Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Ақмола
облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Қысқа мерзімді курс тыңдаушысының өздік жұмысы
Білімнің нәтижеге жетуі мен олардың сапасын бағалау үшін мәтіндік, сандық т.б. материалдарды іріктеу.
Тексерген: Жуманбаева А.О.
ДБО тренері
Орындаушы: Майлыбаев Ш.Е.
физика пәнінің мұғалімі
Көкшетау-2017
Мазмұны:
1. Кіріспе__________________________________________3
2. Негізгі бөлім
2.1. Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру,
бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары__________5
2.2.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-білім
сапасын басқарудағы негізгі___________________________7
3. Қорытынды_____________________________________12
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі___________________15
Кіріспе
Қазіргі таңда педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат «Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында» бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: «Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет». Бұл талаптардың жүзеге асыуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне жоғары сын қоя отырып, жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді. Қазіргі қалыптасқан білімді бақылау-тексеру жүйесіне қанағаттанбау (білім көрсеткіштері және оны тексеру тәсілімен қоса) мәселелері дидактикалық материалдар бетінде жиі ескеріліп, әрі айтылып жүр.
Осы күндегі білім бағасы жүйесінің бірден-бір кемшіліктерінің бірі ғалымдар пікірінше, айрықшаланған көрсеткіштердің көптігі, көпжақтылығы және немғұрайлығы. Бұл көрсеткіштердің осындай қыры білім бағасының мазмұндық сипатының жойлмауына, әрі осы мазмұнға сәйкес бағаға практикалық тұрғыда бағдарлануға қиындық туғызады. Сондықтан да, білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі таңда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Тәжірбиелі әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критерийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен органикалық байланысын талап ету мәселесі-педагогикалық психологияда диагностиканың негізін құраушы принцип болып табылады. Білім сапасының психологиялық диагностиканың бұл шектеулі оқу әрекетінің процесі дамыған, толыққанды сипаттағы оқытудың теориясына сүйенген жағдайда ғана жойылды.
Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр.
Мотивация – психология ғылымындағы өте бір күрделі ұғым болып табылады.
С.Л. Рубинштейннің айтуынша іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай мақсаты нақты көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері белгілі болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар түрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде дамиды. Адамзатқа мотивтер арқылы қоғамның жері көп жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп, жүзеге асып отырады.
Оқу мотивтерінің даму мәселесі үнемі психолог-ғалымдарды қатты толғандырып келген жәит. А.Н. Леонтьев, М.И. Божович, Н.Г. Морозова, Л.С. Славиналар өз еңбектерінде оқу мотивтерінің дамуы туралы зерттеді. Мектеп оқушылары үшін мотив жәй ғана оқу, үшінші, төртінші сынып оқушылары үшін бағаның рөлі жоғарылайды. Алтыншы, жетіншісі сыныптарда оқушылар үшін басты мотив-болашаққа дайындық болады. Яғни баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Қажеті мотивацияның бала бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді. Сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Педагогикалық бағалау ерекше ынталандыру болып келгендігінен оқу және тәрбие әрекетіндегі табысты анықтайтын қызмет негізі. Педагогикалық бағалаудың бірнеше түрлері болады. Оларды пәндік және арнайы, материалдық және моральдық, нәтижелі және процестік, сондық және сапалық топтарға бөлуге болады.
Психологиялық-педагогикалық теория және тәжірбиеде баға ұғымы көбіне бағалау деген ұғыммен түсіндіріледі.
Бағалаудың оқу процесінде орындайтын үш қызметі талданады, оның негізгісі – дамытушылық қызметі, функциясы.
Дамытушы бағалау ісі оқытуда қажетті психологиялық жағдайдың бірі болып табылады. Білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметтері қарастырылады. Білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде оның формасы, түрі ажыратылады. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні-оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Білімде, іскерлікті, дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет көздерінің бірі. Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек.
Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижесі, оқушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі.
Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін оқу мақсатына қарай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамның оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай теріс құбылыстарына алып барады.
-
Психикалық дамудың тежелуі
-
Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер.
-
Жаман мінездің қалыптасуы.
Жалпы алғанда бағалауды тек балдық жүйеде ғана емес. Мадақтау сөздерін пайдаланғанда оқушылардың белсенділіктері артады
2.1. Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары
Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.
Тест – ағылшын сөзі (test) аударғанда «байқау, бақылау, зерттеу» деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған де есептейді.С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады.Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен тарай бастады.Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты – жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Тест «тәжірибе, тексеру» деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім, тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады.
Тестік жүйенің басты мақсаттары:
-
өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдерінен олқылықтар кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
-
оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;
-
оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
-
білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
-
бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
-
өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;
-
оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістіктерін салыстыру;
-
оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және салыстыру;
-
оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл үйренуде қосымша тапсымалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.
Тестік бақылаудың тиімділігі:
-
Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің уақыты үнемделеді;
-
Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды;
-
Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары қойылады;
-
Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндегі артады;
-
Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге машықтандырады;
-
Тест барысында әр сұраққа дқрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады;
-
Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын анықтауға өте қолайлы;
-
Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі стандартқа сәйкестілігі анықталады;
-
Тындалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;
-
Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамтып, оқушының әр саладан хабардар болуына өз септігін тигізеді.
Тестік жүйедегі сақталатын шарттар:
-
Жалпыға ортақ емес, әрбір оқушыға деңгейіне байланысты тапсырмалар жазылған жеке қағаздар дайындау қажет;
-
Әрбір тест түрінде 3-5 жауап қарастырылуы керек;
-
Тест сұрақтары түсінікті, жауаптары қатесіз берілуі тиіс;
-
Тест тапсырмалары бір модуль немесе бір тақырып көлемінде бағдарламаға сәйкес жүргізілуі қажет;
-
Тест тапсырмасын орындауға уақыт тест көлеміне, күрделілігіне сай берілуі тиіс;
-
Тест тапсырмаларында оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығы қатаң ескерілуі қажет.
Негізінен ізденіп, ойлана білсе, сөз үйретудің де, жауапты қадағалаудың да амалдары мен тәсілдері сан алуан. Оны әр оқытушы өз сабағында тақырып өзгещелігі мен мазмұнына байланысты таңдауы керек.
2.2. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-білім сапасын басқарудағы негізгі.
Қазақстанда білім сапасын бағалау әлі де бақылаушы және басқару органдарының бақылау қызметі ретіндегі іс-әрекет болып отыр. Ол сыртқы бақылау–тестілеу, бақылау үзігі және аттестациялау, лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.Білім сапасын бақылау сол оқу орындарының өзімен жүргізіледі. Атап айтқанда, оқушылардың күнделікті және жылдық үлгерімі, көшірілу және мемлекеттік емтихандар қорытындысы,оқу-тәрбие үрдісінің жеке параметрлерінің жағдайын талдау.Тек соңғы жылдары біздің мемлекеттің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты. Шет елдің тәжірбиені зерттеу және білім сапасын бағалауда білім сферасындағы салыстырмалы талдау жүргізу нәтижесінде белгілі бір жүйелілік қалыптасып,жаңа әдістер мен іс-әрекеттер қолданыла бастады.Осыған орай оқу мекемелерінің өзін-өзі бағалау процедуралары кеңінен енгізіле бастады. Сонымен қатар сыртқы бағалаудың жаңа түрлері енгізілуде, ол (4,9) сынаптардың мемлекетаралық бақылау (МАБ), орта білім берудің жеке деңгейлерінің аяқталуынан кейін оқушылардың академиялық білімдерін (МАБ) мемлекетаралық бақылау және орта білім мектептерінің түлектеріне арналған “Бірыңғай Ұлттық Тестілеу”.
Осы жоғарыдағы аталған мәселелерге байланысты мен де өз жұмыс жасап жүрген сыныптар аралығында оқушылардың білімдерін бағалауды білім сапасын басқарудың бір критерийі деп есептеймін.
Дәстүр бойынша оқушының оқу жетістігі –меңгертілу деңгейі балдық бағалар мен бағаланатын білім, білік және дағдыларды жинақтау үрдісінде меңгерілетіндердің көлемінің өсуі, олар жалпы пән бойынша (жалпы пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі пәндік компетентіліктер) және әрбір сынып бойынша (жеке оқу курстарын оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі) білім, білік және дағдылар тізбесі көрініс береді.
Білім сапасын бағалау үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен олардың белгіленген стандартқа сәйкестілігі пайдаланылады. Шындығында, білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау –білім саапасын басқарудағы негізгі критерий. «Оқушы жетістіктері» ұғымы білімнің құндылығы мен мақсатына және оның мазмұнына өзара байланысты.
Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады.
Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.
Оқушының оқу жетістігін өлшеу дәлдігі оның білімдік жетістіктерімен тұлғалық жетістіктерінің сапасына әсер ететінін байқауға болады. Ол үшін оқушының оқу жетістіктерінің өлшеуіштері мазмұны мен құрылымы жағынан ұтымды тыңдалуы тиіс. Өлшеуіштерге оқушы жетістіктерінің сапалық және сандық сипатының алдын ала берілген параметрлері білім салалары бойынша оқушылардың оқу дайындықтарының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады. Педагогикалық өлшеуіштер тәсілдерінің ішінде ең көп тарағандары бақылау, білімді ауызша тексеру формасы, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әңгімелесу, сауалнама т.б.
«Сауалнама» әдісі. Мектеп оқушыларына шағын сауалнама ұсынылады, оны сабақтың қандай элементтеріне ерекше назар аударылуына байланысты өзгертуге, толықтыруға болады. Білім алушылардан өз жауабын дәлелдеуді сұрауға болады.

Әңгіменің түрлері
Мерсер (1995) әңгімелесудің үш түрін
анықтады:
-
Әңгіме-дебат (мәлімдеу және қарсы мәлімдеу)
-
Топтық ( қайталау, мақұлдау, түсіндіру)
-
Зерттеушілік ( сыни әрі сындарлы).
Сонғы екеуі PSHE-де кең тараған, өйткені олар оқушыларды эмоцияларын білдіруге, бағалауға, сипаттама беруге және өз ұстанымдарын білдіруге ынталандырады.Кейде дебат та болуы мүмкін, бірақ оның дәлелдерге негізделген стилі қауіпсіз және қолайлы орта құра алмайды.Бұл оқушыларды өз көзқарастарына бағытталған орынсыз шабуылдардан сақтанып, тайсалмай сөйлеуге итермелейді.Топтық әңгіме қауіпсіз ортана құруға барынша ыңғайлы. Бұл жерде «сөйлеушілер әңгіме құрып, өз бетінше және өзара қолдау көрсету арқылы, сынап-мінемей ақпаратты ұсына отырып, білім және түсінік негізін бірлесіп құрады» (Мерсер, Сөздер мен Саналар, 2000)
Ауызша талқылау. Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтарға жауап беруді ұсынады: «Қандай тапсырмалар саған қиындық тудырды?», «Өз жұмысынды қалай бағалайсың? Неліктен олай?», «Осы тапсырманы қайтадан орындауға мүмкіндігін болса, нені өзгертер едің?», «Топтық жұмысқа қосқан өз үлесіне қанағаттанасың ба?», «Сен сабақтың мақсатына жеттің бе? Егер де жетпесең, саған не кедергі болды?» және т.б.
Жазбаша сауалнамалар.Кері байланыс сауалнамалары («ашық» сауалнамалар – оқушылар ұсынылған сұрақтарға жауап жазады, «жабық» сауалнамалар- оқушылар ұсынылған бірнеше нұсқалардың бірін белгілейді)
Оқытудың әрбір сатысы бойынша
анықталған нәтижелерге оқушылардың жетуін, жетістіктерін бағалау
мақсатында қорытынды бақылау жүргізу үшін бақылау жұмыстары, тест
формасындағы тексеру құралдары жасалады. Ал оқушылардың білім
салалары бойынша интеграцияланған оқу жетістіктерін, яғни білімдік
оқу жетістіктрін сүзгіден өткізу өлшеуіш- тапсырмалар жүйесі арқылы
жүзеге асырылып, бағаланады
(Кесте).
Кесте-Оқушылардың
оқу жетістіктері.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.Тәсілдердің қарапайымдылығы 3.Нәтижелерді алудың
шапшандылығы |
2.Педагогикалық өлшеу элементтерің кейбіреуінің көрініс бергенімен, олар оқушылардың бағаланатын қасиеттерінің сапалы эквиваленттерін сандық өлшеуді емес, оларды бағалауды мақсат етеді, сондықтан мұндай бақылау нәтижелерін бір—бірімен салыстыруға болмайды 3.Педагогтар тарапынан субъективизмнің көрініс беруі 4.Бағалаудың бірыңғай шкаласы мен критерийлерінің болмауы 5.Оқу әрекеті нәтижелерін өзіндік түзету жасауға толық мүмкіндік бермейтіндігі |
2.Оқыту сапасын бағалау квалиметриялық (сандық) тұрғыда негізделеді, яғни оқушының пәндік (пәнаралық) дайындығы сипатындағы өлшенетін айнымалының теңестірілетін сандық эквиваленттер алынады 3.Әсіресе “мектеп – ЖОО (жоғары оқу ортаны)” кезеңінде бақылау – бағалау жүйесіне жаңа негіз қалайды 4.Педагогикалық процесс барысы, әрбір оқушының оқу жетістіктері жөнінде ақпарат алып отыруға болады 5.Оқыту барысына және оның нәтижесіне әсер ететін қандай да болмасын факторлардың ықпалын айқындауға болады 6.Объективтіліктің толық көрініс беруі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуын тежеуі 3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етпеуі |
2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуына мүмкіндік жасауы 3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуі 4.Саралау қабілеттілігі |
|
Қазіргі кезде тест бағалау формасын тәжірибеден өткізген шет ел мамандары олқылықтарды жою үшін, өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап түзету іздестіруде. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бір шешімі ретінде.АҚШ-та портфолио идеясы кең өріс ауда.Ал Ресейде болса бүгінгі күнде бұл бағалау әдісі қолданылап та келеді.
ҰБТ (Ұлттық Бірыңғай Тестілеу) мен бағдарлы оқыту енгізілуіне байланысты бұл Қазақстанда да қолданысқа кіргізілмекші. Ол туралы 12 жылдық оқытуға арналған жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізгі ережесінде көрсетілген.Онда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай түрлері енгізіледі : сыртқы баға, ішкі баға және портфолио.
Портфолио
Портфолио әдеттегі білім, білік, дағдыдан басқа оқушының компетенттілігін тексеруге, бағалауға көмектеседі. Портфолио бағалаудың бір түрі ғана емес, сондай –ақ ол оқушылардың оқу мотивациясына көмектеседі , оқу мумкіндіктерін кеңейтеді. Портфолионың міндеті–баланың неге қабілетті екендігін көрсету.Ол –жаңа оқу процесін ұйымдастыру құралы, оқушының бұрыңғыға қарағанда білімі мен білігіндегі ілгерілеу жолдарынайқындайтын көрсеткіш. Портфолио өзінің мақсатына сай әр түрлі болады : тақырыптық, пәндік, тілдік т.б.
Тақырыптық портфолиода оқушының мәлім бір тақырып төңірегіндегі белгілі бір мерзім ішінде жеткен жетістіктері жиналады.
Пәндік портфолиода, оқушының өзіне ұнайтын, не болмаса көбірек қабілеті бар мәлім бір пән бойынша жеткен жетістіктері жиналады.
Ал тілдік портфолиода (бұл портфолио түрі Еуропа кеңесінде көбірек қолданыста) оқушылардың тілдік компетенттілігі жинақталады, яғни тілдік компетенттіліктің дәрежелері өлшеу кестесі арқылы оқушының белгілі бір тілді қаншылықты игергенін анықтауға болады (4).
Сондай –ақ жалпы портфолио болады. Оған оқушының бір емес, бірнеше сала, бірнеше пән бойынша немесе жалпы өмірінде жеткен жетістіктері жинақталады.
Портфолионың құрамына :
-реферат;
-пікірлер;
-зерттеу
жұмыстары, жобалар мен жұмыс жүргізу туралы
мағлұматтар;
-әр түрлі
тақырыптарға жазылған
баяндамалар;
-шығармашылық
жұмыстар;
-практикалық, лаболаториялық жұмыстары туралы
еcебі;
-қоғамда болып
жатқан құбылыстарға берген бағалары т.б.
кіреді.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі- жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсарту болып табылады.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін сапалық есептер шығару өте пайдалы. Сапалық есептерде математикалық күрделі өрнектер жоқ, сондықтан оқушы есеп шығаруға да дағдыланады, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасауға мүмкіндік мол. Сапалық есептерді шығара отырып оқушының пәнге қызығушылығы артады. Физика сабағында оқушылардың қызығушылығын пәнаралық байланыс арқылы және қоршаған ортада жиі кездесетін құбылыстар арқылы жүзеге асыру - оқыту технологиясындағы қажетті тәсілдердің бірі.
Оқушылардың жалпы және жеке ойлау
ерекшеліктерін қалыптастыру мен дамыту арқылы ғана қазіргі дүниенің
ғылыми бояуын олардың бойына сіңіруге болады. Ал, ойлау үрдісі
ғылыми ұғымдар жүйесінің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты
және керісінше , ұғым
дегеніміз-ой.
Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық
деңгейде игере алады, яғни шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл
үшін оның шығармашылық ойын дамыту негізінде оқуға, яғни өздігінен
білім алуға үйрету қажет . Қоршаған ортамен тығыз байланыстағы
кез-келген табиғат құбылыстары шығармашылық жұмыстың бастауы бола
алады. Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының, шығармашылығының дамуына
жағдай жасай білуіміз
қажет.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олармен бірге
үйірме жұмыстарын жиі жүргізіп, оны қызықты етіп өткізу әрбір
саналы ұстаздың
міндеті.
Сабақ- шығармашылық еңбектің жүзеге
асырылатын басты орны болғандықтан, шешуші міндетті жүзеге асыру
–ұстаздың шеберлігіне тәуелді. Оқу материалын қызықты ету үшін
ойлана, жан-жақты даярланудың өзі ішкі шығармашылық күйді
туындатып, оқушыларға берік те терең білім беруге мүмкіндік
береді.Оқушыларға оқу материалын түсінікті әрі қызықты етіп беру
үшін сыныпты көз алдыңызға елестетіп, әрбір оқушының даярлығы мен
мүмкіндігіне, қабілеті мен біліміне сүйеніп, сабақтың құрылымына
талдау жасай отырып, алдыңызға мақсат қоясыз. Оқу материалын
баяндау барысында тәжірибелер көрсетіп, жаттығулар орындатып,
дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды жүйелі пайдалану
арқылы әсер алуға
жетелейсіз.
Оқушыларға сапалы білім беруді жүзеге асыру үшін алдыма төмендегідей шарттарды орындауды мақсат етіп қоямын.
1.Жалпы мәдениеттік мәні бар ұлттық, аймақтық , жергілікті материалдарды өз сабақтарымда кеңінен пайдалану.
2.Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
3.Оқушылардың физика сабақтарындағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау.
4.Оқытудың әр кезеңінде оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын қалыптастырып, дамытып отыру.
5.Пәнаралық байланысты сабақта тиімді пайдалану.
6. Деңгейлік және саралап оқыту жағдайында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді меңгеруін жүзеге асыру.
Қазіргі таңда сабақты қызықты өткізу үшін көп мүмкіндіктер баршылық. Әсіресе интерактивті тақтаны сабақтарда жиі пайдалану тиімді. Ол оқушының пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай , қазіргі заман талабына сай білім алып ,сабаққа берілген уақытты тиімді пайдалануға және басқа мектептердің оқушыларымен алған білімдерін бөлісуге көп ықпалын тигізеді.
Сөз соңында айтарым, жалпы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын түрлі әдістермен арттырып, сабақтың сапасын көтеруге , оқушылардың білімге деген оқу-танымдық қызығушылығын арттыруға , қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру стандарты.-Астана, 2006-72 Б.
2. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы // Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңнама. –Алматы: Юрист, 2004. – 224 Б.
3. Жадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного образования. –Алматы: РИК, 2000. – 91-98 с.
4. Михеева В.И. Портфолио и построение образовательного рейтинга выпускника основной школы//Педагогика.-2009.- №2.
14
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз