400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білімдіден шыққан сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың білімдіден шыққан сөз өлеңін талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: № 2 Білімдіден шыққан сөз

«Білімдіден шыққан сөз...» - Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 8 шумақтан тұрады. Тақырыбы мен идеясы жағынан бұл туынды ақынның «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Өзгеге, көңілім, тоярсың...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Алыстан сермеп...», «Біреуден біреу артылса...», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.]..» секілді өлеңдерімен үндес, сарындас. Шығармада айтушы мен тыңдаушы, ақыл мен ақылсыздық, жақсы мен жаман, білімді мен білімсіз арасындағы айырмашылық анық, айқын әрі көркем суреттеледі.

Өлең мағынасы

Білімдіден шыққан ақыл сөз көкірегі бітеу, кеңілі қараңғы тасыр адамға емес, көкірегінде көзі бар талапты адамға кез болғанда ғана одан пайда болатынын толғай отырып, ақын жақсы мен жаманның бойына, мінез-құлқына тән басты-басты бірнеше белгілерді көрсетеді. Ақын жаманға тән мынадай ерекшеліктерді атайды: түзу сөзге сенбеу, тыңдауға, ұғуға құлқы, ынтасы жоқ, бойкүйез, бірақ тыңдауға құмарсып, ұққыш жансып бекер шабыну, ақыл, ойында байлам жоқ, айтшыл да тойшыл, қызшыл да қызықшыл болып, біресе ыржаң, біресе қылжаң қағу. Мұндай жан үшін ақыл да бір, денедегі арам бөз де бір. Қулық, сұмдық не есек, иә болмаса сұлу қыз, батыр мен барымташы жайы айтылған қысыр, қыңыр сөз болмаса, жаманның жабық көкірегіне білімнің, ақылдың сөзі ене алмайтыны шыншылдықпен суретті де, бейнелі баяндалады. Мұндай ит мінезге ақын сөз парқын білетін талапты адамның қасиеттерін қарама-қарсы қояды. Жақсы деген жанның көкірегінде білімдіден шыққан сездің нұрын керіп, сырын тани алатын кез болатынын, жүрегі сезімді, көңілі сергек келетінін бірде бейнелеп, бірде пернелеп айту арқылы ұлы ақын өз шығармасының мазмұнын байытып, ажарын аша түседі. Абайдың ақындық-азаматтық талабы, эстетикалық нысанасы тұрғысынан келгенде, терең айтылған білім сөзін көңілінің көзі ашық, ойы сергек жақсының шын көңіл беріп, жаны еріп ұғуы ғибратты іс қана емес, үлкен ғанибет болып табылады. Өлеңнің 1-шумағы 7 буыңды қара өлең үлгісімен, қалған шумақтары ғаруз үлгісімен жазылған.

Жарық керген жыл

Алғаш 1909 ж. С.-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туындыда аздаған текстол. өзгеріс кездеседі. Басылымдарда өлеңнің 7-шумағының 3-жолы «Дертті ішіне ем көріп» деп берілсе, Мұрсейіт қолжазбаларында бұл жол «Жаралы ішке ем керіп» делінген. Өлең ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған. Ж. Дәдебаев.









Білімдіден шыққан сөз



Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкрегінде болсын көз.
Жүрегі - айна, көңігі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Әблет басқан елерме,
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме
Түзелмесін білген ез?
«Айтшы-айтшылап» жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар,
Ұйқылы-ояу бойкүйез.
Жас баладай жеңсік қой,
Байлаулы емес ақыл, ой,
Ойлағаны - айт пен той,
Ыржаң - қылжаң ит мінез.
Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, тәңрі алғыр,
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл - арам без.
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.
«Ой, тәңір - айшыл» кер есек,
Қулық, сұмдық не өсек.
Болмаған соң, бір есеп -
Мейілі қамқа, мейілі бөз



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
5420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі