жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
білімгерлер сайысы
«Орта –Азиялық медициналық колледжі»
Тақырыбы:
«Білімділер сайысы»
Тобы:
ФЛК
01-19, ФЛК 02-19, МБК 01-19, МБК 02-19
Өткізген: Биология пәні мұғалімі:
Халмуратова Ш.А.
2019-2020 оқу жылы
Сабақ
түрі
: Сайыс сабақ
Мақсаты:
Білімділік:
Студенттердің биология пәні бойынша
білім деңгейлерін байқау, пәнге
деген қызығушылығын арттырып,
оларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа
баулу. Студенттердің алған білімін
нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете
білу.
Дамытушылық:Сайысқа қатысқан әрбір студент өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады.
Тәрбиелік:студент
өзінің ой-өрісін кеңейте отырып,
тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке,
өз ойын ашып айтуға
үйренеді.
1-Жүргізуші:
Ассалаумағалайкум
халайық,
Сайыстың
бетін ашайық.
Сұраққа
шешу табайық,
Жер
ұйығы білімнің.
Биология деген
ғылымның,
Жәннат
жеріне барайық.
Бұл
думанды кеште біз,
Нәр
білімді, бар өнерді
Көрсетіп
бір қалайық
Жеңіске
жетіп барлық топ
Думанды
кешті тойлайық!
Құрметті
ұстаздар, студенттер біздің биология
пәнінен «Білімділер сайысы» әлеміне
қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Сәлеметсіздер
ме студенттер!
Биологияға
қызығушылар
Естігенін
есте тұтып,
Оқығанын
миға тоқушылар
Айтар
ойын тұспалдар
Сіз
оқыған сабақтар
Сәті
келді сыналар!
Сайыс
десе белсене араласатын көрермен қауым!
«Білімділер
сайысы»
атты , бірінші курстар арасында биология
пәнінен өткізілетін сайысымызға қош
келіпсіздер!
1-жүргізуші:
Ақыл
– тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім
– кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың
оза шауып бара жатса,
Арқаңның
ауруы не қозбайтұғын,-
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін: ФЛК 01-19-«Биология», ФЛК 02-19- « Экология» , МБК 01-19 «Биохимиктер» ,
МБК
02-19 «
Болашақ»
Сайыскерлеріміздің
біліміне, шеберлігіне әділ бағасын
беретін әділ - қазылар алқасымен
таныстырып өтетін болсам:
2-жүргізуші:
1.Колледж директоры: Пайзиев С.М.
2.Директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Хасанова
Д.Х.
3.Колледж
әдіскері:
Кадирова Х.Б.
4.
Кәсіптік
пәндер ПЦК төрайымы
:Садйилаханова Д.Ф.
Енді
сайысымыздың негізгі бөлімдерімен
таныстырар болсақ:
1-жүргізуші:
Сайысымыз
6 кезеңнен тұрады:
І
кезең – Әр топ өзін өзі таныстыру
ІІ
кезең – «Кім тапқыр?»
ІІІ
кезең – « Дода»
ІҮ
кезең – «Кім жылдам әрі жүйрік?»
V
кезең – « Ғажайып қоржын»
VI
кезең – «Үй тапсырмасы»
2-жүргізуші:
Тапқыр,
білгір, дарынды
Жарыс
бар бүгін арынды
Биология
пәнін сүйсең сен
Ортаға
сал барыңды - деп, сайысқа қатысушы
топтарға сәттілік тілей отырып,
сайысымыздың алғашқы турын
бастасақ.
1-жүргізуші:
Үлгілі
тәртіп, жақсы оқу
Алға
қойған мақсаты
Әрқашанда
колледжде
Шығып
жүрген жақсы аты.
Жиналған
ылғи дарындар,
Жүректе
от көздерінде жалын бар.
«Биология»,
«Экология» , «Биохимиктер» және
«Болашақ»
топтарын,
Қол
соғып қарсы алыңдар — дей келе
сайысымыздың бірінші
бағыты бойынша әр топ өз-өзін таныстырып
өтсін.
2-жүргізуші
IІ
кезең «Кім тапқыр» кезеңінде әр топқа
кезек-кезек сұрақ оқылады. Сайыскерлер
оқылған сұраққа толық жауап береді.
Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше
бастаймыз.
ІI
кезең «Кім тапқыр»
1-жүргізуші
1-топ
1.
Жануарлар тұралы ғылым (зоология)
2.
Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен
өсімдік (кактус)
3.Ауаның
құрамында 21% болатын элемент
(оттек)
4.Шымкент
қалсы қай планетада роналасқан? (Жер)
5. Бірі оттек болған екі элементтен құралған зат (оксид)
2-жүргізуші
2-топ
1.Жасуша
органоидтері (мембрана,цитоплазма,ядро,рибосома...)
2.
Макроэлементтер ( азот, сүтек,отек,
көміртек)
3.
Ағаштың жасын қалай анықтауға болады?
(жылдық сақина)
4.
Прокариоттар дегеніміз...(ядросыздар)
5.
ҚРда 2020 жылы қандай жыл (жастарды қолдау
жылы)
1-жүргізуші
3-топ
1.Өсімдіктер тұралы ғылым (ботаника)
2.Периодтық жүйедегі 1-элемент (сүтек)
3.Эукариоттар дегеніміз...(ядросы бар)
4.Цитология қандай пән? (жасушаларды үйренетін )
5.ҚРның тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
2-жүргізуші
4-топ
1.Жасуша дегеніміз...(тірі ағзалардың ең кіші бөлігі)
2.Темірдің атом массасы
3.ҚР Конституция күні(30-тамыз)
4.Нуклеин қышқылдары құрамында болады (ДНҚ,РНҚ)
5. Биология сөзінің мағынасы («био»-тірі, «логос»-ғылым)
Әділ-қазылар 1-және 2-кезең ұпайларын айтады
1-жүргізуші
Мәңгі бақи есте қалар
Білімдірек
шәкірт озар
Ғажайып бір сайыс
болар
Қиынырақ
сұрақ болсын, – деп,
ІІІ
– кезең «Дода»
2-жүргізуші
Қатысушыларға
биология пәнінен 10,20,30,40 ұпайлық сұрақтар
ұсынылады. Белгіленген блок бойынша
ойыншы пәнді және ұпайды өзі
таңдайды.Жоғарыдағы ұпай саны
сақталады.
1-жүргізуші
1.
10 ұпай Биология. Бұл
өсімдік ұзақ уақыт ботаникалық
бақтарда егілген. Гүлдерін ханымдар
әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан
кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына
егіп азық ретінде пайдалана бастаған.
Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І
Петр әкелген.Қандай өсімдік туралы
айтылуда?
2-жүргізуші
2.
20
ұпай Биология. АҚШ та
ақбас бүркітті,Ресейде қоңыр
аюды,қазақ халқы аққу мен үкіні қасиетті
санайды,ал Үндістанда қай жануарды
қасиетті санайды. (Сиыр)
1-жүргізуші
3. 30 ұпай Биология. Бұл құс түйеқұстардың ішіндегі ең кішкентайы. Дене сіңінің ұзындығы 50-80 см,салмағы 2-4 кг.Қорегін көбіне иіс сезу арқылы табады.Басқа түйеқұстардан басты ерекшелігі түнде белсенді тіршілік етеді.Олар құрттармен,жәндіктермен,жидектермен қоректенеді.1921 жылдан бері қатаң қорғауға алынған.Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына»тіркелген.Бұл құс Жаңа Зеландияның ұлттық символы. Сондай атаумен жемісте бар (Киви)
2-жүргізуші
4. 40
ұпай Биология. Аяқсыз
жылан тәрізді кесіртке,ұзындығы 1-2 м.
Жыланнан
айырмашылығы қарсы болады және көзін
жыпылықтата алады. Күндіз белсенді
тіршілік етеді.Ол зиянсыз бауырымен
жорғалаушы туралы айтылуда? (Сары жылан
немесе сары бауыр)
Жиналған
ұпайлар айтылады
IV кезең «Кім жылдам әрі жүйрік?» кезеңінде әр топтың капитаны алдын ала дайындап келген кроссворд сұрақтарын өзара ауыстырып шешу бойынша жарысады ( әр бір дұрыс сөз 1 ұпай)
1-жүргізуші
V-кезең
«Ғажайып қоржын»
Сайысымыздың
5- бағыты ғажайып қоржын болып, (4 топқа
нөмірленген сандар үлестіріліп беріледі.)
студенттер логикалық сұрақтарға жауап
береді
(әр
дүріс жауап 1 ұпай)
1- топ
1.Екі
адам тоғыз құмалақты 2сағатта ойнаса,
әрқайсысы неше сағатта ойнайды?
(2сағат)
2.Түнгі сағат онда жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе? (Мүмкін емес, жоқ түнде күн шықпайды)
3.Жанұяда 5 ұл әр ұлдың бір-бір қарындасы бар, жанұяда барлығы неше бала бар? (6 бала)
2-жүргізуші
2- топ
1.
Столдың 4 бұрышы бар, бір ұшын кесіп
тастаса неше бұрышы қалады?
(5
бұрышы)
2.
Қос ат 40км жол жүрсе, бір ат қанша км
жол жүреді? (40км)
3. Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр, әрбір мысықтың алдында 3 мысық. Үйде жиыны қанша мысық бар? (4 мысық)
1-жүргізуші
3-топ
1.8-
наурызда екі шешеймен екі қызына, әжеймен
немересіне 3 орамал сиға таратылды, бұл
қалай? (Әжесі, шешесі, қызы)
2.Дорбадан
10 асықты 10 бала бір бірден алды, сонда
дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (асықты
бір бала дорбасымен алды)
3.1 жұмыртқаны
3 минутта пісірсе, 5 жұмыртқаны неше
минутта пісіреді? (3 минут)
2-жүргізуші
4-топ
1.
4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда,
4-тен артық 5-тен кем сан шығады?
(үтір)
2.Ағаштың басында 10 торғай отыр,
мылтықпен біреуін атып түсірсе ағашта
қанша торғай қалды? (Қалғандары ұшып
кетеді)
3.Қалай 7-этаждан секіріп
жараланбауға болады? (7 рет 1-этаждан
секірсе)
Ұпайлар айтылады.
1-
жүргізуші
VI
кезең «Үй тапсырмасы»
Әр қайсы топ студенттері алдын –ала дайындап келген номерлерін көрсетеді (5 балдық бағамен бағаланады)
Сабақ
қорытындысы:
2-Жүргізуші:
Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған —деп әділ-алқазыларға сөз кезегін ұсынамыз
1-Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Білімділер сайысы» атты сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті.
Алда
әлі де биік –биік асулардан көріне
беріңдер деп, тілек білдіреміз.
Әділ
қазылар әр топтың әділ бағасын береді.
Жеңімпаз топ марапатталады.
Жүргізуші:
Қадірлі
ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін
атсалысып, уақыттарыңызды бөліп
келгендеріңіз үшін мыңды бір рахмет
айтамыз.
Ғылым
дами берсін ғаламдағы
Білімді
үйренейік жаңа замандағы
Аман
сау тұрыңыздар осыменен
Биология
әлемі кешіміз тәмамдалды.!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген