жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы сараптамалық есеп
В 2 есебі
Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы сараптамалық есеп
«Шәкіртке ұстаз болу ірілік, ұстазға ұстаз болу ұлылық»
Мұзафар Әлімбай
1-бөлім: Тәлім алушының дамуындағы қажеттіліктерді анықтау.
Тәлімгерлік-ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) мен тәліп (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас үрдісі. Ол тәліптің педагог ретінде қалыптасу мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруге айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. /Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей. 89-бет/
Екінші деңгей бағдарламасының бірінші бетпе-бет кезеңінен кейінгі мектептегі іс-тәжірибеден өту кезеңінде тәлімгерлік жұмысымды жүзеге асыру үшін өзіме тәлім алушы әріптесімді анықтадым. Тәлімгерлік жасауға дейін мектепте коучинг сабағы өткізілді. Коучинг сабағынан кейін әріптестерімнің арасында қызығушылық танытып, тәлім алушы болуға ынта білдірген мұғалімдер болды. Менің тәлім алушым алдынан менімен араласып, тәжірибесімен бөлісіп жүргендіктен мен Т Б-ны таңдап алдым.
Т Б - бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі-8 жыл, білімі жоғары, II санатты мұғалім. Өзінің жауапкершілігі мол, ерінбей еңбек етеді, өз ісінің маманы, оқушылармен тез тіл табысатын, теориялық білімі бай, көп білуге, жаңалыққа құмар, елгезек жан. Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. Оның бойындағы педагогикалық жақсы қасиеттерді мен бұрыннан да байқайтынмын, сондықтан осы Т Б-ны ойланбастан таңдадым. Мектеп әкімшілігі де бірден келісті.
Бастауыш бірлестігі арасында өз пікірімді ортаға салдым. Менің пікірімді тәжірибелі мұғалімдер де қолдады. Тәлім алушымен екінші деңгей бағдарламасына сәйкес кәсіби әңгіме жүргізе отырып, оның тәжірибесі, оқушымен қарым-қатынас әдісін, ата-анамен байланысын байқадым. Тәлім алушының өзі деңгейлік бағдарламамен таныс, өйткені деңгейлік курстан өтіп келген бірнеше мұғалімдердің коучингтеріне қатысқанын, зерттеу сабақтарында болғанын айтты. Т Б «Маған сізбен бірлесе жұмыс жүргізген тиімді деп ойлаймын. Мен кей технологияның әдіс-тәсілдерін сабағымда қолданайын десем еркін білмеймін, сондықтан қолдана алмай жүргенмін. Сізбен бірлесіп жаңа әдіс-тәсілдерді игеріп, табысты нәтижелерге жетемін деп ойлаймын» деп өз ойын маған білдірді.
2-бөлім.
Тәлім алушыны анықтап алғаннан кейін, кәсіби әңгіме жүргіздім. Деңгейлік бағдарламамен таныстыра отырып, бірнеше қосымша материалдарды және қосымша материалдардың электронды нұсқасын қолына ұстаттым. Мен ұсынған материалдармен танысуын өтіндім. Өзімнің сабақтарыма қатысуға шақырдым.
Бірнеше күннен кейін оның алғашқы сабағына қатыстым. Алғашқы сабағы дәстүрлі сабақ болды. Сабақтың кезеңдерін жақсы жоспарлаған, дегенмен сабақ барысында өзінің бұл сабаққа жақсы дайындалып келгенін сабақта өзінің көп сөйлеуі арқылы байқатты. Сабағында инновациялық әдістерді аз пайдаланды. Сабақта берілген 45 минуттың 27 минутын өзі «Сатқын жапалақ» тақырыбын түсіндірумен алды. Мысалды да өзі келтірді. Мысалдарды бір-бірімен өзі салыстырды. Қалған уақытында үй тапсырмасын сұрап, рефлексия жасады. Мен жасалған рефлексияны өзімнің Т Б-ға берген қосымша материалдарымның нәтижесі деп ойладым. Іштей қуандым.
Сабақтың соңынан тәлім алушымен кәсіби әңгіме құру барысында сабағын түрлендіріп өткізу ойында болғанын, бірақ әдіс-тәсілдерді, стратегияларды, сабақ жоспарын құруда қиналатынын айтты.
Келешекте өткізетін сабақтарын жеті модульді ықпалдастыра отырып құру туралы ұсынысымды білдірдім. Сабақ өткізуде пайдалануға болатын ресурстарды ұсындым. Алғашқы сабағым сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде жоспарлап тапсырмалардың түрлерін жұпқа, топқа негіздеп дайындадық. Қызығушылықты ояту кезеңінде «Мен саған, сен маған» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап алғызды. Мағынаны ашу кезеңінде «Әткеншек» әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, бірден оқушымен де жұмыс жасап отырды. Жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып тапсырмадан сөйлемнің түрлерін анықататты. Ой толғаныс кезеңінде «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың түйіндерін жазып жіпке апарып іледі.
Сабақ барысында қолданылған әдістер оқушыларды ерекше қызықтырды. Бұрыңғы сабақтарында оқушы орнынан жиі тұрмайтын болса, бұл сабақта оқушы орныныан бірнеше рет тұрды. Тапсырманың өзі оқушының қызығушылығын тудырды. Тапсырмалар блум таксономиясына негізделіп алынған. Сабақтың сәтті шыққан жақтары топтық жұмыс кезінде тоқа негізделген тапсырмалар болды. Осы тапсырманы орындау барысгыда топ ішіндегі ынытымақ балалардың бір-біріне деген құрметі арқылы көрініп жатты. Сабақты жоспарлау барысында БЛУМ таксаномиясын пайдалануды ұсыныс ретінде айтқан едім. Оқушының деңгейіне бағытталған тапсырмалар осы стратегиға негізделіп берілді.
Тәлім алушының төрт сабағына қатыстым. Алғашқы сабағын өзі жоспарлап өткізді, қалған сабақтарын бірлесе отырып жоспарладық. Әр сабағынан кейін барлық сабақтарына талдау жұмыстарын яғни рефлексия жасады. Мұнда оқушының жасаған кері байланысы сабақ сайын алынып, танысып, талқылап, келесі сабақтың жоспарында бұл кері байланыс ескеріліп отырды. Сондықтан екінші үшінші, төртінші сабақтары сәтті шыққан сабақтар деп оқушыларда мен өзімде, тәлім алушыда жоғары бағалады.
Қазақ тілі пәнінен бірнеше сабақтар өткізді. Екінші сабағы «Синтаксис», үшінші сабағы «Сөйлем», төртінші сабағы «Сөйлемнің байланысы» деген тақырыптар да өтті. Осы сабақтарды бақылау барысында мұғалімнің мен өзім берген қосымша материалдар, электронды материалдарды пайдалануда әдістерді тиімді қолданғанын, оқушының тұлғалық қабілетін шыңдауда тапсырмалардың жас ерекшелігіне сай берілуін бақыладым.
Мұғалімнің тапсырманы сұраудағы немесе тақырыпты бекітуде пайдаланған әдістерін оқушылардың қалай қабылдап отырғанын бақыладым. 45 минут уақытта мұғалімнің уақытты үнемдеуін айтылым, тыңдалым тапсырмалары бойынша оқушыларды бағалау әдістерін қадағаладым.
Сабақ бойы қадағалаған жұмыстармды практика кезеңіне арнаған күнделігіме түртіп қойып отырдым. Қатысқан сабақтардың барысында мұғалімнің әдіс-тәсілдерінде азда болса өзгерістің болғанын, оқушыны бағалауда, үй тапсырмасын сұрауда, жаңа тақырыпты түсіндіруде байқадым. Сабақ барысында оқушыларды біріне-бірін бағалатты. Бір сабағында бір топ бір топты бағалады. Тапсырманы өмірмен байланысты алуға тырысты. Сабағындағы жақсы нәтижелерді ерекше құрметпен айтып отырдым. Сондай-ақ сабақ барысында кеткен кемшілікті келесі сабаққа ұсыныс ретінде айттым. Б М менің тарапымнан түскен ұсыныстарға ерекше қарап өзіне жазып алып отырды. Сабақта үлгерімі төмен оқушыларға назардың аз бөлінетінін байқадым, сондықтан диалогтық әдістерде осындай балаларға сабақ барысында бір рет назар аударып, олардың да ынтасының артуына ықпал ету қажет.
Сабақтан кейінгі оқушылардан алынған рефлексияларға менде өз пікірімді жазбаша білдіріп, мұғалімнің жетістігін ерекше мадақтап, ұсыныстарымды алдындағы шәкірті іспеттес жазып, іліп отырдым.
Әр сабағына қатысып талдау жасағаннан кейін келесі сабаққа жоспар құрылып, сабақтың жүру кезеңдері бойынша әдістер талданып алынып, жақсы нәтижеге жету үшін мақсат қойылды. Тәлім алушымен кәсіби әңгімеде қандай стратегиялардың оған қиындық келтіретіні, қандай стратегияларды пайдалануда қиналмайтындығы үнемі назарымда болды.
3-бөлім.
Тәлім алушымен педагогикалық қарым-қатынасым өте жақсы деңгейде болдвы. Себебі М Б бастауыш сыныптың мұғалімі екеуіміз бір бірлестікте бес-алты жылдан бері қызмет жасаймыз. Бір-бірімізден бұрында білмегенімізді сұрап жүретінбіз. Сондықтан Т Б екеуіміздің тіл табысуымыз өте жылдам әрі ізгілікті болды.
Тәлім алушы осы практика кезінде орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жопар құрудың жаңа үлгілерін алды. Сабақ беруде, тапсырмаларды сабақ кезеңіне іріктеп алуда әдіс-тәсілдерді меңгерді. Жеті модульді ықпалдастыра отырып сабақ жоспарын жасай алады. Блум таксаномиясын сабақ барысында, орта мерзім жоспарын құруда тиімді қолдана алады. Мұның барлығы тәжірибе кезінде тәлім алушы екеуіміздің бірлескен жұмыстарымыздың нәтижесі деп білемін.
Т Б –ның сабақтарының табысты болғаны менің іс-әрекетті зерттеу «Мәтіннің негізгі идеясын анықтаудағы кері байланыстың тиімділігі» тақырыбым бойынша жүргізілген сабақтарым, қоғамдастық мүшелерімен болған пікірлесу, өткізген коучингтеріме байланысты болды деп ойлаймын. Өйткені алғашқы сабағынан-ақ сабақтарында кері байланысты пайдаланды. Оның нәтижесін саралап келесі сабаққа пайдаланды. Сондықтан да мектеп ішінде өткізген жұмыстарымның нәтижесін Т Б-ның жұмыстарынан көре білдім. Ал сәтсіз болған жақтары ақпараттық технологияны қолдануда интербелсенді тақтанын мүмкіндігін толық пайдаланбай, интербелсенді тақтаны тек слайд көрсету үшін ғана пайдаланды. Тақырыбына байланысты балалардың жанына жақын бейнефильмдер арқылы тапсырмалар дайындап пайдаланса оның оқушыға берері мол болар еді. Балалар күнделікті біріңғай тапсырмадан жауыр болады, ынтасы болмайды, сондықтан қызылды, жасылды айқын суреттерге құрылған электронды тақта арқылы тапсырма берілсе оқушылар қызыға қатысады.
Тәлім алушы өзінің кәсіби мамандығын ерекше жақсы көреді, сондықтан оқум мен тәрбие үрдісіндегі барлық жаңалықтарға немқұрайлы қарамайды, Т Б-ның жаңалыққа жаны құмар. Сондықтан деңгейлік бағдарламанын қосымша тапсырмаларын толық қарап шықты деп айта аламын. Деңгейлік бағдарламанын қосымша материалымен электронды материалдары тәлім алушынын тәжірибесіне өзгерістер еңгізді. Т Б кәсіби әңгіме барысында «Деңгейлік курстан бастауыш сынып мұғалімдерінің ішінен бір адамнын оқығаны қандай жақсы болды. Осы уақытқа дейін жоғарғы сыныптың мұғалімдері ғана оқыған еді. Олармен үнемі қанаттасып жұмыс жасамағандықтан кез-келген уақытта барып өзімді қызықтырған нәрселерді сұрай алмайсын. Сондықтан тәлімгерімнің оқып жатқаны маған көп пайда тигізді. Бұл жұмысты мен ары қарай жалғастырамын деп ойлаймын. Тәлімгерім төрт сабағыма қатысып, сабағымды талдап, келесі сабақты жоспарлауда бірнеше ұсыныстар білдіре отырып сабақтарымнын сәтті жоспарлануына ықпал етті.»
Егер осы тәжірибе қайтадан қайталанатын болса практика кезеңі басталғаннан бастап деңгейлік бағдарламаға негізделген «Әдістемелік бұрыш» ұйымдастырар едім. Онда мұғалімге арналған нұсқаулық, қосымша материалдар, өзімнің жасаған орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларым, тәлімгерлік кезіндегі және өзімнің сабақ барысымнан фото көрме ұйымдастырар едім. Бұл көрме деңгейлік курстың өзіндік ерекшелігін ұжым мүшелерінің өздерінің ыңғайлы уақытына қарай келіп таныса беруіне мүмкіндік береді.
Тәлім алушы Т Б өзі де жұмысқа бар ынтасымен кірісетіндіктен, тәлім алушы Т Б мен бірге келешекте мәтінмен жұмысты ұйымдастыру бағытында бірлескен зерттеу жұмыстарын жасар едім. Өйткені оқушылар мәтінді оқығаннан кейін ондағы негізгі суреттеулерге назар аудармайды, сондықтан мәтінді толық игерту үшін бар зейінімен оқытудың жолы, осы мәтін бойынша тапсырманы түрлендіріп беру. Осы бағытта тәлім алушыға қолдау көрсете отырып, оқушының оқу сауаттылығы мен оқу жылдамдығын арттырып, сөздік қорын молайтуға көмек көрсететін тәсілдерді ұсынар едім.
4-бөлім
Осы тәлімгерлікті жүргізу арқылы өзімде бір үлкен жауапкершіліктін болғанын білдім. Сондықтан тәлім алушы Т Б-ға алғашқы бетпе-бет кезеңінде нені үйрендім, қандай ой түйдім сонын барлығын тәлім алушыма үйретуге тырыстым. Бірлесе отырып жұмыс жасағанда оның тиімді болатынын байқадым. Біреуге тәлімгер болғанда бойымда көп ізденіс болатынын, тәлім алушыдан қандай нәтиже көретінінің туралы үнемі ой үстінде боласын. Сабағын талдау барысынды қандай пікірлер айту маңызды деген сұрақтар үнеиі мазалайды. Келесі сабақты жоспарлау барысынды қандай тың ұсыныстар айтамын, оның нәтижесі қалай болады деген ойлар үздіксіз мазалады.
Тәлім алушы Т Б-ның жүргізген жұмыстарына қатыса отырып, әр өткізген сабағы үлкен жауапкершілікпен өткенін білдім. Тәлім алушынын төртінші сабағы «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» тақырыбында өтті.Мұнда «Қарсы шабуыл» әдісі арқылы топ мүшелері бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, білімдерін байқатты. Сұрақ беру барысында оқушылар сұрақтың құрылымына назар аударыып, дұрыс қойылмаған сұрақтарды түзетіп отырды. Жаңа тақырыпты меңгертуде «Орнынды тап» әдісі арқылы бірнеше сөздерді топтарға тарата отырып, оның сөйлемдегі орнын тапқызды. Ойын арқылы оқушылар жаңа білімді жеңіл меңгерді. Сондай-ақ сабақтағы ой толғаныс кезеңінде «Ережелер жібі» арқылы жаңа тақырып бойынша білген, үйренгкендерін қағазға жазып, іліп отырды. Кері байланыста оқушылар жаңа тақырыпты жеңіл меңгергендерін, кей оқушылардың басқа балалардан көмек сұрап меңгергенін жазған. Келесі сабақтарда да осындай әдістерді пайдаланса екен деген тілегін білдірген.
Болашақта тәлім алушымен жүргізілетін жұмыстарымда төмендегідей өзгеріс еңгізгім келеді:
-
Сабақта түсірілген бейне жазбаларды оқушылармен бірге талдау. Кей оқушылар сабаққа ерекше жоғарғы деңгейде қатысса, кей бала көбіне үнсіз қалады. Бұл бейнежазбаны көрсету арқылы үнсіз қалған баланы қозғаймыз деп ойлаймын.
-
Дәл сол сабақты қатар басқа мұғалімнің сыныбында өткізу арқылы тәлімгердің жұмыс жасау әдістеріндегі өзгерісті өзіне байқату.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген