жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
биосфера мақала
БИОСФЕРА ЖӘНЕ АДАМ ТАҚЫРЫБЫН
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
ШАРАПАТ РАУАН
№249 мектеп –лицей
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами кабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс -әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Биосфера мен адам арасындағы байланысты оқытуда түрлі әдістерді қолдану арқылы оқушыға жеткізу пән мұғалімінің міндеті деп есептеймін.
Жаңа технологияларды пайдалану арқылы сабақ жүргізу.
Түрлі ойындарды пайдалану арқылы сабақты жүргізу.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар:
әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
оқушлардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру;
оқушлардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технология :
ынтымақтық педагогикасы;
білім беруді ізгілендіру технологиясы;
проблемалы оқыту технологиясы;
тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;
деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
модельдік оқыту технологиясы;
жобалап оқыту технологиясы.
Ойындар арқылы сабақты откізу:
Экспедиция
Қатысушылар 3-4 оқушылардан топқа бөлінеді.
Әр топ экспедицияға шығып,өздері тұратын ауданның экалогиялық картасын сызуы қажет.Экспедиция кезінде мына жағдайлар ескерлуі керек:
1.Экалогиялық жағдайы бұзылған,қоқыс жиналған жерлерді, демалыс орындарының тазалығын, трубалардан шығып жатқан түтіндер, автокөліктер көп жиналған жерлер ескерлуі қажет.
2.Парктер,скверлер,бақтар,суқоймалары бар жерлерді,құстарға ұя салатын жерлерді көрсету қажет. Экалогиялық карта сызуға 20-30 минут уақыт беріледі. Олар жиналған материалдарды әділқазыға беріледі. Өте байқағыш топ алға шығады.
″Болашақ қала ″
Қатысушылар 3-4 оқушыдан бірнеше топқа бөлінеді.Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Бұл уақыт аралығында әр топ өздері тұрғысы келетін болашақ қалаларының суретін салады немесе әңгіме құрайды.Жеребе бойынша әр топ өз болашақ қалашығы туралы сөйлейді.3-5 минут уақыт беріледі. Қала проектісін жасағанда қала жағдайын,оның адамға әсері,қаланың әсемдгі мен әдемілігі ғана емес,экалогиялық жағдайы да ескерлуі қажет.
″ Даналық ойлар″
Үлестірмелі бөлек- бөлек жазылған сөздерден құрастыру керек.
Мысалы:1.Орман-біздің байлығымыз,оны қорғаңдар!
2.Табиғатты қорғау- отанды қорғау!
3.Жер-адамзат бесігі!
4.Құстар – біздің досымыз!
5 .Су -өмір өзегі!
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен сабақты жүргізу
Жаңа технологияларды енгізу кезінде мұғалім нені білу керек? Нені істей алу керек? Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра алуы қажет.
Мұғалім жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді.
Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
Жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді.
Оқушылардың жұмыс әдісін.
Оқушылардың жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін білу керек.
Адам және биосфера тақырыбын сын тұрғысынан ойлау әдісімен өткізу.
А)Қызығушылықты ояту;
А
дам
және биосфера
Ассоцация кестесі беріледі
Екеуін байланыстыра орындау
Б)Мағынаны тану;
Топтарға текст беру ,стратегия insert
Білемін |
білмеймін |
Сұрақ туындап отыр |
+ |
- |
? |
Қазіргі кезде ғалымдар Жер ғаламшарының құрамында литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера деп аталатын географиялық қабықшаларды ажыратады. Биосфера (грекше «биос»-өмір, тіршілік, «сфера»-шар) Жер ғаламшарының белсенді тіршілігі бар аймағын қамтиды. Биосферадағы тірі организмдер мен оларды қоршаған орта өзара тығыз байланысты және бір біріне тәуелді. Биосфера –үнемі өзгеріп әрі дамып отыратын біртұтас ашық жүйе.
Соңғы кездегі ғылыми деректер бойынша биосфераның пайда болуы Жер ғаламшарының пайда болу кезеңінен басталды деген пікірлер бар. Бұл пікірді алғаш рет көрнекті ғалым, биосфера ілімінің негізін салушы В.И. Вернадский (1863-1945ж) қолдаған болатын.ХІХғасырдың басында ғылымға Ж.Б.Ламарк болған.
В.И. Вернадский тірі ағзалардың геологиялық ролі туралы ілімнің негізін қалады.
Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — казіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "пооs" — "ақыл-ой", "сана", "sрһаіrа" — "шар" деген ұғьмды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера—адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.
"Ноосфера" ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э. Леруа мен П. Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".
В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша "ноосфера — табиғат пен коғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттіғін ғалым атап кәрсетті.
Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудағы және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның ұзақ өмір сүруіне қажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес қазіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі — адам денсаулығына зияндьі жағдайларды болдырмау.
В)Рефлексия; Синквейн бес жолды тұжырым жасалынады. Мысалы:
1Биосфера;
2 Ғаламдық экожүйе;
3 Өзгереді, зат алмастырады;
4Жердің ғаламдық біртұтас жүйесі;
5 Тіршілік қабығы;
Ротация стратегиясы бойынша сабақты жүргізу:
Топқа бөліп, оқушыларға плакат тарату;
Әр топқа «адам және биосфера» тақырыбында сұрақтар беру;
Әрбір топ плакаттарымен ауысып, ойларын толықтыру;
Презентация.
Нәтижесінде оқушылар өз бетінше білім алады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
1 кезең (5-7) минут.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй жұмысын тексеру.
Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру.
Бұл жерде үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді. Тексеруден соң әрбір оқушы сыныптағы және үй жұмысын жалпы балын санап, мұғалімге айтады. Мұғалім әрбір оқушының балын (ашық журналға) жазады, тиісті бағасын қояды.
Өткенді пысықтау:
Бұл технологияның бір ерекшелігі өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді. Мұндай тиімділігі неде? Біріншіден уақыт үнемделеді. өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа жауап білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уақыт жоғалтатын еді. Екіншіден, мұғалім жүйелі түрде өткенді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауда талап етсе, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқитын оқушыда дайындалып келуге мәжбүр болады, нәтижесінде әрбәр оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.
Қолданылатын әдістер:
А) сұрақ жауап әдісі;
Ә) «ассоцациялар қатары» мысалы: мұғалім парақтарды жинап, оқушылармен талдап, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы жасалады. Мұғалім бұл әдіс арқылы оқушының білімі туралы түсінік алады.
II кезең 20-25 минут.
Өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеру:
Бұл жерде 10-15 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырылады. Мысалы,оқушыға бес сұраққа жауап беру ұсынылады. Сұрақтар параққа жазылған, әрбір оқушыға немесе жұпқа, немесе топқа беріледі. Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді оқиды. Мәтінді жұмысты төмендегі әдістер бойынша ұйымдастыруға болады.[6]
Адам және биосфера тақырыбын деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша өткізу.
Кезеңдері:
1-кезең. «Бақытты сәт» ойыны арқылы тарауға шолу.
2-кезең. Деңгейлік сұрақтар.
3-кезең. Ұжымдық жұмыс «Егерде мен...»
4-кезең. Қорытынды.
5-кезең. Үй тапсырмасы.
Барысы:
Оқушыларды екі топқа бөліп тастау.Бір оқушыны сол ұжымның ұпайын есептеп шығаратын топ басшысы етіп тағайындап, мына кесте бойынша ұпай қою
Оқушының аты -жөні |
1к |
2к |
3к |
4к |
|
|
|
|
|
1-кезең. «Бақытты сәт» ойыны арқылы тарауға шолу, яғни «Адам және биосфера» тарауы бойынша;
Екі топқа да сұрақтар қойылады;
1.ХІХғ басында ғылымға «биосфера» терминін енгізген француз жаратылыстанушысы? (Ж.Б.Ламарк)
2.Биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады деп тұжырым жасаған кім? (В.И.Вернадский)
3.Жер ғаламшарындағы барлық су айдындары не деп аталады? (Гидросфера)
4. Биосферадағы тірі организмдердің салмағы белгілі бір ауданда немесе көлемде таралған өлшем бірлігімен есептеледі. Оны не деп атайды? (Биомасса)
5.Адамның ісі арқылы табиғатта болатын өзгеріс не деп аталады? (Антропогендік)
2-кезең. Деңгейлік сұрақтар. Кеспе қағаздары арқылы жеке оқушыларға сұрақ беру;
Ауа қабаты не деп аталады?(атмосфера)
Биосферадағы микроорганизмдерді, саңырауқұлақтарды, өсімдіктерді, жануарларды (адамды) не деп атайды? (тірі организмдер)
Адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі? (Ноосфера)
Топырақтану ғылымының негізін салған көрнекті орыс ғалымы?
(В.В.Докучаев (1846—1903 жж.)
3-кезең. Ұжымдық жұмыс «Егерде мен...» арқылы биосфераға өзінің әсері жөнінде ойын жеткізу;
4-кезең. Білімді қорытындылау.
Осы кезеңдер бойынша ұпай санын есептеп жоғары ұпай жинағандарды бағалау.
5-кезең. Үй тапсырмасы.
Шығыс даналығы былай дейді: «маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын». Қазіргі технология дамыған заманда компьютер арқылы сабақ жүргізуге болады. Биология сабақтарында өсімдік, жануар, бейне сызбаларын, суреттерін электрондық тақта арқылы көруге болады.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Білім мазмұнының жаңаруы, оқыту үрдісіне инновациялық технологиялардың енуі осы сала мамандарының кәсіби біліктілігі деңгейіне қойылатын талаптардан айқындалады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология»
2.Қалкенова Б. «Биология және салауаттылық негізі» журналы
2007ж№6
3. А.С.Таишева «В Казахстанской школе» журналы №3 2009г (34-38стр)
4. М.З.Есқалиқызы «Оқыту тәрбиелеу технологиясы» журналы
№1 2009г
5.Д.И.Трайтака «Биология» справочные материалы Москва «Просвещение» 1988г 6.Интернет материалдары

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген