жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. |
Тексерілді: |
|||||
|
Күні: 25.01 |
Мұғалімнің аты-жөні: Г.Кувондикова |
|||||
|
Класы: 6кл |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Есептер шығару |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.5.1.6 – мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер құру арқылы шығару |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың барлығы: Мәтін есептерге сызықтық теңдеуді құрастыру Оқушылардың көпшілігі: Күрделі мәтін есептерге теңдеу құрастыру және оны шығару Кейбір оқушылар үшін: Мәтін есептерге өздері мысалдар келтіріп, шешімін анықтау. |
|||||
|
Бағалау критерийі |
|
|||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: -сызықтық теңдеудің компоненттері мен мәтін есептің арасындағы байланысты түсіндіре алады Пәндік лексика мен терминология: - мәтінді есеп - сызықтық теңдеу Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер Теңдеудің түбірі деп… Теңдеуді шешу үшін … керек |
|||||
|
Сабақ барысы |
|
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы |
Сабақтың басын ұйымдастыру (3 мин) -Сәлемдесу. Сыныпта жағымды атмосфера орнату. - үй тапсырмасын «қатесін тап» ойыны арқылы тексеру Бағалау:Өзін-өзі бағалау әдісі бойынша қатесін табу арқылы бағаланады. Саралау: Қатесін тап әдісі арқылы оқушыларды кім орындады, қалай орындағанын анықтап, есептің қатесін талқылап диалог негізінде. Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын тұжырымдау және жазу (2 мин) Ой қозғау. Мұғалім басшылығымен. Сөз есеп. Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Бұл есепті ойша, ауызша шығарады. Мұғалім: Енді оқушылар осы есепті өткен тақырып пен байланыстырып шығарып көрейікші. Тақтаға оқушылармен бірге, мұғалімнің көмегімен есеп шығарылып көрсетіледі. Ал балалар олай болса бүгінгі тақырыптың аты қалай деп ойлайсыңдар? Деген сұрақпен тақырыпты ашамын. Осылай оқушылар өз ойын айтып тақырыпты ашады. Мыс. Мәтін есептерді сызықтық теңдеу құру арқылы шығару. |
Интерактивті тақта, Оқулық Т.А.Алдамұратова, |
||||
|
Сабақтың ортасы |
Енді оқушылар сабағымның басында менің сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр. Бұл сұрақтар бүгінгі тақырыпты толық меңгеруге түрткі болады және келесі тапсырманы орындауға көмектеседі. Мұғалім: «Ашық сұрақтар» ды қолдану арқылы алгоритм құру. Есепті шешуді неден бастаймыз? Теңдеуді қалай құрамыз? Теңдеудің шешімі дегеніміз не? Есептің шартына сәйкестігі деген не? Алгоритмді қалай құруға болады? Оқулықпен жұмыс. Екі санның қосындысы 21-ге тең. Екі еселенген бірінші сан екінші саннан 3-ке артық. Бірінші санды табыңдар?
Кері байланыс оқушы мен оқушылар арасында жүріп отырады. Саралау. Әрбір топтың қалай жұмыс істегенін бағалап, олардың ойлары мен идеялары қалай, қандай бағытта, қандай дәрежеде дамығандығын аңғару арқылы түрлі ресурс бойынша сараладым. Бағалау. Топтардың қалай жұмыс жасағанын қатесін тауып ˅ белгісі арқылы бағалайды. Оқушылар бірін-бірі бағалау әдісі бойынша |
Оқулық Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов. Математика. , 6-сынып, 2-бөлім. Алматы «Атамұра» 2017ж 12 бет |
||||
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия. «Үшбұрыш пирамидасы» Қорытынды: |
|
||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
||||
|
Қатесін тап әдісі арқылы оқушыларды кім орындады, қалай орындағанын анықтап, есептің қатесін талқылап диалог негізінде. «Қайда менің орным?» ойыны арқылы топтық жұмыс барысында нәтиже немесе жауап бойынша. Әрбір топтың қалай жұмыс істегенін бағалап, олардың ойлары мен идеялары қалай, қандай бағытта, қандай дәрежеде дамығандығын аңғару арқылы түрлі ресурс немесе мәтін бойынша және Қарым – қатынас формалары бойынша сараладым. Оқушының дербестігі мен жауапкершілігін бойынша |
Өзін-өзі бағалау әдісі бойынша қатесін табу арқылы бағаланады. «Келісемін, келіспеймін» қолдау әлісі арқылы топ бірін-бірі бағалайды. Топтардың қалай жұмыс жасағанын қатесін тауып ˅ белгісі арқылы бағалайды. Оқушылар бірін-бірі бағалау әдісі бойынша Жұппен бірін-бірі бағалау әдісі арқылы дескриптор бойынша «+,-» бойынша бағаланады. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Кабинете гигиеналық тазалықты сақтау. АКТ қолданғанда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. |
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
|
||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген