Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биологиялық прогреске кері процесс

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушыларды биологиялык регресс тақырыбын т аныстыруды жалғастыру. 2.Оқушылардың дүниенің бір тұтастығы тірі организмнің эволюциялық дамуы тарихы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру. 3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы




11сынып. Биология.

Cабақтытың тақырыбы: Биологиялық прогреске кері процесс

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды биологиялык регресс тақырыбын т аныстыруды жалғастыру.

2.Оқушылардың дүниенің бір тұтастығы тірі организмнің эволюциялық дамуы тарихы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : дәріс

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,экология.

Сабақтың әдісі:эврикалық сұбхат, перфокартамен жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ р ақсатымен танысу.. § 22.

ІІ.Биологиялык регреске ұшырағандар:

1. Паразитті тіршілік етуге көшкендер.

2. Козғалмай бекініп, тіршілік ететіндер.

3. Жер астында және үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардың жеке мүшелерінің карапайымдануы.

1. Паразитті тіршілік етуге көшкен организмдердегі дегенерация мыса л дары.

А. Жануарлардагы регресс паразитті тіршілік ететін жануарларда (жалпак кұрттарда) сезім, ас қорыту мүшелері жойылып, ж.ж кұрылысы қарапайымданады. Жойылған мүшелерінің орнына өздеріне пайдалы иесінің ішектерінде жабысып бекіну үніін ауыз айналасында сорғыштар мен жабысқыш өсінділер дамиды. Паразитті тіршілік ететін шаянтектестердің аналығында (мұртаяктылар — саккулина) буынаяктыларға тән белгілердің барлығы жойылған. Тек бір ғана түзу қызметін аткарады. Адамның асқазан жолдарындағы сиыр таспа қүрты 18—20 жыл тіршішгінде 11 млрд-ка жуық жұмыртка салады..

Ә. Өсімдіктердегі регресс. Өсімдіктердегі регресс те паразиттік тіршілік етумен тығыз байланысты.

Сұңғыла (заразиха) — күнбағыс, карасора, беденің тамырында болатын паразит өсімдік. Сабағы қоңыркай реңді, ққабыршақтанған, хлорофилдері болмайды, сондықтан емізікшелері аркылы коректік заттарды дайын күйінде басқа өсімдіктен сіңіреді.

Екінші паразит есімдік — арамсояу (повилика). Арамсояудың өспейтін жері жок, жол жағасында, бақшаларда, т.б. жерлерде өсетін Жабайы ж\е мөдени өсімдіктер паразитінің жіңішке қызғылт немесе сары жіп тәрізді сабақтары жасыл өсімдіктерді шырмап алады. Бұл өсімдіктің паразит екенін бірден ажыратуға болады. Тамыры мен жапырактары болмайды. Тамырдың орнына жабыскдн өсімдіктің шырынын copy үшін мөлдір сарғыш сабағының әр жерінен емізікшелер пайда болған.

2. Қозғалмай бекініп тіршілік ететін организмдердегі дегене­рация мысалдары. Қозгалмай бекініп тіршілік ететін жануарлардың козғалу мүшесі дернәсіл сатысында болады, хордасы жойылған. Мысалы, өзінше бөлек погонофоралар типінің өкілдері теңіз түбінде қозғалмай тіріпілік етеді. Олардың ұзын, құрт тәрізді денесінің сыртын цилиндр пішінді түтікше жауып тұрады. Денесінщ алдынғы жағындағы шашақты қармалауыштарын ауык-ауык түтіктен сыртка шығарып тыныс алады. Денесі 4 бөліктен тұрады, бірінші (алдыңғы) бөлігінде қармалауыштар (кей түрінде саны 200—250-ге жетеді), "миы" (жүйке шоғыры), жүрегі, бөліп шығару мүшелері бар. Екінші (ірілеу) бөлігі баска бөліктен ерекшеленген. Үшінші бөлігі өте ұзын. Бөліктің ішкі жағында тыныс мүшелері, сыртқы жағында түтікке жабысып түратын өсінділері болады. Денесінің артқы бөлігі сегментке бөлінген (34-сурет).

Погонофораларда "ми" мен жүрек болганымен аузы мен асказан жолдары жойылған, тыныс алу мүшесі — кармалауыштары. Қозғал-май тіршілік ететіндіктен жануарға да үксамай калған. Қарма-лауыштарының ішкі жағында қан тамырларымен жабдықталған үзьш жіңішке түктері болады. Суда түктері түтіктің сыртына шығып түрады. Оған микроорганизмдер көп жабыскан кезде погонофоралар түтіктің ішіне тартып алады. Ферменттердің әсерінен майда организм-дер қорытылып, ішкі бүрлеріне сіңіріледі.






34-сурет. Погонофора: 1— кармалауыштары; 2 — басы; 3 — денесінің бірінші

бөлігі; 4 — денесінің екінші бөлігі; 5 — денесінін үшінші бөлігі; 6 — сезімталөсінділері; 7 — денесінің арткы бөлігі


Асцидиялар

Ұрығында бастама ішектің болуы ата тегінде ас корыту мүшелерінің болғандығын дәлелдейді. Ас қорытуы сыртта жүруіне байланысты погонофораларда ас қорыту жүйесі мүлде жойылған.

Эволюция процесінің нәтижесінде козғалмай тірпшгік еткендіктен қүрылысы карапайымданған организмнің тағы бір түрі — асцидия (35-сурет). Асцидия хордалылар типінің бір тип тармағы — қабықтыларға жататын, теңізде тіршілік ететін жануар. Қапшыкка ұқсаған денесі сыртынан қабыкпен қапталған, табанымен теңіз түбіне бекініп, қозғалмай тіршілік етеді. Денесінің жоғары жағында 2 тесігі бар, оның біреуінен су ішке асқазанына өтеді, екінші тесіктен су сыртқа шығарылады. Тыныс алу мүшесі — жұтқыншакта орналаскан желбезек саңылаулары. Жүмыртка салып көбейеді. Жұмыртқадан баканың итшабақтарына ұқсас қозғалғыш, хордасы бар дернөсілдер дамиды. Дамып шыққан дернөсілдері бірнеше сағаттан соң теніз түбіне бекініп, денесі қарапайымданып, өзгеріске ұшырайды. Қабықтылар төменгі сатыдағы хордалылардың карапайымданған бір тармағы болып саналады.



  1. Жер астында және қараңғы үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардыц дегенерациясының мысалдары.









Ю гославия мен Оңтүстік Австрияның үдгірлерінде космекенділер класына жататьш тритонға үксас протей тіршілік етеді. Өкпесінен басқа басының екі жағында сыртқы желбезектері бар. Суда желбезектерімен, құрлыкта өкпесімен тыныс алады. Жер асты үңгірлеріндегі суда мекендейтіндіктен дене пішіні жыланға ұқсас ұзын, мөлдір, түссіз, пигменті болмайды. Көздері терімен жабылған, уыл-дырығынан дамыған итшабактарьшда көздің бастамасы бар. протейдің арғы тегінін жер үстінде тіршілік еткендігін жөне коздері болғандығын аңғаруға болады. Үңгірде тіршілік ететін организмдерде көру мүшесі, пигменті жойыльш, белсенділігі төмендейді.

Сулы ортада тіршілік етуге көшкен гүлді өсімдіктердің жапырак тақталары жіп тәрізді жіңішкерш, шашақталып, тарамдалып кетеді.

Өткізгіш ұлпалары дамымайды. Газды алмастырып, суды буландырып тұратын тыныс тесіктері жойылады, тек гүлі ғана өзгермейді (су сарғалдағы, балықты мүйізжапырак, т.б.). Кұрылым деңгейінің қарапайымданып, эволюцияльщ өзгеруінің генетикалық негізі — мутация. Мысалы, кейбір мүшелердің жетілмей қалдық күйінде сақталуы, альбинизм (пигментінің болмауы), т.б. сияқты мутациялар табиги сүрыпталу аркылы жойылмаса популяцияларға тез таралады.

Биологиялық эволюция бағьптарының арасындағы арақаты нас. Идиоадаптацияға қараганда ароморфоз сирек байкалады, дегенмен ароморфоз органикалык дүние дамуының жаңа кезеңін аныктайды. Ароморфоз басқа тіршілік ортасына кіретін жаңа жоғары жүйелік топтың пайда болуына себепші.

ІІІ.. 1. Биологиялык регрестің биологияльш. прогрестен кандай айырмашылығы бар?

2.Дегенерациянын қанша жолы бар?

3. Жануарлардағы дегенерация мысалдарын талдап беріндер.

4.Өсімдіктердегі дегенерация мысалдары қандай?

В. 1- Паразит құрттардың (сиыр таспа күрты) миллиардтап жұмыртка салуының себептерін калай түсіндіруге болады?

2. Паразит құрттардын жойылған мүшелерінін орнына пайда болған мүшелердід. кұрт үшін кандай маңызы бар?

3. Арамсояудың тамыры мен жапырактарынын жойылу себептерін қалай түсіндіресіңдер?

4.Арамсояу немен және калай қоректенеді? Органикалық зат түзе ме?

С. 1. Сұңғыланың жапырактарының қабыршаққа айналу себебін түсіндіріңдер.

2.Қозғалмай бекініп тіршілік ететін погонофорадағы дегенерациянын мысалдарын талдаңдар.

3.Погонофораларда ас қорыту мүшесі болмаса денесінде ас қалай корытылады?

4.Қозғалмай бекініп тіршілік ететін тағы қандай организмді білесіндер, сипаттап беріңдер.

I Протей кайда тіршілік етеді? Дегенерация мысалдары арқылы түсіндіріңдер. Сулы ортада тіршілік ететін өсімдіктердегі дегенерацияға мысалдар келтіріндер.


ІV. § 22


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12