Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биология пән бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы







Биология пән бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні





























Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3



І тарау Олимпиада оның құрылымы және ерекшеліктері



1.1 ЖОББ мектептерінде олимпиада өткізудің мазмұны мен оған қойылатын талаптар....................................................................................................................7



1.2 Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері ............................................9



ІІ тарау Биологиядан олимпиада өткізу әдістемесі



2.1 6 ,7 ,8 – сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары............................13



2.2 9 – сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары........................................16



2.3 11 – сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары........................................19



Қорытынды..........................................................................................................21



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................22



























Кіріспе

  Олимпиада – республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыру, оның тұрақты даму аясында жетілдірудің құралы. Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. 

Ертедегі Грецияда б.д.д 776 жылы қалыптасқан олимпиадалар тек түрлі спорттық жарыстарды ғана біріктіріп қоймаған, сонымен қатар өнер байқауларын да біріктірген. Тапсырмаларды орындау бойынша ұйымдастырылған байқаулар да олимпиада деп аталған. Тарихта ақыл ой жарыстарының барлығы содан бері белгілі болып келеді. Ерте Өрлеу дәуірінде  Италияда математикалық турнирлер кең көлемде таралған.Олимпиадалық қозғалыстардың қалыптасуы мен дамуына, оларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемелерін жасауда зор үлес қосқан ғалымдар: П.С.Александров, В.Г.Болтянский, А.Л.Брудно, Б.Н.Делоне, Ю.С.Ильяшенко, В.Ф. Каган, П.Л. Капица, Л.И.Каплан, М.Клайн, СМ.Козел, А.Н.Колмогоров, Н.Н.Константинов, М.А.Лаврентьев, Л.А. Люстерник, А.И. Маркушевич, И.С.Петраков, Д.Пойя, СЕ. Рукшин, АЛ.Савин, И.Ш. Слободецкий, В.И. Смирнов, СЛ. Соболев, В.Н, Сойфер, В.М. Тихомиров, А.Л.Тоом, Д.В.Фомин, Д.Шклярский, Л.Г. Шнирельман, И.М. Яглом  және т.б.

Ұлы Отан соғысына дейін олимпиадалар жыл сайын өткізіліп тұрды да, жалпы халықтық мойындаушылыққа ие болды. Соғыс жылдары Ашхабадта және Казанда, 1946 жылдан бастап Киевте, одан кейін Волгада, Смоленскіде, Иркутскіде, Саратовта, Минскіде өткізілген. 

Түрлі білімдер саласы мамандарының дайындаған жұмыстары барлық елдерде жаратылыстану ғылыми циклдері пәндері бойынща олимпиадаларды өткізуге жақсы жағдай жасады. Совет Одағы кезінде математикалық олимпиадалармен қатар астрономиялық, физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық және т.б. олимпиадалар өткізіле бастады.

«Ірі» олимпиадалар құрылымы одан әрі сатылана түсті: республикалық және Бүкілодақтық пәндік олимпиадалар, ал үлкен қалалар ішінде аудандық сатылары ұйымдастырыла бастады. Олимпиада бұрын 30 – жылдары жас натуралистердің үйірме жұмысының қорытындысы ретінде өткізілген. Ол кездегі олимпиада қазіргі олимпиададан алыс еді. Биологиялық олимпиаданың « жаңа ғасыры » 1951 жылдан кейін басталды. 1995 жылдан бастап олимпиада бес этаптан тұрды. Бірінші: мектептік; екінші: аудандық, қалалық; үшінші: облыстық, өлкелік; төртінші: республикалық; бесінші: халықаралық.




1


 Соңғы жылдары  түрлі пәндік олимпиадалардың міндеттері артқан:

  •  оқытудың міндетті нәтижесін бақылаушы;

  •  оқушыларды тиісті білім беру аясында оқыту формасы;

  •  оқушылардың ақыл ойын, шығармашылықтарын дамытушы форма;

  •  ақыл-ойы жоғары дәрежеде дамыған оқушыларды анықтау;

  •  оқушылардың кәсіби бейімділіктері мен қабілеттерін айқындау мен үйлестіруші;

  •  ЖОО  емтихансыз қабылданатын  оқушыларды таңдау формасы ретінде және т.б.

Осылайша қосымша білім беру жүйесінде, осы саладағы көп жылдық бай дәстүрде дарынды әрі танымдық деңгейлері жоғары балалармен жұмыс жасау мүмкіндіктері жатыр. Айта кету керек оқушылардың олимпиадалардағы нәтижелері мұғалімдердің қызметін бағалау аспектісінің бірі болып табылады.

Пәндік олимпиадалар – оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден – бір формасы.

Пәндік олимпиадалардың оқу үдерісіндегі негізгі роліне зерттеушілер түрліше анықтама береді. Ол туралы көзқарастар үш түрлі:

- білім беру сапасын сырттай бақылау формасының элементі;

- танымдық ойын түрі;

- оқушы тұлғасын дамыту тәсілі, яғни оқушылардың шығармашылығын, дарындылығын арттыруға ықпал ететін оқыту тәсілдерінің бірі .

Зерттеушілер өздерінің еңбектерінде оқушыларды пәнге қатысты дайындықтарын арттырудың біршама маңызды құралдарының бірі ретінде пәндік олимпиадаларды атап көрсетеді. Оқушылардың пәндік олимпиадалары қазіргі мектеп жағдайында олардың оқу мотивациясын қалыптастыруға, оқушылардың танымдық белсенділіктерін көтеретін, шығармашылықтарын дамытуға, пән бойынша білімдерін кеңейтуге ықпал етуші құрал. Ең бірінші олимпиадалар біршама қиынырақ тапсырмаларды шешу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Дарынды балалармен жұмыстың бір формасы ретінде пәндік олимпиадалар қазіргі уақытта оқушылардың тек пәнге бейімділіктері мен қабілеттерін айқындауға бағытталған емес, сонымен қатар барлық оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр.

Зерттеушілердің тұжырымдауы бойынша олимпиада оқушының өзінің қандай екенін көрсете алатын, потенциалды мүмкіндіктерін ашатын әлеуметтік­­-психологиялық шарттарды жасайды.

Қазіргі кезде баланы дамыту және дамуына жағдай жасау керектігі ешкімге таңсық емес. Сондықтан да олимпиадаға қойылатын талаптар күшеюде. Облыстық, республикалық олимпиада мектеп бағдарламасынан да білімді тереңдетуді қажет етеді.

2

Олимпиадаларда биологияны өте жақсы меңгерген, қызығушылықтары жоғары балалар күш сынасады.Сондай жарыстарға оқушыларды іріктеу мақсатында арнайы курс жүргізіледі, курстың материалдары олимпиада тапсырмаларының теориялық жағын қамтуы керек. Биологиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеті оқу материалдарын терең меңгеруі артады. Теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу де есептер шығару арқылы жүзеге асырылады. Олимпиада екі турдан тұрады. 1 – тур жазбаша(теориялық), 2 – тур ауызша(практикалық).Олимпиада оқушының мектептік биология курсын қалай меңгергенін тексеретін, экзамен емес. Оның міндеті: әртүрлі биологиялық үйірмелерге қатысатын және өз бетінше биологиямен қосымша айналысатын қабілетті баланы табу. Олимпиада білімі терең, ізденімпаз, өздігінен шешім қабылдай алатын оқушыны қажет етеді. Олимпиада тапрсырмалары және сұрақтары мектептегі биология курстарында оқылған материалдар негізінде және оқушының білімі мен білігін, дағдысын анықтау үшін мектеп бағдарламасынан тыс материалдар да алынады.


.


































3

І тарау Олимпиада оның құрылымы және ерекшеліктері

    1. ЖОББ мектептерінде олимпиада өткізудің мазмұны мен маңызы

Олимпиада – республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыру, оның тұрақты даму аясында жетілдірудің құралы. Биологиядан жүргізілетін мектептік олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми – зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қатынасқа негізделген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру. Бұнда негізгі көңіл талантты, қабілетті оқушыларға бөлініп, болашақ интеллектуалдығын дамыту үшін қалыпты жағдай жасау. Олимпиада ғылым, білім министрлігінің бұйрығымен бекітілген ұлттық мемлекеттік статусқа ие. Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсақ, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу - әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

- ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;

- биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп–салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.

- оқушылар алдына қойылған мәселеге сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйрену қажет.

Биология олимпиада оқушыларға міндеттейді:

- биологиялық ойлаудың жүйелі қалыптасуын;

- биологиялық білімді оқушының терең және берік меңгеруін;

- оқушының биология пәніне деген қызығушылығының көтерілін;

- оқушының шығармашылық ұсынысын және интеллектуалдық қабілетінің дамуын;

- табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді;

- оқушының патриоттық сезімінің оянуын;

- болашақта мамандықтарын саналы түрде өздері таңдауға т.б.

Кез – келген жұмысқа дайындық керек. Олимпиадаға да әділ қазылар алқасы, ұйымдастыру бөлімі және қатысатын оқушылар дайындалады.

Ұйымдастыру бөлімі олимпиаданың өткізілуін және оған дайындықты қадағалайды.

1). Олимпиаданың өткізілу орнын және уақытын анықтау керек.

2). Олимпиада сұрақтарын даярлау және өткізу формаларын анықтайды.

3). Олимпиаданы өткізу.

4

4). Қорытынды жасау және марапаттаудан тұрады.

Биологиялық олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші турдың ерекшелігі бұнда оқушылар жалпы биологиялық білімін анықтау үшін берілген тапсырмаларға жазбаша түрде жауап береді. Мысалы: тест тапсырмалары беріледі. Екінші турдың ерекшелігі оқушылар әртүрлі биологиялық обьектілерді демонстрациялап, биологиялық зерттеу жұмысының әдістемесін меңгергендіктерін көрсететіндей тапсырмаларды орындайды. Екінші турға оқушылар бірінші турдан алған балдары негізінде жіберіледі. Олимпиадаға қатысушы оқушыларды тапсырмаға сәйкес жабдықталған кабинетке отырғызады. Екінші тур ауызша немесе басқада форма күйінде сарамандық, зертханалық жұмыс түрінде өткізіледі. Бұл кезде оқушылар белгілі бір сарамандық жұмыс жасайды. Нәтижесінде оқушы білімі комплексті түрде бағаланады: бақылау, анализ жасау, зерттеу бойынша есеп дайындау, график құру т.б. Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін толық көрсете алатындай барлық жағдай жасалу керек, бұл ұйымдастыру бөлімінің міндеті болып табылады.

Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау мақсатында құрастырылатын арнайы курс бағдарламасының негізгі міндеттері:

1. Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;

2. Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;

3. Биология курсы бойынша білімдерін тереңдету болып табылады.

 Күтілетін нәтиже,  ізденімпаз, білімге құштар, терең және тиянақты білім алған оқушы дайындау.

            Біз, өз тәжірибемізде оқушыларды биология пәні бойынша пәндік олимпиадаға дайындаудың күнтізбелік жоспарын төрт кезеңге бөліп жоспарлаймыз:

І. Оқушыларды таңдау: бақылау, сараптау, жазбаша жұмыс, оқушылардың жалпы және пәндік дарындылықтарын айқындау үшін алғашқы сауалнаманы алу.

ІІ. Теориялық дайындық:

  • Тапсырмамен танысу. Рәсімдеу ережесі. Әдебиет көздеріне шолу.

  • Клетканың химиялық құрамы.

  • Тірі организмдердің алуантүрлілігі. Систематика. Патшалықтар белгілері.

  • Өсімдіктер, Саңырауқұлақтар, Бактериалар патшалықтарының жалпы ерекшеліктері.

5

  • Жануарлар патшалығының жалпы ерекшеліктері.

  • Адам мүшелері жүйесінің ерекшеліктері.

  • Жалпы биологияның теориялық негіздері

  • Былтырғы жылғы олимпиадалық тапсырмаларға шолу жасау. Кеңес беру.

  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Жазбаша конспектілер құрастыру.

  • Интернет желісі арқылы оқушылардың ғылыми-ізденушілік  жұмыстарын ұйымдастыру.

ІІІ. Практикалық дайындық– іскерліктерін қалыптастыру.

1.Арнайы құралдармен жұмыс жасау, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін анықтау мен тану, микропрепараттар дайындау, билогиялық коллекциялар дайындау және т.б.  біліктіліктерін қалыптастыру бойынша практикалық сабақтары.

2.Цитология бойынша тапсырмаларды орындау.

3. Генетикалық есептерді орындау.

4.Бұрынғы жылғы олимпиадалардың практикалық тапсырмаларын талдау.

5. Түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау жолдарын талдау.

IV. Өзіндік дайындық

1. Бұрынғы жылғы түрлі күрделілік деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындау;

2. Бұрынғы жылғы олимпиалардың түрлі күрделілік деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау

3. Логикалық тапсырмаларды орындау

4. Біршама қиынырақ тапсырмалар бойынша кеңес алу.

Жүргізілген зерттеу жұмысының негізінде оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысының мазмұнын, құрылымдық бөліктерін нәтиже өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін атап көрсетуге болады:

Мотивациялық деңгейде: дарындылықты дамытуда пәнге қатысты танымдық тапсырмаларды орындаудың қажеттілігін түсіну;

Мазмұндық деңгейде: олимпиадалық тапсырмалардың жауабын жүйелі зерттеп, іздеу жолдарын білу (ақпарат көздерін білу);

Іс- әрекеттік деңгейде: олимпиадалық тапсырмалар мазмұны  бойынша білімдерін жаңа тапсырмалар жүйесінде қолдану .





6

Педагогикалық шарттары:

- оқушылардың дарындылықтарының деңгейін анықтау;

- оқушыларда оқу-зерттеу біліктіліктерін, ақпараттық сауаттылықтарын дамыту; 

- оқушылардың жеке даму бағдарламаларын құрастыру;

- оқушыларды  шығармашылық ізденіске баулу;

- жан-жақты ақпараттандыру:

- байқаулар ұйымдастыру.

Ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс. Биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалы түрде көрсетуге, оның себеп–салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.


























7

    1. Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері

 

1. Жалпы ережелер

     1. 1.2 Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері (бұдан әрі – Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік кезеңін, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.

      2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: оқушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, аймақтықолимпиадарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, мектептегібілім берудің беделiн көтеру.
     3. Бұл ереже Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы негізінде әзірленді.

      4. Олимпиаданы ұйымдастыруға жауапты ғылыми-әдістемелік орталық:
     1) Осы ережемен белгіленген Олимпиаданың өткiзілуін бақылайды;
     2) Олимпиадаға басшылық жасауды жүзеге асырады;
     3) Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;
     4) Мектеп директорынаОлимпиаданың қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде ұсыныс бередi;
     5) Олимпиаданың қорытындысын талдайды;
     6) Олимпиада материалдарын жариялайды.
      5. Олимпиаданың мектепішіліккезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (3адамнан кем емес).
     6. Олимпиаданың қазылар алқасы:
   1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;
   2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;

3) жеңiмпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекіту үшін әкімшіліккеұсынады;
   8

 4) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді;
    5) Ғылыми-әдістемелік орталықпенбiрлесе отырып, аймақтық олимпиадаға қатысушы кандидаттарды анықтайды.

2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

    10. Олимпиадағақоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 10-11 сыныптар, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатысады.

    11. Олимпиаданың тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша пәндік әдістемелік бірлестіктер дайындайды және ғылыми-әдістемелік орталық бекітеді.

    12. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, апелляцияға бере алады.
    13.Апеляцияға беру әр тур бойынша қорытынды шыққанна кейін бір жұмыс күні ішінде орындалуы керек..

   3. Қорытынды ереже

 14. Мектепішіліколимпиаданың жүлдегерлерi мектеп дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.

 15. Олимпиаданың аймақтық  кезеңіне қатысушылар саны әр пән бойынша жүлдегерлер санымен анықталады.

16. Егер бірнеше қатысушы бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.
























9

ІІ тарау Биологиядан олимпиада өткізу әдістемесі



2.1 6, 7, 8 – сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми – зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қатынасқа негізделген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.

Биологиялық олимпиаданың оқушыларға міндетті:

- биологиялық ойлаудың жүйелі қалыптасуын;

- биологиялық білімді оқушының терең және берік меңгеруін;

- оқушының биология пәніне деген қызығушылығының көтерілін;

- оқушының шығармашылық ұсынысын және интеллектуалдық қабілетінің дамуын;

- табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді;

- оқушының патриоттық сезімінің оянуын;

- болашақта мамандықтарын саналы түрде өздері таңдауға т.б.

Олимпиада екі турдан тұрады. 1 – тур жазбаша(теориялық), 2 – тур ауызша(практикалық).

Теориялық турдың тапсырмалары (1 тур)

1 тапсырма .Әр сұраққа 1 ұпайдан

1.Өсімдіктерде қор заттар қай жерде сақталады?

а/ядро

ә/хлоропласт

б/вакуоль

в/ядрошық

2.Итмұрынның жалған жемісі- көпжаңғақты жеміс неден дамиды?

а/түйін

ә/гүлтабан

б/аналық аузынан

в/аналық мойынан

3.Қылқандылар бүрлері дегеніміз не?

а/жеміс

ә/көбею органы,түріөзгерген өркен

б/тұқымбастама

в/ұрық

4.Тонометр өлшейді

а/өкпенің тіршілік сыйымдылығын

ә/қан қысымын

б/жүректің бір минутта жиырылу саны

в/дене температурасы

10

5.Қан айналудың үлкен шеңберіндегі көк тамырдағы қан

а/салатамыр қаны

ә/аралас қан

б/оттегімен қаныққан қан

в/көктамыр қаны

6.Дене жасушасынан жасушааралық сұйықтыққа мыналар сіңеді

а/оттегі

ә/көмірқышқыл газы

б/азот

в/нәруыз

7.Асқазан бездері асқазан сөлдерін бөліп шығарады, бұл сөлдердің әсерінен мыналар сіңіріледі

а/нәруыз және сүт майлары

ә/көмірсулар және өсімдік майлары

б/минералды тұздар

в/жануарлар майлары

8.Сыртқы ортаның температурасы мына жануарлардың дене температурасы кәдімгідей әсер етеді?

а/пингвиннің

ә/майшабақтың

б/итбалықтың

в/морждың

9.Құрбақа мен қолтырауынның құрылысының ұқсастығы былай түсіндіріледі?

а/бір ата-тектен шыққан

ә/бір аймақты мекен етеді

б/судағы тіршілікке бейімделген

в/бір класқа жіктелген

10.Егер сүйек отқа қыздырса

а/морт сынғыш

ә/серпімді болады

б/жұмсақ болады

в/иілімді болады

2 – тур ауызша(практикалық).

1 - тапсырма  /5ұпайдан/

1.Жұлынның құрылысына сипаттама бер?

2.Есту мүшелерінің құрылысына сипаттама бер?

3.Хромосоманың түрлерін атаңыз: 1…………………………………………………….

2……………………………………………………

3…………………………………………………..


11

2 - тапсырма /5 ұпайдан/

1.Әртүрлі организмдердің эукариотты клеткаларын салыстырыңыз.

1-кесте

белгілері


саңырауқұлақ клеткалары




өсімдіктің клеткалары




жануарлардың клеткалары

клетка қабырғасы


 


 


 

ірі вакуольдер


 


 


 

хлоропластар


 


 


 

қоректену тәсілі


 


 


 

центриольдері


 


 





3 - тапсырмалардың (ОЖ1 –ОЖ3) алты жауабынан үш дұрыс жауапты таңдап алыңдар:

1. Тірі жасушадағы липидтер мынадай қызмет атқара алады:

  1. Құрылыстық

  2. Энергетикалық

  3. Катализдік

  4. Транспорттық

  5. Қозғалыстық

  6. Жылу өткізбейтін

2. Жабықтұқымды өсімдіктердің өздеріне ғана тән ерекшелігі:

  1. Қосарлы ұрықтану тән

  2. Түтіктері болмайды

  3. Ұрықтары ұрық түйінінде орналасқан

  4. Генеративті мүшелер – гүл және тұқымы бар жемістер

  5. Спора арқылы көбейеді

  6. Жерасты мүшесі – ризоид

4. тапсырма(10 ұпай)

2 – кестеде берілген жануарлардың кейбір класстарына сәйкес келетін белгілерді анықтандар.

Белгілері

Шаян-тарізділер

Көп- аяқтылар

Бунақ- денелілер

Өрмекші- тәрізділер

Нефридилері болмайды

+

+

+

+

Көбінесе суда өмір сүреді

+




Екі жұп антеннасы бар

+




Құрсағы11 бөліктен тұрады

+


+


Нағыз ауыз аппарыты болмайды




+

12

5 - тапсырма (20 ұпай)

Төменде берілген 1 – суретте (1,2,3,4...) сандармен көрсетілген бөлімдердің аттарын төменде жазылған сөздермен байланыстыр.

Сурет – 1. Иық белдеуі және қол сүйектері.

Бұғана, жауырын,тоқпан жілік, шынтақ сүйек, кәрі жілік, білезік сүйектері, алақан сүйектері,саусақ сүйектері.























13

2.2 9 – сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары

Мақсаты:

·         оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету;

·         оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру;

·         ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру;

·         дарынды балаларды айқындау;

·         оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаға іріктеу және дайындау

Олимпиада екі турдан тұрады. 1 – тур жазбаша(теориялық), 2 – тур ауызша(практикалық).

Теориялық турдың тапсырмалары (1 тур)

Тест сұрақтары

1. Жасушаның айналадағы құбылысқа жауабы:

А) қозғалу

В) өсу

С) көбею

Д) тітіркенгіштік

Е) бөліну

2. Зат алмасу барысында қорғаныштық қызмет атқаратын органоиды:

А) эндоплазмалық тор

В) ядро

С) жасуша мембранасы

Д) рибосома

Е) митохондрия

3. РНҚ-ның құрамына кіретін көмірсу түрі:

А) пентоза

В) рибоза

С) полисахарид

Д) тетроза

Е) глюкоза

4. Тыныс алу құбылысына тән:

А) жарықта ғана іске асады

В) органикалық зат ыдырайды

С) оттегі бөлінеді

Д) көмірқышқыл газы сіңірді

Е) тек қана хлоропластарда жүреді

5. Егер центромера хромосоманың ұшында орналасса, онда

хромосоманың бұл типі былай аталады:

А) телоцентрлі

В) спутникті

С) акроцентрлі

14

Д) субметацентрлі

Е) метацентрлі

6. Тірі организмдердің Жер бетінің қабығы
A) гидросфера.
B) литосфера.
C) атмосфера.
D) ноосфера.
E) биосфера. 
7. Алғашқы аңдардың мекені
A) Үндістанда.
B) Америкада.
C) Жапонияда.
D) Австралияда.
E) Африкада. 
8. Жасушаның құрамындағы органикалық зат:
A) Калий хлориді
B) Cу
C) Натрий хлориді
D) Нуклеин қышқылы
E) Тұздар 
9. Ферменттер табиғаты жағынан:
A) Ақуыздар (нәруыздар) .
B) Көмірсулар.
C) ДНҚ.
D) Минералды тұздар.
E) Майлар. 
10. Ағзаның жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезеңі:
A) эмбриогенез
B) филогенез
C) постэмбриогенез
D) түрленіп даму
E) онтогенез

2 – тур ауызша(практикалық).

1 – тапсырма.

2 – кестеге А,Б – ны сәйкестендіріңіз (5 ұпай).

А. Микроэлементтер

Б. Макроэлементтер

1.  кальций

3. темір

5. магний

2. калий

4. азот

6. молибден

7. фосфор

8. мырыш

9. күкірт

  15

3– кесте

1


2


3


4


5


6


7


8

9


Б


Б


А


Б


Б


А


Б


А

Б




2 – тапсырма

4 – кестедегі эукариоттар мен прокариоттар ерекшеліктерін анықтаңыздар. Кестені толтырғанда «+» (ия) және «-» (жоқ) таңбаларын пайдаланыңыздар.(10 ұпай)

Негізгі ерекшеліктері

Прокариоттар

Эукариоттар

Бір РНҚ полимераза үш түрлі РНҚ синтезін жүзеге асырады

+


Құрылымдық гендер оперондық деңгейде ұйымдаспаған


+

Белок синтезі транскрипция аяқталмай жатып басталады

+


Құрылымдық гендердің басым көпшілігінде интрондар бар. Олар сплайсинг барысында аластарылады.


+



3 – тапсырма

Генетикалық есепті шығарыңыз. (4 ұпай)

Теңіз шошқасының ұзын, бұйра қылшықты қара түсті аталығы, бұйра, қысқа, ақ түсті аналықпен шағылыстырған. Осы жұптан будандастыру нәтижесінде 17 бұйра, қысқа, қара, 12 бұйра, ұзын, қара, 6 тегіс, қысқа қара және 7 тегіс, ұзын, қара түсті особьтар алынған. Ата – аналарының генетиптері қандай ? Статистикалық тұрғыдан шыққан ажырау күтілген шамаға сәйкес келе ме, соны дәлелде.












16

2.3 11 – сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары

Олимпиаданың мақсаты: биология пәні бойынша оқушылардың ақпараттану дәрежесін, олардың интеллектуалдық даму деңгейін, логикалық ойлау дағдысын тексеру.

Теориялық турдың тапсырмалары (1 тур)

1. Табиғатта эволюциялық процестің басты факторы -

A) Көбею қарқындылығы. B) Табиғи сұрыпталу.

 C) Қолдан сұрыптау.  D) Тіршілік үшін күрес. E) Түраралық күрес.

