Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Биология сабағында жаңартылған білім бойынша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Аннотация
Ұстаздың алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының заман талабына сай қалыптасуына ықпал ете отырып, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелейтін дағды-машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясына жоғары жауапкершілікпен қарап, оны меңгеру, біліктілігін арттыру. Оқушылардың биология сабағына қызығушылығын арттыру үшін түрлі технологияларды қолдану тәсілдері ұсынылған.
Аннотация
Основная цель учителя – дать качественное образование и разумное воспитание, повысить интерес ученика к уроку и предмету, способствуя развитию ученика в соответствии с требованиями времени. С большой ответственностью смотрю на технологию обучения и воспитания, открывающую путь к формированию навыков и упражнений, ведущих учащихся по лестнице знаний во всестороннем совершенствовании, их овладении, повышении своей квалификации. Представлены пути использования различных технологий для повышения интереса учащихся к урокам биологии.
Annotation
The main goal of the teacher is to provide quality education and reasonable upbringing, increase the student’s interest in the lesson and the subject, promoting the student’s development in accordance with the requirements of the time. With great responsibility I look at the technology of training and education, which opens the way to the formation of skills and exercises that lead students along the ladder of knowledge in comprehensive improvement, mastering them, and improving their qualifications. The ways of using various technologies to increase students' interest in biology lessons are presented.
Айтмүханбетқызы Шынар,
биология пәні мұғалімі,
«Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицей" КММ,
Зайсан ауданы, ШҚО
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БОЙЫНША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың,болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ кепілі. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.
«Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді. Әдістердің тиімділігі мұғалімнің оларды әдістемелік тәсілдермен байыта білуіне байланысты. Әңгімелеу, сұхбаттасу барысында табиғи объектілерді, суреттемелерді, сызбаларды, жүйелеуші және жинақтаушы кестелерді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, негізгі материалды игеруге жағдай жасайды. Биологияны оқыту үдерісінде әдіс таңдаған кезде оқу материалының мазмұнын және шешілуге тиісті нақты оқу-тәрбие міндеттерін, биология кабинетінің оқу жабдығымен жабдықталуын, үлестірмелі материалдың болуын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың дайындық деңгейін ескеру қажет. Оқу оқушылардың ойлауын дамытуға септігін тигізуі үшін оларды біліммен қатар, талдау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру, ортақ, жеке және ерекше белгілерін анықтау, жалпылау, қорытындылар жасай білуді қалыптастыру қажет. Мысалы, мен өз сабағымда «Құрылысшы ойыны»,«Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал», « Температура өлшеу», «SVOT», «Сұраққа жылдам жауап», «Мұғалімге хат жазу», « Эссе жазу», «Сұхбат алу», «Қалың және жұқа сұрақтар», «Логикалық тізбекті ажырату», «Шырша немесе фишбоун», «Стикердегі диалог» әдіс-тәсілдерін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын. Яғни, қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді. Ал осы әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде тиімді пайдалану үшін сабақ мақсаты нақты әрі қолжетімді болуы керек.Өйткені сабақтағы ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке жетелейді. Сондықтан сабақтарымды жоспарлауда мен үшін маңызды сабақ мақсатын нақты әрі қолжетімді етіп құру болды.
«Құрылысшы ойыны» өте тиімді тәсіл. Мәтін бөліктерін тез жинау.
Оқу шапшандығын, және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытудағы үлесі зор екендігіне көз жеткіздім.«SWOT» әдісі оқушының өзін және өзге топты бағалауына өте тиімді. «Көршіңмен сырлас» - бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз.
«Температура өлшеу әдісі» бұл әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт береді. «Сұраққа жылдам жауап» тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық жауап алу мақсатында қолданамын. Мысалы, «Нүркен, Аркеннің жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?»,
«Болат,Розаның жауабын қалай толықтыруға болады?»,
«Еркебұлан, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?» деген сияқты.
«Сюжеттік кесте»
Оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылау үшін сұрақтарға сәйкес төрт сөзден тұратын сөйлем құруды тапсырыңыз.
«Сұрақты тауып ал» бірнеше сөйлем бір сұрақтың жауабы болады.
«Мұғалімге хат жазу» сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.
«Эссе жазу» 3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс- тәсілдің бірі.
«Сұхбат алу» ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.
«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады.
«Логикалық тізбекті ажырату» бұл әдісті сабақ қорытындысын шығару кезінде қолданған тиімді. Оқушыларға тақырыпқа сәйкес негізгі сөздер тізбегін жүйелілікке келтіру тапсырылады.
«Шырша немесе фишбоун» бұл стратегия оқушыларды көлемі үлкен тақырыпты бірнеше себебі мен дәлелдемесі келтірілген шағын тақырыпшаларға бөлуді үйретеді.
Осындай әдіс-тәжірибиелерді сабақта қолдану үлкен жетістіктерге жеткізеді, бала дамуында үлкен нәтиже береді ойлаймын.
Менің ойымша сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетуі. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. «Стикердегі диалог» әдісі. Бұл – үй тапсырмасын тексеруге, қорытынды сынақ немесе қарапайым ереже сұрауға таптырмас әдіс. Өйткені бұл әдісті қолданған кезде оқушы оқылған сұрақтың жауабын білуі тиіс. Сонымен қатар бұл әдіс оқушыны тез ойлануға , есте сақтау қабілетін дамытып, шапшаңдыққа үйретеді. Себебі, қағазда жазылған сұрақ басқа, жауап та басқа. Осы жерде оқушының шапшаңдығын, аңғарымпаздығын тануға болады. Сонымен қатар, бұл әдіс сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуға да мүмкіндік береді. Оқушылар өз сұрағының жауабын естуге тырысады және өзіндегі жауаптың сұрағын тыңдауы тиіс. Осы жерде сынып оқушыларының арасында сыйластық қалыптасып, бір-бірінің сөзін тыңдауға бейімделе бастайды.
Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін оған белгілі бір әдіс- тәсілдерді таңдап, саралап қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сол себепті сабақтарымда мен курс барысында игерген әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану арқылы, оқушыларымның өз бетімен білім алуға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздедім. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін, 7 модульді өз сабақтарыма кіріктіре отырып, жаңаша әдіс –тәсілдерді пайдалана бастадым. Жаңашыл, іздемпаз ұcтaздың мiндeтi – сынып оқушыларының бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім беру мақсатында қолданған бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой бөліспекпін.
«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модуліндегі «Ойлар бұлты» әдісінің жаңа тақырыпты бекіту , үй тапсырмасын сұрау мақсатында тиімді екендігіне көз жеткіздім. Себебі, біріншіден, жадыны дамытады. Оқушы жаңа тақырып бойынша бір түйінді сөз жазады. Кез келген сөз емес, ерекше есте қалған сөзді жазады. Кейін талқылау кезінде ол сөзді неліктен жазғанын, ол сөздің жаңа тақырыппен қаншалықты байланыстылығын өзі түсіндіреді. Екіншіден, бұл әдіс оқушының өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Егер оқушы бір сабақта тақырыпты меңгермеген болып, басқа сөз жазса, келесі сабақта ол сыныптастарынан қалмай, түйінді сөз жазарда ойланып жазады. Сол сөздің мағынасын өзі айтып түсіндіретін болған соң, оқушы ойланып жазады, жауапкершілігі артады.
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» — деп, Альберт Эйнштейн айтқандай, бұл бағдарламаның басты мақсаты — сабақты жаңа әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, дәстүрлі сабақтан өзгеше етіп өткізу. Ал оқушылардың сыни ойлауын дамыту, айтылым, оқылым, жазылым бойынша ой-өрісін , сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің тәсілдерін қолдану көп нәтиже береді. Сын тұрғысынан ойлау деген тіркесінде тұрғысынан деген термин ойдың мәселені шешу үдерісінде шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сыни сөзі «мақұлдау» немесе «теріске шығаруды» білдірмейді. «Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану » деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлауға оқушыны жетелеу үшін дұрыс сұрақ қоюға үйрету шарт. Егер оқушы өзі қойған сұрақтың маңыздылығын, қай дәрежелі сұрақ қойғанын анықтап, саралай алатын болса, яғни ол өзіне- өзі сыни көзқараспен қарайды деген сөз.
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - деп Сократ айтқандай бәрі өз қолымызда. Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету және оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлатуды көздейді. Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты міңдеті.
Биология – бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Қорытындылай келе, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.