Білімім - Отаныма

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білімім - Отаныма

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты анық, мақсатқа жетуге құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Алматы қаласы ХББ НЗМ

Күні:

31.05.2024

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

7,8,9,11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Білімім – Отаныма»

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;

Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

Сабақ соңына күтілетін нәтиже:

Оқушылардың білім алуға деген құштарлығы, елімізге, жерімізге патриоттық сезімі оянады, білім алуға ұмтылады.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм

Құрмет

Ынтымақтастық

Академиялық шындық

Ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнебаян

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин




5 мин

Ұйымдастыру кезеңі . Оқушыларды сәлемдесу, түгендеу.

Сергіту сәті. «Өрмекші торы» ойыны ойнатылады. Жіпті ұстап тұрып, келесі оқушының атын атап, сол оқушы жақсы тілек айта отырып лақтырады. Келесі оқушыда дәл солай қайталайды. Ойын соңында өрмекші торы шығу қажет.

Оқушыларды түстер бойынша 3 топқа бөлу.

ҚР Мемлекеттік гимні орындалады

ҚР Білім ағарту министрінің құттықтауы

Жіп





Түрлі түсті қағаздар

Гимн

Бейнебаян

Сабақтың ортасы

21 мин














































































Әр топқа

2 мин*3 = 6 мин

Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сендердің ең дұрыс шешімдерің.
Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім. Адам өз-өзін әрдайым дамытып отыруға тиіс. Өйткені, заман күннен күнге қарыштап жылжып барады. Егер сіз бір орында тұрып қалсаңыз дәуір талабынан кейіндеп қалғаныңыз. Кейіннен көштің басын қуып жету қиынға айналып, соңғы қатарда шаң қауып қала бересіз. Ал бұл дүние адами құлдырауға әкеліп соғады.
Сондықтан, білім ал, қаныңда бар қасиетіңді көрсет!
Білім қаруыңды күн сайын «оқта»!
«Патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам».
Қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарды кемел болашағына сендіру, оларды жасампаз еңбекке шақыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру болып табылады.

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой

азаттығымыздың алдаспаны. Заманауи әлемде елдің қуаты

ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.  Білім -

асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам

қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады.

Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетерең биік шыңы білімді толық меңгерген күні. Білім ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие!

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық

пен халықты, адам мен адамды теңестіретін -білім» деген.

Еңбекқорлық-адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына

уақытында жеткізетін қасиет. Еңбек - жауапкершілікке

жетелейді. Жетістікке жетудің сыры – қажырлы

еңбек. «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады,

еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің

адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. 

Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған.

Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет,

ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып

отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды

қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.

Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды

қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер?

Отаншылдық - келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім

машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын

сүюге, ар-намысын қорғауға, және т.б. ізгі адамгершілік

қасиеттерге баулу. Оның басты қағидасы Отанға, өзінің

халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылады.

Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі,

ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, жасампаз еңбегінен

көрінеді. Олай болса , бүгінгі сабақтың тапсырмаларымен таныс болыңыздар.

1-топ

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға «Біз терең білімді оқушы болу үшін

не істеу керекпіз?» тақырыбында ойларын, идеяларын

талдайды.

2-топ

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек?

3-топ

Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушылар «Оқу инемен құдық қазғандай» мәтелін қалай түсінесіңдер?


Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Презентация





























































"Тұжырымдамалық карта». Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т. б. салуға не дайын материалды жапсыруға болады.

7 мин

Мектептің, Шанырақтың, сыныптың жылдық жетістіктерімен таныстыру

Презентация


Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағына үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық.

Презентация


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2024
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі