|
Кіріспе
Сәлеметсіздерме құрметті
әріптестер.Мен М.Әуезов атындағы № 5 орта мектептің биология
пәнінің мұғалімі Қоңқабаева Жанар Ғалымжанқызы. Бүгін
сіздерге «Биология
сабақтарыңда оқушылардың
функционалдық сауаттылықтарын дамытуда
сыни тұрғысынан ойлау
тапсырмаларының ерекшеліктері.»тақырыптағы баяндамаммен
таныстырғалы тұрмын.Мақсаты: Биология сабағында оқытудың әр
түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық
ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру
барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту.
Баяндамамды Ел басы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтің нақыл сөзімен бастағым келіп отыр. «Қазіргі
таңдағы білім беру жүйесінің ең бірінші міндеті-сын тұрғысынан
ойлайтын және ақпарат ағындарына бейімделуге қабілетті адамдарды
дайындау».
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемді
білім саласындағы саясаткерлер үшін де,жалпы мектептер үшін
де,соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты,маңызды мәселе болып
отыр.Ғылым мен техника дамып,әлемнің өзгеруіне ықпал еткен алуан
түрлі технологиялар заманында білім беру жүйесінің алдында тұрған
жауапты міндеттердің бірі-елімідің дамуына,өсіп-өркендеуіне өз
үлестерін қосатын білімді,меңгерген білімін кез келген жерде
қолдана алатын жастарды тәрбиелеу болып
табылады.Сын тұрғысынан
ойлау-Қазақстандағы білім беруді
дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық
түсінік.
Бұл модуль оқушылардың
да,мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және
оймен қабылдауын көздейді.Оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға үйрету
модулі арқылы:
-өз бетінше ізденуге;
-белгілі бір мәселені шешуде ойлануға;
-ойын тұжырымдауға;
-зерттеулер жүргізу арқылы ғылыми жобалар жазуға ынталандырады;
СТО стратегияларына:Блум таксономиясы, «Джиксо», «Кубизм», Даралық
пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Сәйкестендіру
тесті, INSERT кестесі,Ассоциациялық карта, Еркін жазу т.б
әдіс-тәсілдер жатады.Жаңа педагогикалық технология бойынша СТО
модулі бойынша сабақтар үш кезеңнен
тұрады: I. Қызығушылықты ояту
(мотивация)
II. Мағынаны ажырату (реализация)
III. Ой- толғанысы (рефлексия)
Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын өздері анықтауға және
ақпараттыбелсенді ідеу мен өздері нені білгені жөнінде ой-толғаныс
жасауларына мүмкіндік береді. «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Ойлау
картасы», «Минтальді карта», «Кім жылдам?», т.б әдіс-тәсілдер
оқушылардың мотивациясын оятып ынталандыра түссе,екінші кезеңде
жаңа тақырыппен танысуда,ақпарат алмасуда,танымдық
белсенділігін,зерттеушілігін,т.б көрсетуде «ДЖИГСО», «Кубизм»,
«Фишбоун», «Деңгейлік тапсырмалар», т.б стратегиялары,ал үшінші
кезеңде «Ақылдың алты қалпағы», «Кластер», «Венн диаграммасы»,
«Ментальді карта», «Жәрмеңке», т.б әдіс-тәсілдер өте
маңызды.
Мысалы: 8-сыныпта «Жасушадағы
бейорганикалық заттар» тақырыбын «ДЖИГСО» әдісі бойынша былай
өткізуге болады:оқушыларды стикерлер түсіне (номер жазылған ) қарай
жанұялық топтарға бөліп,бірінші кезеңде тақтадағы «жасуша» сөіне
ассоциациялық карта толтырып,қызығушылығын оятып, жаңа тақырыппен
танысуды (оқулық,видио,слайд,т.б)сұраймын. Екінші кезеңде номерлері
бойынша жаңадан эксперт топтар құралады,әрбір топқа тапсырма
беріледі,олар мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды,постер
құрастырады. (1-топ: Жасушаның химиялық құрамы,2-топ:Жасушаның
тіршілік әрекетіндегі судың маңызы.).Осыдан соң жанұялық топтарға
қайта оралып,білімдерін ортаға салып,ақпарат алмасады.Үшінші
кезеңде тиімді әдістердің бірі-«Конструктивті кесте»
ұсынамын,оқушылар химиялық элементтерді тиісті орынға
орналастырады,бұл әдіс арқылы талдау жасауға,бір-бірін тексеруге
болады.
Заманауи түсінікке тоқталар
болсақ СТО бақылау,тәжірибе,толғану және ой жүгірту нәтижесінде
алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде
қолданылатын әдіс болып табылады,сонымен қатар ол әрекет жасауға
негіз,түрткі болуы да мүмкін.
Биология-тірі ағзалардың сан
алуандығын,олардың пайда болуын,даму эволюциясын,т.б
талдауды,болжауды,баламалы шешімдерді қабылдауды, зерттеуді талап
ететін жаратылыстану ғылымының бір саласы,бұл пән үшін СТО
модулінің маңызы өте зор.
Ұстаз үшін баланың өз ойын
толық жеткізуі маңызды.Осындай әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді
қолдана отырып,оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,білім сапасын
арттыру-пән мұғалімінің міндеті деп
ойлаймын.
Назарларыңызға
рахмет!
Пайдалынған әдебиеттер
:
1.Мұғалімге арналған
нұсқаулық:Екінші (негігі) деңгей/-Бакиров К.А.,Намысова
Г.А.
2.Үлестірме материалдар.
3-басылым-Астана: «Наарбаев Зияткерлік
мектептері».

|