2. Тірі табиғат өлшемі «түр» — деген ағылшын ботанигі

A) Плотон B) Э.Дарвин C) Ф.Энгельс D) Джон Рей  E) Ч.Дарвин

3. Жас ғалым А. Уоллес пен Ч. Дарвиннің тұжырымы

A) түр өзгеруге бейім  B) түрлер үнемі жаңарып отырады

C) табиғи сұрыпталу жүреді  D) ағзалар күрделеніп дамуы болмайды E) түр өзгермейді

4. Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан жаңа аналық ағзаның дамуы

A) Бүршіктену B) Партеногенез C) Өсімді D) Түйнек E) Бөліну

5. Митоздық бөліну кезінде аналық хромосома 16 болған жағдайдағы саны:

A) 24 B) 48 C) 32 D) 16 E) 8

6. Организмдердің табиғи ортаға бейімделуі:

A) Экологиялық физиология. B) Медицина. C) Физиология.

 D) Гигиена.  E) Акклиматизация (жерсіндіру).

7. Адамның іс-әрекетінің ағзаларға әсер ету факторы:

 A)Шектеуші.B)Антропогендік.C)Биотикалық.D)Экологиялық.

 E)Абиотикалық

8. Тіршілік етуге барынша қолайлы фактор:

A) Максимум. B) Оптималды.C) Биотикалық.D) Абиотикалық.   E) Минимум.

9. Мейоздық кезеңде хромосомалар жиынтығы:

A) екі есе азаяды  B) бір жұбы артып кетеді C) өзгеріссіз қалады

D) кездейсоқ өзгеріске ұшырайды E) екі есе көбейеді

10. Түрлер арасында қоректері біркелкі болған жағдайда туындайтын:

A) Жыртқыштық.B) Тіршілік үшін күрес.C) Арамтамақтық.D) Паразиттік.  E) Селбесу.

11. Жануарлардың дене пішіні мен түсі қоршаған ортаның заттарымен сәйкес келетін бейімделушілік:

A)Бүркеніш.B)Айбарланғыш.C)Сақтандырғыш.D)Жасырынғыш. 

E) Қорғаныш.

12. Тірі ағзада жүретін химиялық процесс… байланысты.

A) ішкі температура мен ылғалдылыққа B) айналадағы орта жиынтығына  

 C) ауа райының барлық жиынтығына D) сыртқы температураға, ылғалдыққа

E) сыртқы және ішкі температураға


17

13. Табиғат біртұтас, ондағы даму қарапайымнан күрделіге қарай жүреді деген пікір айтқан

A) Ч. Дарвин                        B) А.Н. Радищев       C) А.И. Герцен           D) Шванн        E) К.Ф. Рулье

14. Даралар арасында бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі:

A) Биоценоз.   B) Заттардың айналымы.  C) Экологиялық пирамида.  D) Қоректік. E) Қоректену торы.

15. Физиологиялық критерийдің негізгі ерекшелігі:

A) Ағзаның сыртқы белгілерінің жиынтығы.     B) Ағзалардың тіршілік әрекеттері мен қасиеттері.

C) Нақты түрге тән хромосомалар жиынтығы.   D) Түрдің таралған белгілі бір аймағы.

E) Сыртқы орта факторларының жиынтығы.


  1. тур ауызша(практикалық).

1 – тапсырма. Өрмекшітәрізділер класына жататын отрядтар өкілдерін оларға тән белгілер бойынша анықтаныздар. (5 ұпай)

Отряд өкілдері: 1. Пішіндіктер. 2. Өрмекшілер. 3. Кенелер. 4. Қыршаяндар. 5. Жалғанқыршаяндар. 6. Сольпуги

Тән белгілер мен ерекшеліктер:

А. Педипальпалары жүру аяқтарын ұқсас; хелицерасы ірі болып келеді

Б. Денесі ұзын; құрсағы екі бөліктен тұрады; ірі омыртқасыздар

В. Денесі қысқа сопақтау жалпақ; құрсағының ұшы дөңгелектеу

Г. Баскөкірек пен құрсағы жіңішке сабақпен жалғасқан

Д. Денесі бас және көкіректен тұрады

Е. Денесі баскөкірек пен құрсақтан тұрады

1

2

3

4

5

6















18

2– тапсырма. 2-суреттегі жасушаның құрылысын санмен берілгенін анықтап, әрқайсына анықтама беріп жазыңыз.(10ұпай)



Жасуша органоидтары

Анықтамалары

1.


2.


3.


4.


5.


6.


7.


8.


9.


10.


11.


12.




19

Қорытынды

Олимпиада – республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыру, оның тұрақты даму аясында жетілдірудің құралы.

1995 жылдан бастап олимпиада бес этаптан тұрды. Бірінші: мектептік; екінші: аудандық, қалалық; үшінші: облыстық, өлкелік; төртінші: республикалық; бесінші: халықаралық.Олимпиада екі турдан тұрады. 1 – тур жазбаша(теориялық), 2 – тур ауызша(практикалық).

Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсақ, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу - әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

- ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;

- биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп–салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.

- оқушылар алдына қойылған мәселеге сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйрену қажет.

Биология олимпиада оқушыларға міндеттейді:

- биологиялық ойлаудың жүйелі қалыптасуын;

- биологиялық білімді оқушының терең және берік меңгеруін;

- оқушының биология пәніне деген қызығушылығының көтерілін;

- оқушының шығармашылық ұсынысын және интеллектуалдық қабілетінің дамуын;

- табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді;

- оқушының патриоттық сезімінің оянуын;

- болашақта мамандықтарын саналы түрде өздері таңдауға т.б.

Кез – келген жұмысқа дайындық керек. Олимпиадаға да әділ қазылар алқасы, ұйымдастыру бөлімі және қатысатын оқушылар дайындалады.

Жүргізілген зерттеу жұмысының негізінде оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысының мазмұнын, құрылымдық бөліктерін нәтиже өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін атап көрсетуге болады:

Мотивациялық деңгейде: дарындылықты дамытуда пәнге қатысты танымдық тапсырмаларды орындаудың қажеттілігін түсіну;

Мазмұндық деңгейде: олимпиадалық тапсырмалардың жауабын жүйелі зерттеп, іздеу жолдарын білу (ақпарат көздерін білу);

Іс- әрекеттік деңгейде: олимпиадалық тапсырмалар мазмұны  бойынша білімдерін жаңа тапсырмалар жүйесінде қолдану .



20

Жалпы ережелер

     1. Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері (бұдан әрі – Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік кезеңін, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.

      2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: оқушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, аймақтықолимпиадарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, мектептегібілім берудің беделiн көтеру.
      3. Бұл ереже Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы негізінде әзірленді.

Олимпиада оқушының мектептік биология курсын қалай меңгергенін тексеретін, экзамен емес. Оның міндеті: әртүрлі биологиялық үйірмелерге қатысатын және өз бетінше биологиямен қосымша айналысатын қабілетті баланы табу. Олимпиада білімі терең, ізденімпаз, өздігінен шешім қабылдай алатын оқушыны қажет етеді. Олимпиада тапрсырмалары және сұрақтары мектептегі биология курстарында оқылған материалдар негізінде және оқушының білімі мен білігін, дағдысын анықтау үшін мектеп бағдарламасынан тыс материалдар да алынады.

Дарынды балалармен жұмыстың бір формасы ретінде пәндік олимпиадалар қазіргі уақытта оқушылардың тек пәнге бейімділіктері мен қабілеттерін айқындауға бағытталған емес, сонымен қатар барлық оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр.

Зерттеушілердің тұжырымдауы бойынша олимпиада оқушының өзінің қандай екенін көрсете алатын, потенциалды мүмкіндіктерін ашатын әлеуметтік­­-психологиялық шарттарды жасайды.








21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.И96 Биологиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар: Жоғарғы оқу орнына арналған оқу – әдістемелік құрал. / Ж.М. Ихласова. – Орал: Өтемісов ат. БҚМУ РБО. 2014. – 36 – 42 б.

2. Биолог анықтамалығы, № 4(48),2015 – 31 – 33б.

3. Биолог анықтамалығы №6(26),2011 – 19 – 23б.

4. Бим-Бад Б.М. Педагогический энциклопедический словарь. — М., 2002. С. 179.

5. Педагогический терминологический словарь. — С.-Петербург: Российская национальная библиотека. 2006.

6. Старикова Я.В. История физических олимпиад школьников: Методические рекомендации для учителей физики и студентов физико-математических факультетов пединститутов. Бийск, 1996. 24 с.

7. Корсунова Овена Юрьевна. Педагогические условия организации нтеллектуально-творческих ученических олимпиад : Дис. ... канд. пед. наук : 13.00.01 : Москва, 2003 170 c. РГБ ОД, 61:04-13/504-9

8. Шарапков, Андрей Николаевич. Педагогические условия гуманизации режима интеллектуального испытания школьников на предметных олимпиадах : диссертация ... кандидата педагогических наук : 13.00.01 Рязань, 2003 188 c.



























22

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
2926
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12