жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Білімді ұрпақ - ел тірегі!"
Күні: 3.12.2014ж
Қатысатын сыныптар: 9а, 9б, 10
Сайыс сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ел тірегі!»
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, ауызша сұрақтарға жылдам жауап беру қабілеттерін дамыту;
Жауапкершілікті сезіне білуге, өз бетінше еңбектенуге, терең ойлап, жылдам жауап беруге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап
Сабақ түрі: сайыс, білімділікті тексеру
Көрнекіліктер: ұлы ғұламалар портреттері мен нақыл сөздері, плакаттар
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіздер оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
Олай болса, тұрмайық,
Сайысымызды бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды сайлайық.
(әділқазылар алқасы сайланады)
Енді біз өз сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
Сайыс 7 бөлімнен тұрады:
Бәйге (сұрақ-жауап)
Ғажайыптар алаңы (есептер шығару)
Полиглот
Кім жылдам? (формула құрастыру)
Минитест (әр пәннен 2 сұрақтан)
Жеңімпаз (ортақ логикалық сұрақтар)
Қорытындылау.
Ал, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық.
І. Бәйге. Барлық топқа ортақ сұрақтар қойылады, әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.
Дәйексөздің (цитаттың) басында, аяғында, не соңында сөздер қалдырылған жағдайда қойылатын белгі (қос нүкте)
Геометрия сөзінің мағынасы (жер өлшеймін)
Векторлық шамаларға қандай шамалар жатады? (күш, үдеу, жылдамдық, уақыт)
1968-1971 жылдары Паскаль тілін оқып-үйренуге өте ыңғайлы программалау тілі деп таныған швейцариялық ғалым (Никлаус Вирт)
Паскаль тілінің қарапайым операторларын атаңдар (меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу-шығару, бос операторлары)
Физика ғылымы нені зерттейді? (табиғат құбылыстарын)
Еріндік дауыстылар саны қанша? (5)
Ағылшын алфавитінде қанша әріп бар? (26)
Мендельдің неше заңы бар? (3)
Көмірқышқыл газының формуласы? ( НCO )
Қай дәрумен жетіспегенде қан аздық ауруына ұшырайды? (В1)
Қазақстанның Каспий теңізі арқылы шектесетін мемлекеті ( )
Африкадағы ең суы көп өзен ( )
Ежелгі Египеттіктер 1 жылды қанша күнге бөлген? ( )
« Ғасырлар тоғысында» кітабының авторы? )Н.Ә.Назарбаев)
ІІ. Ғажайыптар алаңы. Әр дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай беріледі.
Әр сыныпқа жеке тапсырма есептер беріледі. (4 минут)
9а,б сыныпқа:
ІІІ. Полиглот. Мұнда жасырылған сөздің 3 тілдегі баламасын дұрыс айту керек. Әрбір дұрыс табылған балама үшін 10 ұпайдан берілу керек.
9а сыныбына:
Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер. (сегіз, восемь, eight)
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама. (кітап, книга, book)
9б сыныбына:
Неше жылда ел жаңа? (елу, пятьдесять, fifty)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)
10-сыныпқа:
Болса да көкте мекені, Кездеспейді екеуі. (ай-күн, луна-солнце, moon-sun)
Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян, заяц, rabbit)
IV. Кім жылдам? Бұл кезеңде әр сыныпқа жеке тапсырма беріледі, яғни олар алдарына берілген карточкалардан дұрыс формула құрап шығу керек.
HSO
HCL
HCO
sin² x+cos² x = 1
1+tg² x =
cos2x = cos²x - sin²x
V.Минитест. Әр пән бойынша 2 сұрақтан алынған.
Тест сұрақтары.
Омоним сөзді табыңыз
А. Керемет В. Кірпік С. Көктем Д. Күндіз Е. Кеш
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған жылы
А. 1989 В. 1986 С. 1987 Д. 1991 Е. 1990
Үйсіндердің негізгі шаруашылығы
А. Құс В. Көшпелі мал С. Егін Д. Балық Е. Аң аулау
Керей мен Жәнібек хандар бөлініп кетті...
А. «Көшпелі өзбек» мемлекетінен В. Ноғай Ордасынан С. Сібір хандығынан
Д. Моғолстаннан Е. Ақ Ордадан
Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ЕҮОБ-ін табыңдар
а=2²*3²*5; в=2*3*7
А. 12 В. 35 С. 3 Д. 6 Е. 2
6. Қандай сызық мына теңдеу арқылы берілген: х+5у+1=5у
А. Түзу В. Эллипс С. Гипербола Д. Шеңбер Е. Парабола
7. Серіппе созылғанда орындалатын жұмысты анықтайтын өрнек:
А. A=FS В. A=mgΔh С. A==Nt Д. A=Fscosx Е. A=E E
Дисахаридке жататын зат:
А. Глюкоза В. Фруктоза С. Крахмал Д. Сахароза Е. Целлюлоза
Газ толтыратын пластик:
А. Пенопластар В. Аминопластар С. Фенопластар Д. Силикон Е. Целлулоид
Жасуша шырнында болады
А. Су, тұз В. Су, қант, тұз С. Тек қана су Д. Су, қант Е. Тек қант
Жүйке арқылы тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беруі
А. Рефлекс В. Сезу С. өткізу Д. Қозу Е. Қозғалмау
Дүниежүзінде халқының саны көп мемлекет
А. АҚШ В:. Қытай С. Үндімтан Д. Бразилия Е. Ресей
Глобуста және картада параллель сызықтар мен меридиандар бейнесі деп ... аталады
А. Градустық тор В. Кескіндеу формасы С. Математикалық бағыт
Д. шартты сызық Е. Ауданын анықтау
Орыстар, украиндар, белорустар... нәсілдеріне жатады
А. Монголоид В. Европоид С. Аралас Д. Австралид Е. Экваторлық
Дұрыс жазылған сөзді таңдаңыз
А. Chempeonship В. Champeonship С. Chanpionship Д. Chempionship Е. Chаmpіonship
16. Бір сөзбен айтыңыз: People usually go to see animals there
А. Shop В. Gallery С. Cinema Д. Zoo Е. Museum
VI. Жеңімпаз топты анықтау үшін 3 топқа да ортақ логикалық сұрақтар қойылады. Әр сұраққа дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Суда қандай тас болмайды? ( құрғақ)
Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
Қай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? ( құс жолы)
Таныс емес қалаға келген математик шашын алдырмақшы болады. Қалада екі ғана шаштараз бар, олардың әрқайсысының жеке өз оры бар. Солардың біріншісіне кірсе, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киінгенін көріп, шашын қалай болса солай алынғанын көреді. Ал, екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза киінген, шашы сәндеп алынғандығын көреді. Бірақ математик аз уақыт ойланып тұрады да, бірінші шаштаразға қайтып келеді. Неліктен? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан, олар бірінің шашын бірі алады.Демек, біріншісі-жақсы шаштараз)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап беруге болмайды? ( сен ұйықтап жатырсың ба?)
Жылына 4 рет киінетін не? ( Жер)
VIІ. Қорытындылау. Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздар анықталып, марапатталады.
-Осымен біздің бүгінгі «Білімді ұрпақ-ел тірегі !» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген