Білімнің бастауы – балабақшада
(Ертеңгілік)
Міндеті : 1
қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта
қалыптастыру.
Жүргізуші: Қош
келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар! Бүгін
- 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты
болсын!
Жүргізуші: Балабақшамыздағы нағыз ерке достарымыз
апайларымен бірге келе
жатыр, қарсы
алайық! (кіші тобы балалары ортаға
шығады)
«Балапан » кіші топ тәрбиешісі:Жақанова Назым
«Айгөлек » кіші топ тәрбиешісі: Әшірбай Шырын
«Құлыншақ » ортаңғы топ тәрбиешісі:Дабықова
Салима
«Ботақан » ересек топ тәрбиешісі:Төлешқызы
Айнұр
«Қарлығаш» мектепалды топ тәрбиешісі:Аяпова
Баян
«Балдәурен » мектепалды топ тәрбиешісі:Мамутова
Айнұр
Жүргізуші: Биіктерге
бастайтын асқаралы
Әр жүректің
сүйікті, асқақ әні
Мерекеде
бәріміз бір дауыспен
Шырқайық
еліміздің әнұранын!
ҚР Мемлекеттік
әнұраны
Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен
құттықтау сөзді «Сыр- Берекесі» бөбекжай балабақшасының менгерушісі:
Роза Сабырханқызына беріледі.
Жүргізуші:
Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке,
Ән салсамда әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі!
Хор : «Ұстаз ана» «Балдәурен »
тобы
Жүргізуші:
Өмірдің бейбіт
бағы бұл,
Асудан асып
асқарлы
Мінекей биыл
тағы бір
Жаңа оқу жылы
басталды.
Ортада білім туралы
өлеңдерімен «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндерін қарсы
алыңыздар!
(Көңілді
музыкамен Түлкі мен Қоян бір - бірімен сумен атылатын пистолетпен
атысып (немесе майда түрлі - түсті доптармен) ойнап
келеді)
-
Түлкі: О! Мұнда
балалар көп екен! Жақсы
болды!
-
Қоян: Келіңдер
балалар, қызы - ы - ық ойын
ойнайық!
-
Түлкі: Неге сонша
сықиып киініп алғансыңдар?
–
Қоян:Бүгін – білім
күні ғой! Үлкен мереке! Біз енді
ойынды азайтамыз, көбірек оқитын
боламыз.
-
Түлкі: Солай деңдер?!
Ал көп оқып миды ашытып керегі
не?
Жүргізуші:
Риза етіп
баршаны
Әсем әнге
саламыз
Таудан биік
талабы
Біз - сүйкімді
баламыз!
«Қарлығаш» тобының бүлдіршіні Жүкен
Фатиманы «Балабақшам»
әнімен ортаға шақырамыз!
Жүргізуші:
Бұл - екінші
үйіміз,
Бір туғанбыз
бәріміз.
Біз - осы үйдің
гүліміз
Біз - осы үйдің
сәніміз.
«Ботақан»
тобының тақпақтарын қарсы
алыңыздар.
Жүргізуші:
-
Ал балалар!
Ойнайық та күлейік.
Кәне енді бұрылып
Би билеуге тұрайық.
-
Түлкі: Керемет!
Онда біз басқа да Қоян
достарымызды
шақырып
сендерге мереке құрметіне би билеп
берейік, шашуымыз
болсын!
«Балдәурен» тобының «Кітаптар »
биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші:
Биіктерге
бастайтын асқаралы
Әр жүректің
сүйікті, асқақ әні
Мерекеде
бәріміз бір дауыспен
Шырқайық
еліміздің әндерін!
Ойын: Кім жылдам?
Шарты: Оқу қуралдарын бөлек, ойыншықтарды бөлек
жинау,
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Өнерлерің өрге жүзсін!
Бүлдіршіндеріміздің өнер, білім үйреткен, сүйікті балабақшаға
арнаған кезекті бір әніне кезек берейік.
«Ботақан» тобының бүлдіршіндері
Айсана,Айым «Қуыршағым»
әнімен ортаға шақырамыз!
Жүргізуші:
Егемен елдің
төсінде,
Шуағын шашқан
арай күн
Азамат болып
өсеміз
Қызыға әлем
қарайтын.
«Қарлығаш»
тобының тақпақтарын қарсы
алыңыздар.
Көрініс
Жүргізуші:
Жаңа киім үстімде,
Мақтанғымда келеді.
Білім тойы үстінде,
Шаттанғымда келеді! Дегендей бүгінгі мектеп алды даярлық тобына
келетін балалардың жүздері бал - бұл жайнап
тұр.
Хор : «Тәрбиеші»
Жүргізуші:
Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау -
жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше
биылғы 2024 - 2025 оқу жылының қоңырауын қағуды кішкентай
бүлдіршініміз............... ұсынамыз!
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
Жүргізуші:
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам. Ден қойып
тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!
Баршаңызды балабақшамыздың
білім бағына шақырамыз!
«Сыр Берекесі » бөбекжай
балабақшасы

Тақырыбы:
Білімнің бастауы –
балабақшада!
Тобы: «Ботақан » ересек
тобы.
Тәрбиешілері:Төлешқызы
Айнұр
Әлімбаева Бақыт
Қызылорла
қаласы,2024-2025жыл