Негізгі
бөлім
|
Білім – бүгінгі қоғамда адам
деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз
деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл –
сендердің ең дұрыс шешімдерің.
Бүгінгі дәуірде еліміздің
атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек
бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім.Адам өз-өзін әрдайым дамытып
отыруға тиіс. Өйткені, заман күннен күнге қарыштап жылжып барады.
Егер сіз бір орында тұрып қалсаңыз дәуір талабынан кейіндеп
қалғаныңыз. Кейіннен көштің басын қуып жету қиынға айналып,
соңғы қатарда шаң қауып қала бересіз. Ал бұл дүние адами құлдырауға
әкеліп соғады. Сондықтан, білім ал, қаныңда бар қасиетіңді
көрсет! Білім қаруыңды күн сайын
«оқта»! «Патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық
құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық,
ар-намыс, ізгілік қасиеттері
бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген
сүйіспеншілігі мол адам». Қазақстандық патриотизм – бүкіл
қазақстандықтарды кемел болашағына сендіру, оларды жасампаз еңбекке
шақыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру болып
табылады.
«Ой
қозғау»
, «Еңбек етсең ерінбей,
тояды
қарның тіленбей» деген
мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер
едіңдер?
«Бақыттың кілті еңбекте»
дегенді қалай түсінесіңдер?
Отаншылдық - келер ұрпақты
еңбекке, өнер-біліммашықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін,
отанын
сүюге, ар-намысын қорғауға,
және т.б. ізгі адамгершілікқасиеттерге баулу. Оның басты қағидасы
Отанға, өзінің
халқына, Атамекеніне деген
сүйіспеншілік болып табылады.
Күнделікті тіршілікте ол
азаматтардың өндірістегі,ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, жасампаз
еңбегінен
көрінеді.
-Олай болса , бүгінгі тәрбие
сағатының аялдама тапсырмаларымен таныс
болыңыздар.
Бірінші аялдама
тапсырмасы:
1-топ
«Тұжырымдамалық карта» әдісін
пайдалана отырып,оқушыларға «Біз терең білімді оқушы болу
үшін
не істеу керекпіз?»
тақырыбында ойларын, идеяларын
талдайды.
2-топ
«Тұжырымдамалық карта» әдісін
пайдалана отырып,оқушыларға адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам
еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу
керек?
3-топ:
Шығармашылық
жұмыс
Сұрақтар мен жауаптарды
сәйкестендіріңдер
Екінші аялдама
тапсырмасы
1-топ:
Білім туралы мақал-мәтел
айтады
2-топ: Отан туралы мақал-мәтел
айтады
3 – топ
мақалдың жалғасын табу
керек.
Үшінші
аялдама тапсырмасы:
1.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса
аттама. (кітап, книга,
бук)
2.Жеті
қазынаның бірі (ит, собака,
дог)
3. Жүз
теңгең болғанща, жүз досың болсын ( дос, друг, френд
)
4.
Тұмсығымен қозғалар, сонымен аппақ із қалар. (бор,
мел, chalk)
5.тісі жоқ өзінде, сөзі бар
ізінде ( қаламсап, ручка, пен
)
6, Сағат сайын қағылады, тек
мектептен табылады. ( қоңырау, звонок,
белл)
Оқушыларды марапаттау
сәті
1.Үздік оқушыларды
марапаттау.
2.Сабақтан қалмаған оқушыларды
марапаттау
3.Ата-аналарды
марапаттау
Жазғы демалыс кезіндегі
қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
|
Оқушылар сынып жетекшісінің
алғы сөзін тыңдайды.
Оқушылар жауаптарын
айтады.
Оқушылар топ ішінде
тапсырмаларды орындап , ортаға
салады.
Бірінші
топ оқушылары білім туралы мақал – мәтелдер
айтады.
1.Күш — білімде, білім —
кітапта. 2.Қына тасқа
бітеді, Білім басқа
бітеді. 3.Білегі күшті бірді
жығады, Білімі күшті мыңды
жығады. 4.Өз білмегеніңді кісіден
сұра, Үлкен жоқ болса кішіден
сұра. 5.Ақыл — тозбайтын
тон, Білім – таусылмайтын
кен.
Екінші топ оқушылары Отан
туралы айтады.
1. Отан от басынан
басталады. 2. Туған жердей жер
болмас, Туған елдей ел
болмас. 3.Отансыз – адам, ормансыз –
бұлбұл. 4. Отан оттан да
ыстық. 5. Отан үшін отқа түс
күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің.
т.с.с мақал-мәтелдер
айтылады.
Үшінші топ оқушылары
мақалдың жалғасын табады.
1.Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат, Аймалайтын — анаң қымбат, Асқар тауың —
әкең қымбат (Қазыбек би).
2.Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал
адам Отанын сүйеді.
3.Орағың өткір болса, қарың
талмайды, Отаның берік болса, жауың
алмайды.
4.Отан елдің анасы, Ел ердің
анасы.
5.Отан қадіріне жетпеген өз
қадіріне жетпейді.
6.Отан от басынан
басталады.
7.Отан оттан да ыстық, жалыны
бар шоқтан да ыстық. /
Оқушылар сұраққа жауап
береді.
|
Слайд
|