жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдіс- тәсілдері»
«Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдіс- тәсілдері»
Үштілділік -бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.
Үштілдіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да ,берері де мол."Біз Ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаумыз керек.Қазіргі әлемнің осы "лингва франксын" меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады."
Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің,оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.
Өз тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор.Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары:"Полиглот","Кім тапқыр?","Кел сайысаық!" сынды тағы басқа ойындар өткізудің үштілді меңгерудегі маңызы ерекше.Оқушыларды ойната отырып,үш тілде жүргізілген сөз жұмбақ,ребус олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болады.Bilimland.kz сайты жақсы көмекші құрал оқушылардың қызығушылығын оятып ,уақыттарын үнемдеуге,қосымша дерктерді тиімді қолдануға түрткі болды.
Ағылшын тілін биологиямен кіріктіру мақсатында бағдарлама қажет болып .Биыл қалалыққа "Биология сабағындағы ағылшын тіліндегі терминологиясы" атты 8-10 сыныптарға арналған бағдарламалар жинағын тараттым. 2014-2015 оқу жылынан бастап Орал қаласының №38 мектеп-лицейінде эксперимент режимінде 8 а сыныпта биология пәнін ағылшын тілінде оқытуға даярлық жасау мақсатында терминдер бойынша толық жұмыс жүргізілді.
2015-2016 оқу жылында 9 «а» сыныбында биология пәнін ағылшын тілінде оқыту жалғасын тапты.. Пән мұғалімі Шукирова А.А - жоғары санатты биология пәні мұғалімі, ІІ деңгей бойынша сертификатталған. Осы жылы Бизнес Қауымдастық ЖШС тіл білімдері орталығында курстан өтіп, «Базалық» деңгейін меңгердім.Өз білімімді жетілдірудемін
8 «а» сыныбында ағылшын тілінде биология пәнін «Zambak» баспасынан шыққан Biology Introductoin оқулығымен аптасына 1 сағат жүктемемен оқытылды. Осы оқулықтарды негізге ала отырып, 8-10 «а» сыныбында биология пәнін ағылшын тілінде жүргізетін пән мұғалімі Шукирова А.А мен ағылшын тілі Қазақстан Республикасының білім беру стандарты мен Халықаралық білім беру стандартын енгізе отырып, 1.Lonqman Bioloqy 11-14, 2. . edexcel Edexcel International GCSE Bioloqy оқулықтарын негізге ала отырып, оқу-әдістемелік құрал әзірледі. Бұл құралда оқушылардың барлық тілдік дағдыларын (сөйлесім, тыңдалым, жазылым, оқылым) дамытуға арналған жаттығулар ұсынылды. Бұл жаттығулардың бір-біріне ұқсамауы, әр түрлілігі және қайталанбауы оқушылардың жалығуына тосқауыл болады. Дидактиканың оқыту қағидаларының бірі – оқытуда оқушылардың білім деңгейін ескеру. Қабылдау деңгейі мен білім деңгейін ескере отырып, тапсырмалар 3 деңгейден тұрады.
2016 ж кітапханаға 8 сынып оқулығы келді ағылшын тілінде Biology стандарттық бағдарламаға сай жасалған ,білімін тексеру бағдарламалары бар.Бір неше авторлардың оқулығы Оспанкулова Элмира ,10 сынып Science -Ғылым атты оқулық бойынша бағдарлама құрастырдым қалалық эксперттік комиссияға ұсынылды.
Ағылшын тілінде сабақ беру әдістерді зерттей отырып CLIL әдісіне тоқтадым біздің пәндерге жақын әдіс.
CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.
CLIL негізін төрт C құрайды:
-
CONTENT (Мазмұн) – бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер, біліктер мен дағдылар;
-
COMMUNICATION (Қатынас) – бұл оқытуда шет тілін пайдалану біліктері;
-
СOGNITION (Таным) – бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;
-
CULTURE (Мәдениет) – бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну, сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау.
CLIL – бұл түрлі білімділік мәнмәтінінде қолданылатын көзқарастардың тұтас бір қатарын біріктіретін өзінше бір термин. CLIL енгізудің түрлі амалдарын сипаттайтын терминдердің тұтас бір қатары бар, мысалы: толық тілдік ену, ішінара тілдік ену, «тілдік нөсер» және т.б.
CLIL-дің негізгі қағидаларын анықтауда түрлі еуропалық елдерде мәдени және тілдік ортасын қамтитын, пәндік және білімділік міндеттерді шешуге бағытталған оның 4 негізгі қыры бөліп көрсетіледі. Осы 4 қырының әрбіреуі білім алушылардың жасына, әлеуметтік-лингвистикалық ортасы мен CLIL ену дәрежесіне қарай түрліше жүзеге асырылады.
СLIL технологиясы бойынша оқытудағы негізгі қағидалар болып табылатындар:
- СLIL ұғымы шегінде орналасқан қағидалар. Бұған пәнаралық байланыстар, сонымен қатар тілдік құзыреттілік, тек оқуға ғана емес, сонымен қатар жаңа білімдерді өмірде пайдалануға, сәйкесінше өмірлік мотивацияны арттыруға дайындық, табысқа беталыс жатады. Осының барлығын CLIL оқытуының артықшылықтарына жатқызуға болады;
- жоғарыда атап көрссетілген төрт компонент жүзеге асырылатын CLIL табысты сабағы;
- одан өзге, әр сабақта тілдік дағдылардың барлық түрлері қолданылуы тиіс.
Осылайша, оқушыларды ана тілінде және оқып үйренетін тілде оқыту бір тұтасты құрайды. Ағылшын тілі арқылы жаратылыстану, биология, химия, информатика, география және тағы бірқатар басқа пәндер оқытыла алады. Осы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін таңдап алынуы толық негізделген. Ол үшін бұл пәндер білім беру мазмұнының ұлттық емес құрамдасын құрайтыны туралы тұжырымды еске алғанның өзі жеткілікті.
Жалпы білім беретін мектептерде CLIL әдістемесінің негізін келесідей постулаттар құрайды:
-
тілді білу пән мазмұнын оқып білу құралы болып табылады;
-
сабақтар еліктіргіш түрде өткізіліп, оқушылар ғылыми тәжірибелерді орындайды және түрлі эксперименттерді іске асырады;
-
тіл жалпы білім беру бағдарламасына кіріктірілген;
-
тілді қызықты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретіндей етіп пайдалануға үйренудің мотивациясы арта түседі;
-
сабақтар тілдік ортаға енуге негізделеді;
-
мәтіндерді шет ел тілінде оқу қажетті дағдылар болып табылады.
Кіріктірілген сабақтарды әзірлеу және өткізудің бірнеше кезеңдері бар:
1. Пәндерді оқу кезінде жалпы ұғымдарды түсіндіруде пәндер бойынша оқу бағдарламаларын қиыстыру. Оқу бағдарламаларын талдау, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді ұсыну барысында мұғалімдермен оны зерделеу, пысықтау, жинақтау және бақылау кезінде оқушылар білімін кіріктіруді талап ететін материалдар іріктеп алынады. Бұл үдерісте терминологиялардағы, түрлі оқу пәндеріндегі сол бір шамаларға арналған бірліктердегі келіспеушіліктер жойылады. Тақырыпты өту мерзімдері, қалыптасатын ұғымдар, пәнаралық байланыстардың түрі және т.б. көрсетілген кестені құру осы жұмыстың нәтижесі болуы мүмкін.
2. Көрсетілген пәндер бойынша өзара байланысқан тақырыптардың кіріктірілген мазмұнын қарастыру, пәнаралық байланысы бар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таңдау.
3. Кіріктірілген сабақтың түрін таңдау. Сабақтың жоспарын құру, бақылау әдістері және мектеп оқушыларының оқыту әдістері мен тәсілдерін бағалауды анықтау. Оқыту мазмұнының өзара әрекеттесуіне .
Сабақты жоспарлаған кезінде пән мұғалімі сабақтың оқу мақсаттарын да, тілдік мақсаттарын да тұжырымдай алуы керек. Тілдік мақсаттарды белгілегенде, пән мұғалімі көмек алу үшін тілдік пәндер мұғалімдеріне жүгіне алады. Мұғалімдердің мұндай серіктестігі сыныпта қолайлы білім беру ортасының құрылуына мүмкіндік туғызады.
Бірақ ең бастысы – сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер «барлық мұғалімдер тілді үйретеді» деген жаһандық тұжырымды ұстануы тиіс .
Пәнді-тілдік кіріктірілген сабақта пәнді-тілдік кіріктіре оқытудың түбегейлі амалдарның бірі мәтінмен жұмыс істеу болсада, сабақта сөйлеу іс-әрекеттерінің барлық түрлері болуы керек. Оқу материалын таңдап алғанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тілдік дайындық деңгейіне жауап беретіндей, стилі жағынан алуан түрлі түпнұсқалық мәтіндерді таңдау қажет.
-
мәселені белгілеу: сұрақ-жауап, анықтама-термин, бөлік-тұтас;
-
қалып қойған жерлерін толтыруға жататын тапсырмалар (көбіне сұрақтары бар парақшалар таратылады);
-
нақты ақпаратты іздестіруге бағытталған тапсырмалар;
-
сөзді табуды көздейтін ойындар;
-
мәтін бойынша 20 сұрақ қойыңыз, бұл арада әр түрлі сұрақтар көрнекі схема түрінде болады;
-
визуалды қатарымен бекітілген жұмыстың ауызша тұсаукесері.
4. Мәтіннің пәндік бағдарлануы, яғни ағылшын тіліндегі мәтіндер пәндік және тілдік құзыреттіліктің дамуы пайда болады.
Сонымен қатар сабақтарда аудио- және бейнематериалдарды пайдалануға болады. Мұғалім сабақты материалдың бір бөлігі аудиомәтін түрінде ұсынылатындай, ал оқытудың ізденіс әдістерін қолданумен материалдың диалог пен сұхбат арқылы келетіндей етіп жоспарлауына болады. Оған қоса, тыңдалым жазбаша тапсырмаларымен де үйлестіре алады (кестелерді толтыру, сызбаларды құру, өткізген жерлерін қалпына келтіру).
CLIL әдістерін пайдалануда мұғалім келесілерді ескеруі тиіс:
-
білімділік ортасы үш тілдің зерттелуіне және жетілуіне ықпал етуі тиіс;
-
сабақтардың кестесін құрастыруда биология және тілдік пәндер мұғалімдері арасындағы әріптестікті ұйымдастыру уақытын анықтау қажет;
-
әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлағанда, тілдік және биология пәндер мұғалімдері әдістемелік бірлестіктерінің өзара әрекеттесу жоспарын түзу қажет;
-
тілдік және биология пәндер мұғалімдерінің арасында сабақтарға өзара ену ісін ұйымдастыру;
-
тілдік ортаны құру үшін мектептегі тәрбие жұмысының жоспарына мақсатты тілдердегі сыныптан тыс іс-шараларды қосу қажет.
Нақты әдістемені қолданудың негізінде келесі ой жатыр: тілді және пәнді біріктіріп оқыту, ең алдымен, толық және ішінара үңілу шарттарымен мақсатты тілдерде тілдік құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған.
Бұл ішінара үңілуде биология сабақтары оқыту тілінде қазақ немесе орыс, бірақ сабақ барысына ағылшын тіліндегі терминдердің өте мұқият ойластырылған «енгізілулермен» өтетінін білдіреді. Бұл жағдайда енгізілетін терминдердің мәнін түсіндіру оқыту тілінде өтеді. Нақты терминдердің ағылшын тіліндегі түсіндірмесі оқыту тілінде беріледі.
Ондай сызбаны көрнекі көрсету үшін оқу-әдістемелік құралдың осы тарауында келесілер ұсынылады:
-
пән мен сынып бойынша терминдер тізімі;
-
сабақтардың жоспары, немесе қысқа мерзімді жоспарлар.
Кіріктіріп оқытудың көрнекілігі ретінде оқу-әдістемелік құралданың осы бөлімінде:
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына бағытталған әдістер:
өз бетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады.Сөздікпен жұмыс, сызба-нұсқалар құрастыру, топтастыру, сәйкестендіру,семантикалық карта, мәтін аудару әдістерді сабақ барысында қолданамын барлық тапсырмалар биологияның терминдерін ағылшын тілінде жазу,жаттау,сәйкестігін табу, шағын мәтіндерді аудару болып табылады.Бекіту барысы тест 5-10 сұрақтан құралған.
