Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білімнің қайнар көзі...

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің қайнар көзі...
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛАЙДАРОВ Бексултан Бахтиярулы,

«Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастырушы-ұстазы.

Түркістан облысы Төлеби ауданы

Білімнің қайнар көзі...



Тәрбие – бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекетін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты «Тұлға» қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. «Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» деп халық айтқандай қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және демократиялық өзгерістерге байланысты жеке тұлғаның дербестік сипатта дамуы маңыздылыққа ие болуда.

Біздің орталық қызметкерлерінің негізгі мақсаты – баланың жан-жақты дамыған, кез-келген ортада өзін еркін ұстай білетін, дарынды, алғыр бала етіп тәрбиелеу. «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталықтарына жыл сайын 16-ауысым бойынша 4300-4500 оқушы келіп, өзінің алған білімін жетілдіріп, сауығып, және де өздеріне өмірлік дос бола білетін оқушылар мен мұғалімдер арттыруда. Уақытша құрылған ұйымда 20 күн бойы ұйымдастырушы-ұстаздар жетекшілік етеді. Ұйымдастырушы-ұстаз балаға ата-ана, аға-әпке, жол бастар көшбасшы іспеттес. Орталыққа келген әр баланың мінез-құлқына байланысты ортаға бейімделуі, топта өзін еркін ұстауы бәрі ұйымдастырушы-ұстаздарға байланысты. Оқушылар топқа бөлініп, балалардың таныс емес ортада бірден ашыла алмайтыны да көптеп кездеседі. Бұл оқушы басты назарда болуы маңызды. Әр баланы жеке тұлға деп қабылдап, өзінің шектік шекарасынан шығарып алмай дұрыс бағыт бағдар беріп тәрбиелеу керек. Міне сонда ғана топты біріктіріп, «Ең үздік топ» етіп шығара аласың.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама-философ Әбу Насыр әл-Фараби бекерден айтпаса керек. Осы орайда, бала тәрбие ұғымын балалық шағынан бастап ата-анасының айтуынан үйреніп келеді, ал біздің, яғни ұйымдастырушы-ұстаздардың мақсаты баланы ойын арқылы өзіне баурап алу. Ересек адамның баланы басқарудағы ең үлкен құралы ол - ойын. Ұйымдастырушы-ұстаздар ойындар арқылы баланың көңілін тауып, жанындағы адамдарға, достарына, жағымды сезімдер оятады. Ауысымға келген әрбір бала топқа қосылғаннан бастап ұйымдастыру кезеңінен, негізгі кезеңнен, және қорытынды кезеңнен өтеді. Яғни ауысым өздеріңіз түсінгендей 3-кезеңнен тұрады.

1. Ұйымдастыру кезеңі; Бұл кезеңде балаларға көбінде таныстыру ойындары ойнатылады, яғни бала өзінің тобындағы және ұйымдастырушы- ұстазын жақсы танып білу мақсатында. Бұл кезеңде балаға ұйымдастырушы-ұстазы, орталық, орталықтың заңдары мен ережелері, топ ішіндегі заңдар толықтай түсіндіріледі.

2. Негізгі кезең; Бұл кезеңде балалар ұйымдастырушы-ұстазын, бірін бірі толықтай танып білген соң, ұйымшылдықтарын арттыру, достықтарын нығайту, бір-біріне деген адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында түрлі ойындар ойнатылады.

3. Қорытынды кезең; Бұл кезеңде атауы айтып тұрғандай ауысымды қорытындылау, естеліктер қалдыру мақсатында көбінесе ойындар емес, сұхбат - әңгіме жүргізіледі.

Яғни, түрлі ойындар арқылы біз баланың көңілін аулаумен қатар, оның психологиясын ұғына бастаймыз. Ал баланың психологиясын білген соң ол баламен жұмыс жасау оңайға түседі.

Біздің орталықтың басқа да білім ордаларынан ерекшелігі – мұнда келген әр бала өзінің өмірінің бір бөлшегі болатын балалық шағының естен кетпес естелігіне айналдыруында. 20 күн бойында білім беріп, тәрбиелеп, сауықтырып қана қоймай, әр баламен жеке жұмыс жасап, қалыптасқан өмір салтына өзгерістер енгізудеміз. Орталыққа келген әр баланың жүрегінен орын алып, қайта келуді арман ететіндей бар күш-жігерімізді салмақпыз. Білімнің қайнар көзі – тәрбие. Ұлт болашағы болатын жастарымызға жақсы тәрбие беріп, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына ену басты мақсатқа айналғалы қашан.

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
581
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12