Білімді ұрпақ - ел ертеңі (Мақала)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білімді ұрпақ - ел ертеңі (Мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Білімді ұрпақ - ел ертеңі" тақырыбындағы мақала үстаздарға арналған.Болашақ ұрпақтың білімді, сауатты болу - өз қолдарында екендігі туралы мәлімет берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімді ұрпақ ел ертеңі


"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз".

(А. Байтұрсынұлы)

Егеменді еліміздің ертеңі-білімді ұрпақ қолында. Терең білім саналы тәрбие негізінде бойға сіңетіні белгілі. Ел болу — болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Елбасымыз Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр, - деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Cол себепті, еліміздің тұңғыш президенті алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, бүгінгі жастар – болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі екенін жеткізді.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі жас ұрпақ. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бойында ұлттық құндылықтар бар, сақталған жеке тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, сан қилы өмірде аяғынан тік тұрып кететініндей түрткі жасауымыз қажет. Сол себептібарша ұстаздардың, ата-ананың, қоғамның міндеті әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. Қазақ халқының  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- деген. Бұл үлкен міндетті орындауда ұстаздардың ролі жоғары болу керек. Ол ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі еліміздің азаматы сондықтан, бала тәрбиесінде қате қадам жасамауымыз қажет. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Мұғалімдік – кез келгеннің қолынан келе бермейтін, өз мамандығын сүйетін білімді, адамдар ғана айналысатын іс. Соңғы кездері еліміздің білім беру ісінде түрлі өзгерістер болып жатыр. Ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену қадамдары бұл кезеңде дәстүрлі оқыту түрінен жаңашыл теорияларға негізделген білім жолға қойылуда. Жас ұрпаққа беретін білім сапасы ұлтымыздың салт-дәстүрімен байланыса жүргізілуі керек. Сонда ғана өз ұлтын сүйетін ұрпақ қалыптасады. Жаңа технологиялар білім беру саласын дамытуға, оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруға, пәндердің бір-бірімен байланысуын көздейді. Сабақ барысында оқушылар ақпараттық технологиялармен жұмыс жасап, өркениеттің жаңалықтарымен танысады.

“Ықылым заманнан бері қазақ атамыз” “Білекті бірді, білімді мыңды жығады” деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл, — деп атап өтті Елбасы.
Он екі жылдық білім беруге көшу үшін ұстазбен қатар, оқушылар да жаңашылдыққа талпынуы тиіс. Ізденіс болған жерде нәтиже де жақсы болары хақ. Әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, мұғалім сабақты жаңашылдықпен өтуі тиіс. Болашақ ұрпақты заман ағымына сай тәрбиелеп, оны жаңа ғылыми технология түрлерімен жасақтандырып сусындату үшін мұғалім мөлдір де терең қайнар бұлақ бастауы болуы шарт.

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарды айта кетсек: Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әр бір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады. Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек.

Жаңарталған бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуге жетелейді. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді. Жаңартылған бағдарламаның талабына сай мұғалімдер курстардан бағдарламаның мазмұнын біліп, оның ерекшеліктерімен танысып, заман талабына сай ақпараттандырылған, мақсатқа жеткізетін педагогикалық тәсілдерді меңгерумен қатар көптеген тәжірибелер алуда. Жаңа бағдарлама құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтарға негізделген. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен ізденуі оқу үдерісіне қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады». Бүгінгі оқушы – ертеңгі еліміздің азаматы сондықтан, бала тәрбиесінде қате қадам жасамауымыз қажет. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Мұғалімдік – кез келгеннің қолынан келе бермейтін, өз мамандығын сүйетін білімді, адамдар ғана айналысатын іс. Соңғы кездері еліміздің білім беру ісінде түрлі өзгерістер болып жатыр. Ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену қадамдары бұл кезеңде дәстүрлі оқыту түрінен жаңашыл теорияларға негізделген білім жолға қойылуда.

Қазіргі таңда мұғалім болу, тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының, оның моральдық бейнесінің атқаратын рөлі орасан зор. Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Ерік-қайраты күшті, қазіргі заман талабында өмір сүре алатындай мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің өзінің жеке басы сол талаптарға сай болу керек. Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады. Сол себепті заман талабына сай шығармашылықпен жаңашылдықпен  сан қилы тәрбие жұмыстарын жүргізу –тәрбиешінің басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек.

Мемлекет тарапынан жасылынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Өйткені, өмір, ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім. Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті екенімізді естен шығармайық!

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасаты мол азамат болып өсейік.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!

деп Мағжан Жұмабаев өзінің «Жастар» өлеңінде айтып кеткендей, ұрпағына зор үмітпен қараған. Намысы биік, айбынды, рухты жастар бар кезде, елдің іргетасы мықты болады. Олай болса, менде иманы мықты, сыйластығы жарасымды еліміздің жастарына сенімім мол. Осының бәрі еліміздің келешек жастары үшін жасалған керемет мүмкіндіктер. Өйткені еліміздің ертеңі – білімді, зейінді ұрпақ.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2023
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі