400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біліммен тәрбие қашықтықтан жалғасуда

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың бірден бір пайдасы туралы және оқушы мен мұғалім арасындағы тығыз байланыстың орнауы сонымен қатар ата анамен мұғалім арасындағы байланыстың ұдеруі,пандеменияға қарсы індеттен қалай сақтану жолдары туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анар Тапалова. Қызылорда қаласы Ж.Қизатов

атындағы №23 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі.



Біліммен тәрбие қашықтан жалғасуда



Баршамызға мәлім қазіргі таңда бүкіл әлем өте қиын кезеңді бастарынан өткізуде.Бұл жұқпалы індет Қазақстан халқында айналып өтпеді.Тосыннан келген төтенше жағдай елімізді есеңгіретіп тастады.Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында «COVID-19» коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы»бұйрығына сай, азаматтардың қауіпсіздігі үшін елімізге карантин жариялауы тегін емес! Індеттің жұқпалы екендігі сонша, бір адам жұқтырса кемінде 30 шақты адамға тарату қауіпі бар екендігі анықталды.Осындай сәтте үрейге бой алдырмай,желідегі жалған ақпараттарға сенбей, өзімізді және отбасымызды аман сақтау үшін үйде болып, оқшауланып тәртіпке бағыну.

Қазақта мынадай сөз бар: «Тілсіз жау айтып келмейді». Шынында, індеттің өршуінен халық аз зардап шеккен жоқ. Мемлекет басшысы білім және медицина саласына ерекше ден қойып,жаппай мектеп және жоғары, орта білім беру нысандарын қашықтықтан білім алуға көшірді. Онлайн жүйеге өту үшін көптеген ұстаздар жер-жерлерде видио сабақтар түсіріп, оқушыларға мүмкіндік жаратты.Жоғары оқу студенттері үшін педагогтар EDUS,Google Classrom, Zoom,Skype,Whatsapp платформаларын пайдаланып, сабақ жүргізуде. Ал мектеп қабырғасында білім алушылар үшін, күнделікті «Балапан» және «Еларна» каналдарынан сабақтар жүргізіп, оқушылар толыққанды білім алуда.


Өз кезегінде, оқушылар өздерін ыңғайлы интернет желілері арқылы мұғалім берген тапсырманы орындап, кері байланысқа шығып,сабақты қаншалықты меңгеретінін, көрсетіп бағаланып отырады. Осы орайда, әрбір мектеп әкімшілігі үй жағдайында интернет ресурстарын,техникалары жоқ оқушыларды анықтап,мектеп әкімшілігі есебінен уакытша ноутбуг,компютер,модем құрылғыларын таратып, барынша мүмкіндік жаратуда. Осы орайда Қызылорда қаласы Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің ұстаздары орасан қызмет атқаруда.Мектеп ұстаздары оқушыларға бірнеше платформалар арқылы қашықтықтан білім беруде.

Әрине,әр жұмыстың қиындығы бар,басында ұстаздар онлайн сабақ қалай болады екен? -деген үреймен жүргеніміз рас. «Көш жүре түзелер»демекші бұл қиындықты да ұстаздар қалаберді ата-аналар болып еңсеріп келеміз. Кез-келген кезеңде болған нәубетті жылдарда білім беру ісі назардан тыс қалған жоқ.Әлемді жайлаған ғасыр індетіне қарамастан білімнің сарқылмас сыры,ғылымның шыңына шығу үшін ұстаздар қауымы өз жұмысын тоқтатқан емес! Бұйырса, төртінші тоқсанды да осылай онлайн білім алумен аяқтаймыз,қарқын жаман емес! Елімізде болып жатқан осындай жағдайға қарамастан еңбек ақыларымызды уақтында беріп,қиын-қыстау кезде қолдау көрсеткені үшін үкіметімізге, мемлекет басшысына ұстаздар қауымы тарапынан алғысымыз шексіз.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі