Әдістемелік жобаға қысқаша сипаттама
Тақырыбы: «Биология цифрлық форматта»
Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғарғы колледжі
Биология пәні оқытушысы Ізтелеу Гүлзат Дастанқызы
Түсінік хат
Тақырыптың өзектілігі: материалды тиімді меңгеру үшін ойын элементтері мен мобильді қосымшаларды қолдану арқылы студенттердің назарын аудару, оқуда заманауи технологияларды қолдануға үйрету. Ұсынылып отырған жоба заманауи білім беруді дамытуға, оқытудың тиімділігін арттыруға және студенттерді болашақта заманауи технологияларды пайданалуға дайындауға бағытталған. Заманауи технологияларды оқу үдерісіне кіріктіру интерактивтілік пен көрнекілікке назар аудара отырып, заманауи білім беру талаптарына жауап береді. Сабақта цифрлық технологияны қолдану арқылы танымның жаңа деңгейіне өсу жолдарын анықтау, жан-жақты қолдану, интерактивтік формадағы оқытуды қамтамасыз ететін пәндер бойынша цифрлық дидактикалық материалдар: фотолар, дыбыс және бейне фрагменттер, статистикалық және динамикалық модельдер,виртуалдық шындық және интерактивтік моделдеу объектілерін кеңінен қолдану мүмкіндігін туғызу ойлау дағдыларын дамыту құралы бола алатынын алға қойып отыр.
Жоба мақсаты: қазіргі оқу үдерісіндегі дәстүрлі әдістермен салыстырғанда цифрлық оқытудың артықшылықтарын зерттеу, көрсету және негіздеу.
Міндеттері:
-
білім беру талаптары жағдайында оқу үдерісінде цифрлық технология элементтерінің өзектілігі мен тиімділігін бағалау;
-
цифрлық және дәстүрлі оқыту нәтижелеріне салыстырмалы талдау жүргізу.
Күтілетін нәтиже:
-
бұл жоба қазіргі білім беру контекстінде цифлық оқытудың дәстүрлі оқыту әдістерінен айтарлықтай артықшылығы бар екенін көрсетуді күтеді;
-
цифлық технологияларды оқу үдерісінде тиімді қолдану нәтижесінде жалпы оқу үлгерімі мен оқу нәтижелері жақсарды;
-
бірлесіп оқыту, өзіндік жұмыс,компьютерді пайдалану арқылы сабақта аралас дағдылар мәселесін шешу.
Жоба жұмысы негізінде биология пәні бойынша 1-курс студенттері арасынан екі топқа тәжірбиелік жұмыс жүргізілді. Зерттеуде 1- топта «Бақылау тобы» дәстүрлі оқыту әдісімен, 2- топ «Эскприменталды тобы» цифрлық технология арқылы оқытылды.
Дәстүрлі оқыту әдістерінің көпшілігі мұғалімнен балаға жәй ғана ақпаратты беруді қамтиды. Сондықтан мұндай әрекеттердегі студенттің рөлі ерекше пассивті. Мұндай топта студенттер оқытушы берген ақпаратқа жауап береді,қабылдайды қайталайды немесе есте сақтайды. Ең жақсы жағдайда, цифрлық технологияларды интеграциялау студенттердің әсіресе ғылымдағы жетістіктерін арттырудың бір жолы деп білеміз.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен цифрлық технологияны қолдану арқылы студенттердің ойлау қабілеті артып, ізденушілігі дамып,белсенділіктері мен қызығушылығы артып, интерактивті әдістерге: презентациялар, миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар және т.б сабақты тиімді пайдалану мүмкіндігі туындады.
Аталған мүмкіндіктерді зерттеу барысында биология пәнінде «Тыныс алу жүйесі» тақырыбында 1-топ «Бақылау тобына» дәстүрлі оқыту әдістерімен, ал 2-топ «Эксперименталды тобына» Mozaik.3D, Wordwall.net, Flippity.net, ClasssroomScreen платформалары, «Ойын» технологиясының элементтерін, «Деңгейлеп оқыту» технология элементтерін қолдана отырып сабақ жүргізілді.
Сабақтың қорытынды бөлімінде жаңа тақырыпты меңгеруін бағалау мақсатында 2- топтан да 5 – сұрақтан тұратын тест жұмысы алынды. Нәтижесінде эксперименталды топтың білім көрсеткіші анағұрлым жоғары дәрежені көрсетті.
Қорыта келіп, пәнді оқытуда цифрлық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-
білім алушының өз бетімен жұмысы;
-
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
-
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
-
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
-
студенттердің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор екенін аңғартты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Биология цифрлық форматта»

шағым қалдыра аласыз