалас сөйлемге мысал келтіріңіз.
ІІ айналым «Сөз төркінін таниық». Интерактивті тақтада 10, 20, 30 ұпайлар көрсетілген ұяшықтар көрінеді. Соған сай сұрақтар жасырылған. Берілген 4 жауаптың ішінен дұрыс жауапты тауып, толық жауап берілсе, сол ұпайға ие болады, ал, тек қай топқа жататынын анықтаса, сол ұпайдың жартысы есептеледі.
10 ұпай
«Мұзбалақ» – аң, құс, өсімдік, қару атауы (Құс. 5 жасар бүркіт атауы) 10 «Сірне» - киім, тағам, ат әбзелі, жәндік (Тағам. Жас малдың етінен қарып, қуырып пісіретін тамақ) 10
20 ұпай
«Сарт» - егін шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, сауда кәсібі (Сауда кәсібі. Саудагер) 20 «Жуалдыз» - қару, қолөнер, жәндік, құс (Тебен ине) 20
30 ұпай
«Алан» - өсімдік, аң, ауру, құс (Аң. Барыстың күшігі) 30 «Өндір» - құс, мата, ат әбзелі, ою түрі (Ат әбзелі. Жаңа өрілген қамшы) 30
ІІІ айналым. «Ойлан,
тап!».
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 1 поэзиялық, 1 прозалық шығармадан үзінді берілген. Ойыншылар үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табулары қажет. Толық жауап берілсе, 10 ұпай, тек авторын немесе өлеңнің аты ғана айтылса, 5 ұпай.
1- топ
1.
Түркістан — екі дүние есігі
ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
(«Түркістан». М.Жұмабаев)
2. Қайран Тектім-ай!.. Алпамсадай арысым едің... Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау! Қолыма салмағың білінсеші, - деп, ауру жігітті қолына көтерген ағасы енді төсекті жайғап салған әйелі Қатшаның қасына алып келді. Ауру жанды Қатша мен ағасы жертөсекке оң жақ қырынан жатқызды. («Қараш-Қараш оқиғасы». М.Әуезов).
2-топ
1. Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емес,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
(«Қара өлең». М.Мақатаев)
2. - Баяғыда бір жетім бала болыпты, - деп бастады... -баяғыда бір жетім бала болыпты... ары қарай күңгір-күңгір, күбір-сыбыр ертекке айналды. Бүгінде менің есімде ол айтқан ертектің көбі қалмаған, тіпті сол арманшыл баланың өзін де ұмытқандай едім... Тек, "баяғыда бір жетім бала болыпты" деп басталушы еді, ал, қалай аяқталатынын білмеймін, мүлдем есімде жоқ, қалай аяқталушы еді?..
(«Тортай мінер ақ боз ат» О.Бөкей)
IV айналым.
«Айшықты сөздер
алаңы»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері
беріледі. Сол тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табу қажет. Әр
табылған жауапқа 10 ұпайдан.
І топ.
1.Екі аяғын бір етікке тығу - қысымға
алу
2.
Жарғақ құлағы жастыққа
тимеу – тыным таппау
3. Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты
4. Кежегесі кейін тарту – жалқаулану
5. Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру – алдау
ІІ топ.
1. Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмеу, абдырап сасу
2. Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру
3. Сырдың суы сирағынан келмейді тіркесінің мағынасын аш?(елең қылмау, мән бермеу)
4. Қозы көш жер – жақын жер
5. Мұзға отырғызып кету – алдау
V айналым. «Салт-дәстүрім – қазынам». Интерактивті тақтада көрсетілген фигураларды таңдай отырып, сол фигураларда жасырылған сұрақтарға жауап береді. Толық жауапқа – 20 ұпай, толық емес жауапқа – 10 ұпай.
1-топ
1. Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
2. Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ортасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін картаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салынғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.
2-топ
1. Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды.
2. Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрметін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, көмегіне ақы алмайды.
Қорытынды:
1- жүргізуші.Сонымен біздің ойынымыз да өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.
Марапаттау.
1-жүргізуші.
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
2-жүргізуші.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң
қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бала, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік! Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт. Осымен бүгінгі «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты сайысымыз аяқталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Білімді ұрпақ - ел болашағы" зияткерлік сайысы 9-сынып

шағым қалдыра аласыз