Бір сабақ жоспарын ұсынамын
|
Сыныбы 10a |
Күні |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мəні. Cell Division. |
|||
|
Мақсаты |
Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мəні туралы түсінік беру . Cell Division. |
|||
|
Күтілетін нәтижелер |
Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мəнің талдап,салыстырып, тұжырымдай алады; маңызын бағалайды |
|||
|
Керекті жабдықтар |
Оқулық, bilimland.kz |
|||
|
Қолданылатын әдістер |
Үй тапсырмасын тексеруде «Стикерлермен диалог» әдісі, жаңа тақырыпты меңгеруде «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі, бекітуде сәйкестендіру тапсырмасы |
|||
|
Сабақ барысы: |
||||
|
Сабақ кезеңдері |
Уа-қы-ты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
|
Кіріспе |
1 мин 14 мин |
Сыныппен амандасу. Good afternon! Stand up! Sitdown ,please! Who is abcent today? Is abcent.... What date is it today? Today is the 22 -th of october «Стикерлермен диалог» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереді Үй тапсырмасы бойынша жақсы жауап берген оқушыларды мадақтап, ынталандырамын. |
Топтық ережені еске түсіреді Оқушылар стикерлерге жазып әкелген сұрақтарын бір-біріне қояды. |
|
|
Тұса -кесер |
2 мин |
- Cell Division? Қалай түсінесіз? Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады. Ағылшын тілінде қысқаша бейне таспа ұсынады. |
Сұраққа жауап береді |
|
|
Негізгі бөлім |
20 мин 5 мин |
Жаңа тақырыпты меңгеруде тақырыпты «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі қолданылады. Open your books Read the text Go to paqe 114 , 190-191 Group work
Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлерін тексеріп, суретті сөйлетіндер Mitosis
Choromosomes Nucleus Asexual reproduction Double Cell divides |
Оқушылар тақырыппен танысқаннан кейін негізгі идеяларды барынша көп жазады Одан кейін олар өз жұмыстарын ортаға салады және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. |
|
|
Қоры-тынды |
2 мин 1 мин |
Жаңа тақырыпты бекіту, қорытындылау және түсіну деңгейлерін бағалау үшін жұптардың бір- бірінің сұрақтарына жауап берулерін бақылаймын. Тест тапсырма 1.Диплоидты ядроның митозды жолмен бөлінгенінде хромосомалардың қандай жиынтығы түзіледі? А.гаплоидты В.триплоидты С.диплоидты Д.тетраплоидты Е.гексаплоидты 2. Диплоидты ядроның мейозды жолмен бөлінгенінде хромосомалардың қандай жиынтығы түзіледі? А.гаплоидты В.триплоидты С.диплоидты Д.тетраплоидты Е.гексаплоидты 3.Профаза басталған кезде хромосомаларда неше хроматида болады? А.біреу В.екеу С.үшеу Д.төртеу Е.бесеу 4.Митоздың соңында хромосомаларда неше хроматида болады? А.біреу В.екеу С.үшеу Д.төртеу Е.бесеу Сабақ бойы жұмыстанулары бойынша оқушыларды бағалаймын, бағаға түсініктеме беремін. Үйге тапсырма беремін: тақырып бойынша сөздік әзірлеу |
Жұптар бір - бірінің сұрақтарына жауап береді. Бағаларымен танысады. Сабақ соңындағы оқушылар өз көңіл-күйлеріне сәйкес смайликтерді таңдау арқылы рефлексия жасайды. Өз сезімдерімен бөліседі. |
|
Пән аралық байланыс арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау,қайта жаңғырту, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр пәннің мақсатына сай көздеген жеңіс тұғырына жетеміз.
Біз кәсіби тәжірибемізге төмендегідей өзгерістер енгіздік; бұрынғы оқушыларды жалықтыратын бір сарынды сабақтан қызықты, ұқсастықтарында сәл де болса айырмашылықтары бар, сабақ бойы оқушылар сөйлейтін сабақ беруге, үй тапсырмасын оқымаса ұрысып, дауыс көтеруден бас тартып, оқушылардың қызығушылығын оятып, өз еріктерімен оқуына жағдай жасай білуге, теориялық білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра өткізуге, мұғалім ретінде басымдылықпен өз бетімізше бағалаудан бас тартып, есесіне критериалды бағалауды үйретіп, өздерін сол бағалау жүйесі арқылы әділ бағалауға үйретіп өзімізді жаңашыл мұғалім ретінде сезіндік. Біздегі үлкен өзгерістерді көрген соң ба, алдымыздағы оқушылар да алғашқы бейімделу сатысынан өте отырып, оқудың жаңа түрін меңгерді. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен жеңісі ретінде оқушылар сабақ бойы ережені сақтауға, уақытты үнемді пайдалануға, өз-өздерін бағалауға, жаңа идея ойлап табуға, өз ұсынысын айтуға үйренді. Біздің бойымыздағы өзгерістерге керісінше жауап ретінде сол өзгерістер оқушылардың бойынан табылып жатты. Бұндай серпінмен, әр ұстаз «мамандыққа» деген сүйіспеншілікке шынайы көзбен қараса, болашақтың мектебін елестету арман емес, шындық болары сөзсіз.
Әрқашан осындай озық тәжірибемен жақсы шәкірт дайындап шығу әр мұғалімнің арманы. Армандар орындалып жатса оқушының да, мұғалімнің де, мектептің де, тіпті мемлекеттің болашағы жарқын болмақ.
Қолданылған әдебиеттер
1.Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академисы Кіріктілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал Астана 2016
2.А.А. Шукирова "Биология сабағында ағылшын тіліндегі терминологиясы"2016 ж ҚБББ
3.Keith Kelly <Science> MACMILLAN
4.Kenci Bayram ,Ermetov Bakhtiar ,Ospankylova Elmira <Biology 8> АСТАНА кітап
5.Lonqman Bioloqy 11-14
6.edexcel Edexcel International GCSE Bioloqy
7.Jean Martin <Core Biology> Cambridge



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген