БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада саралап оқыту технологиясы ұғымының түсінігіне сипаттама беріледі, сонымен қатар саралап оқыту технологиясының әдістері, биология сабағында аталған технологияны пайдаланудың артықшылығы мен оқушылардың биология пәнінен білім сапасын арттырудағы ықпалы қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

УДК 37.013

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

М.Ә. Отар

7М01315 – Биология педагогика мамандығының 1 курс магистранты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Казақстан, е-mail: markhabat.otar@mail.ru

А.Қ. Бекетова

PhD, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Казақстан, е-mail: beketova.aigul@mail.ru


Аңдатпа. Бұл мақалада саралап оқыту технологиясы ұғымының түсінігіне сипаттама беріледі, сонымен қатар саралап оқыту технологиясының әдістері, биология сабағында аталған технологияны пайдаланудың артықшылығы мен оқушылардың биология пәнінен білім сапасын арттырудағы ықпалы қарастырылады.

Саралап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне негізделгендіктен бұл технологияның мәні – оқушыға оқу-танымдық қызметінде табысқа жетуге әлеуметтік және әдістемелік қолдау көрсетумен айқындалады. Алғашында саралап оқыту технологиясы педагогика саласына XX ғасырдың 20 жылдары қолданыла бастады. Қазіргі кезде педагогика саласының назары оқушының жеке тұлғасына бағытталған технологияларға түсіп отыр. Жаңартылған білім мазмұны және тиімді әдістер мен технологияларды пайдалану – заман талабы, сондықтан саралап оқыту технологиясы бойынша теориялық және практикалық тәжірбиелер басым болып келеді.

Кілт сөздер: саралау, саралап оқыту технологиясы, саралау тәсілдері, білім сапасы.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деп атап өткен болатын. Еліміздің білім беру саласында айқын өзгерістер мен даму бағыты орын алып жатқаны баршамызға анық. Осы орайда бәсекеге қабілетті ел болу үшін және жан-жақты дамыған, қоғамда және өз өмірінде жетістікке жете алатын ұрпақ тәрбиелеп оқыту маңызды факторлардың қатарына жатады [1]. Бұл мәселенің шешімін табуда білім беру кеңістігіде саралап оқыту технологиясын кең ауқымда қолдану тиімді болып табылады. Себебі, оқушының оқу-танымдық қызметінде белгілі бір білім, білік, дағдыларды игеру және айқын жетістікке қол жеткізу мүмкіндігі – оқушының тұлғасына сай келетін дұрыс таңдалған әдіс-тәсілді қолданумен сәйкес келеді .

Саралау әдісінің бастамасы гуманистік педагогика өкілдері К.Роджерс және А.Маслоудың есімдерімен байланысты. Саралау технологиясы XX ғасырдың 20 жылдары жарық көре бастады. Сол уақыттарда педагогика саласында кеңінен зерттеулер жүргізілді.

Қазіргі таңдағы қолнаныста жұрген саралау технологияның теориялық негізін қалаған ғалымдар - Л.Выготский, Б.Г. Ананьев, Б.Леонтьев, С.Рубинштейн болды. Ал В.Давыдов, Л.Занков сынды ғалымдар бастауыш білім беруде саралап оқытуды қолдану және әр оқушымен жеке қарым-қатынас орнату барысындағы оқытушының немесе мұғалімнің іс-әрекетін сипаттап көрсеткен. Сонымен қатар қазақ халқының педагогика саласында да саралап оқыту технологиясының негізгі идеясы көрініс тапқан. Мысал ретінде еліміздің біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың «Педагогика» деп аталатын еңбегінде оқушының ойлау қабілеті, қабылдауы, тұлғасы ересектерге карағанда ерекше екендігін, бір бала мен екінші бір баланың бір-бірінен айырмашылық жасайтындығын атап көрсеткен [2].

Саралау сөзі латын тіліндегі «бөлшектеу» деген сөзден шыққан, яғни бүтін бір бөлшекті ұзақ бөліктерге бөліп қарастыру, зерттеу немесе сипаттау. Ал француз тілінде саралау өзгешелік пен ерекшелік деген мағынаны білдіреді. Саралап оқыту нақты мақсатқа бағыттала отырып мұғалім мен оқушының ұйымдасуымен іске асады.

И.Унт пікірінше саралап оқыту ерекшеліктер мен олардың ескерілу дәрежесіне карамастан барлық әдістерде оқушылардың жекелік қасиетіне сай қолданылады[3]. Инге Унт мектеп тәжірбиесінде саралау үнемі салыстырмалы түрде жүзеге асатындығын атап өтті. Ол мына себептерге тікелей байланысты болып келеді:

  • Мектепте көп жағдайда әрбір оқушының ерекшеліктері ескерілмейді. Оқушылардың ерекшеліктері ұқсас қабілеттері мен қызығушылықтары бар топқа біріктіріліп есепке алынады;

  • Жекелеу әдісі оқытудың барлық көлемінде емес, белгілі бір түрінде жүзеге асырылады;

  • Кейбір қасиеттер мен таланттары оқушы үшін маңызды деп танылса ғана есепке алынады;


Саралап оқу дегеніміз:

  • Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілет ерекшеліктері ескерілетін оқытуды ұйымдастырудың бір формасы [4].

  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу сапасы мен қызығушылықтары, сонымен қоса мақсаттарын есепке алуға бағытталған оқу үдерісін құрудың дидактикалық принципі [5].;

  • Оқу процесін оқушылардың қабілеті мен қызығушылықтарына бейімдейтін дидактиканың құрамдас бөлігі [6].

С. П. Чумакова оқытуды саралауды былай түсіндіреді: оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу үшін сыныпта немесе топта, сондай-ақ мектепте оқу жағдайларын қарастыру.

Педагогикалық әдебиеттерде саралап оқыту ұғымымен қатар даралап оқыту ұғымы кездеседі. Даралап оқыту – саралап оқыту технологиясының түрі болып табылады. Дегенмен де, екі ұғымның мағынасы мен мақсат-міндеттері бір деп қарастыру қате пікір.

Саралап оқыту технологиясының мақсаты – оқушының даму жолында оның бейімділік қасиеті мен қызығушылығын арттыруға қолайлы жағдай жасау. Саралап оқытудың мақсаты екі әрекетте айқын сипатталады:

Біріншісі, оқушылардың сабақты тиімді меңгере алуы;

Екіншісі, оқушылардың кәсіби таңдай жасай алу қабілеті, бұл оқу үрдісіндегі шешім болуы мүмкін немесе болашақтағы қалыптасуына және білгілі бір жетістікке жетуіндегі кәсібіи таңдау болуы мүмкін.

Ғалымдар саралап оқыту технологиясының мақсатын үш бағытты деп қарастырады: психология-педагогикалық және дидактикалық, әлеуметтік бағыттары. Төменде саралап оқыту технологиясының мақсат бағыттары мен көзқарастары қарастырылған.


Кесте 1- Саралап оқыту технологиясының мақсатының бағыттары


Бағыты

Мәні

1

Психология-педагогикалық

Бұл бағыт бойынша саралап оқыту технологиясының мәні – оқушының дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай жасау.

2

Дидактикалық

Мәселену шешудің нақты жолы – ынталандырушы принципке сай кететін жаңа методикалық жүйе құру.

3

Әлеуметтік

Оқушының тұлға болып қалыптасуы үшін әлеуметтік қасиеттерді жинақтауға мүмкіндік туғызу мен бағыт-бағдар көрсету.



Саралау технологиясының әдістемелік негізіне жатады:

1. Оқу материалын игеру бағыты – жеңілден қиынға, қиыннан күрделіге қарай.

2. Оқыту кезінде алынған нәтижелерді өлшеу мүмкіндігі.

3. Оқытуды ұйымдастырудың ерекше формасы.

4. Оқушыларды бағалаудың мотивациялық қасиеті.

5.Дамыта оқыту әдісі [7].


Саралап оқыту технологиясының қазіргі кездегі концепциясы бойынша саралаудың екі формасы ажыратылады (В.М. Монахов, В.А. Орлов, В.В. Фирсов бойынша): сыртқы және ішкі саралау. Сыртқы саралауда оқушылардың нақты ерекшеліктері ескеріле отырып тұрақты топтарға бөлінеді. Сыртқы саралуды оқыту мазмұны, әдісі мен тәсілі, ұйымдастыру формасы білгілі бір уақытта өзгеріске ұшырап отырады. Ішкі саралап оқыту кезінде тұрақты топтар болмайды, топ құрамы өзгеріске ұшырап отырады. Ішкі саралауда топтастыру оқушылардың кездейсоқ белгілерін таңдап алумен жүзеге асады және базалық білімді игеруде қолданылады .


Кесте 2- Саралап оқыту технологиясының формалары



Оқытудаға мақсат – саралау немесе жекешелендіру

Мақсатқа жету құралы – саралап оқыту технологиясы


Сыртқы саралау

(оқыту кезінде тұрақты топтар)

Ішкі саралау

(оқыту кезінде тұрақты топтар болмайды)

Дәстүрлі саралау тәсілі

Деңгейлеп саралау:

- Жалпы білім беру

деңгейі;

-Жоғарылау дайындық деңгейі.

Элективті (еркін) саралау:

-Факультативті;

-Таңдау бойынша элективті пәндер;

-сыныптан тыс іс-шаралар.


Таңдамалы саралау:

-бейіндік сыныптар;

-тереңдетілген оқыту [8].


Қазіргі заманғы технологиялардың ішінде саралап оқыту технологиясына баса көңіл бөлген Ж. Қараев, Г.Ғ. Еркібаева, Н.П. Гузик сынды ғалымдар. Саралау технологиясы оқушыларды деңгейлеп оқыту әдісімен қолданылып келеді. XX соңында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы білім беру саласының барлық бағыттарында қолданылды. Отандық педагог ғалым Ж.Қараевтың еңбектерінде аталған технология оқушылардың өз бетімен ізденуі мен жаңашыл әдістермен сипатталады. Ж.Қараевтың саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру деп атап өтті. Белгіленген мақсатқа жету жолында саралап оқыту технологиясы әдістерді тиімді таңдау құралы ретінде, оқытудың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқарады. Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясына сүйене отырып биология сабағында деңгейлік тапсырмаларды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығы мен дамуын арттыру тиімді тәсіл. Биология сабағында саралау технологиясын пайдаланудың артықшылығы – оқушылар сабақ барысында бірнеше деңгейде бірлесе немесе жеке жұмыс жасай алады, жаңа ақпараттық технологияларды біріктіру арқылы оқушылардың оқу процесі барысындағы ынтасын арттыруға мол мүмкіншіліктер туындайды. ҚР білім беру саласында жалпыға бірдей білім беру стандарты енгізілгені белгілі, және ескеретін жайт, сыныптағы барлық оқушы стандартқа сай келе бермейді. Биологияны оқыту барысында оқушыларға мол ақпарат көзін ұсыну оқушылардың толыққанды жетістікке жетуіне кепіл болмайды. Оқу сапасы тек бір фактордың нәтижесі емес, оқу сапасын арттыруға қызығушылық пен ынта, іс-әрекет қасиеттері және әр оқушының деңгейіндегі тәсіл қажет. Үлгерімі төмен оқушыға жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар ұсынатын болсақ, ынта мен жігер төмендейді. Ал егер, жоғарғы білім сапасына ие оқушыға деңгейіне сәйкес емес тапсырмалар ұсынылса, оқушының биология пәніне деген қызығушылығы төмендейді. Биологияны оқыту барысында оқушылардың білім сапасы деңгейі артуы үшін әрбір оқушыға сай тиімді таңдалған технология қажет. Осы арқылы, педагог маман оқушының ақпарат көзін қабылдауға жол ашады.

Қорытындылай келе, салалап оқыту технологиясы биологияны оқыту барысында қолдану оқушыларға өз деңгейлерінде, қабілеттеріне сәйкес мұғаліммен бірлесіп жұмыс жасауға, биология пәнінен білім деңгейін арттыруға ықпал етуші фактор. Оқу барысында оқушының бойындағы мотивация, өзіндік қасиеттер мен сенімділік мағызды рөл атқарады. Сондықтан биологияны оқыту барсында педагог маманның мол тәжірибесі мен шығармашылық қабілеті жоғары болуы шарт. Саралау оқу барысында оқушыларды бөлу немесе оқшаулар емес, керісінше жеке ерекшеліктеріне, бойындағы қабілеттеріне сай бағытта жұмыс жасау. Биология пәнінде саралап оқыту технологиясын қолдану білім сапасын тиімді арттыруға жол ашады. Жас ұрпаққа білім алуды қолайлы оңтайландыру кез-келген салада үлкен жетісікке қол жеткізуге өз септігін тигізеді деп ойлаймын.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолы»

  2. Ізғали Жоламан Ізғалиұлы. Жоспарлау мен оқытуда саралау тәсілдерін қолдану. Әдістемелік құрал /Использовании дифференцированых способов в планировании и обучении. Методическое пособие /– Атырау / 2019.

  3. И.Унт. Индивидуализация и дифференциация обучения

  4. Броневицкий Г.А. Психолого-педагогический словарь офицера воспитателя корабельного подразделения. Учебное пособие для офицеров ВМФ, курсантов и студентов, обучающихся по программам подготовки офицеров запаса, военных психологов. — Новороссийск: 2005..

  5. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике / В.М. Полонский. – Москва : Высш. шк., 2004.

  6. Ізғали Жоламан Ізғалиұлы. Жоспарлау мен оқытуда саралау тәсілдерін қолдану. Әдістемелік құрал /Использовании дифференцированых способов в планировании и обучении. Методическое пособие /– Атырау / 2019.

  7. Ф. Б. Бөрібекова, Н. Ж. Жанатбекова Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. – Алматы: 2014.

  8. Методика дифференцированного обучения учащихся учебному предмету «Технология» Г.А. Молева; Владим. гос. ун-т им. А.Г. Столетовых. – Владимир : Изд-во ВлГУ, 2018.



ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ЗНАНИЯ ШКОЛЬНИКОВ ЗА СЧЕТ ТЕХНОЛОГИИ ДИФФЕРЕНЦИРОВАННОГО ОБУЧЕНИЯ НА УРОКЕ БИОЛОГИИ

М.А. Отар

7М01315 – Биология педагогика магистрант 1 курса, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан, е-mail: markhabat.otar@mail.ru.

А.К. Бекетова

PhD, доктор, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан, е-mail: beketova.aigul@mail.ru


Аннотация. В данной статье дано описание понятия дифференцированной технологии обучения, а также методов дифференцированной технологии обучения, преимуществ использования данной технологии на уроке биологии и ее влияния на повышение качества обучения студентов биологии.

Поскольку технология дифференцированного обучения основана на личностных особенностях обучающегося, сущность этой технологии определяется оказанием социально-методической поддержки обучающемуся для достижения успеха в учебной деятельности. Впервые дифференцированная технология обучения применялась в области педагогики в 20-х годах 20 века. В настоящее время внимание области педагогики сосредоточено на технологиях, направленных на личность учащегося. Обновленное содержание образования и использование эффективных методов и технологий - требования времени, поэтому преобладают теоретические и практические наработки в технологии дифференцированного обучения.

Ключевые слова: дифференциация, технология дифференцированного обучения, методы дифференциации, качество образования.



IMPROVING QUALITY SKILLS OF STUDENTS’ IN EDUCATION THROUGH THE TECHNOLOGY OF DIFFERENTIATED TEACHING IN THE BIOLOGY CLASS

M.A. Otar

7M01315 – Biology pedagogy, Kazakh National Pedagogical University named after Abai, Almaty, Kazakhstan, e-mail: markhabat.otar@mail.ru.

A.K. Beketova

PhD, doctor, Abai Kazakh National Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan, e-mail: beketova.aigul@mail.ru


Abstract. This article describes the concept of differentiated learning technology, as well as methods of differentiated learning technology, the benefits of using this technology in a biology lesson and its impact on improving the quality of teaching biology students.

Since the technology of differentiated learning is based on the personal characteristics of the student, the essence of this technology is determined by the provision of socio-methodical support to the student to achieve success in educational activities. For the first time, differentiated learning technology was used in the field of pedagogy in the 20s of the 20th century. Currently, the attention of the field of pedagogy is focused on technologies aimed at the personality of the student. The updated content of education and the use of effective methods and technologies are the requirements of the time, therefore, theoretical and practical developments in the technology of differentiated learning prevail.

Key words: differentiation, technology of differentiated education, methods of differentiation, quality of education.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі