жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бір бағыттағы қозғалысқа есептер
Сабақтың тақырыбы: Бір бағыттағы қозғалысқа есептер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Көбейту кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
БІР БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Түсіндірме мәтінмен, суретпен жұмыс.
-
Суреттегі қоян мен тазының қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?
900 – 800 айырмасы нені білдіреді? Тазы қоянды неше минутта қуып жетуі мүмкін?
900–800=100 (м/мин) Тазы минутына 100 метр артық қозғалады
500:100=5 (мин)
-
Арасы 60 км екі ауылдан бір мезгілде бір бағытта жүк машинасы мен жеңіл машина
шықты. Жеңіл машинаның жылдамдығы 85 км/сағ, ал жүк машинасыныкі 65 км/сағ.
Егер жеңіл машина жүк машинасының соңынан жүріп отырса, оны қанша уақыттан
кейін қуып жетеді?
Бір бағыттағы қозғалыс. 1–ауыл 2–ауыл
Жүк маш. – 65 км/сағ.
Жеңіл маш. – 85 км/сағ. 85 км/сағ 65 км/сағ.
60 : (85–65)=60:20=3 (сағ) 60 км
Ж:
-
Қасым 2 км ұзап кеткен Есімнің соңынан жүрді. Қасым 4 км/сағ, ал Есім 5 км/сағ
жылдамдықпен қозғалып барады. Қасым Есімді қуып жете ала ма? 3 сағаттан соң
олардың ара қашықтығы қандай болады? 4 сағаттан соң ше?
Алғашқы ара қашықтық – 2 км
Қасымның жылд. – 4 км/сағ.
Есімнің жылд. – 5 км/сағ
(5–4)×3+2=5 (км) – 3 сағаттан кейінгі ара қашықтық
(5–4)×4+2=6 (км) – 4 сағаттан кейінгі ара қашықтық
Ж:
-
Дүкенге 80 килограмдық қаптармен 45 ц 60 кг сазан және 60 килограмдық қаптармен
34 ц 80 кг табан балықтар әкелінді. Қай балық және қанша қап артық әкелінді?
Сазан – 80 кг–дық қаппен 45 ц 60 кг
Қай балық және қанша қап артық ?
Табан – 60 кг–дық қаппен 34 ц 80 кг
1) 4560:80=57 (қап) – сазан
2) 3480:60=58 (қап) – табан
3) 58–57=1 (қап)
Ж: сазан балық табаннан 1 қапқа артық.
-
Бөлуді орында және оны тексер:
2516 : 17= 2844 : 18= 3021 : 19= 5725 : 25=
Сергіту жаттығуларын жасау.
-
Өрнек түрінде жаз және оның мәнін тап:
а) 810 –ды 16 есе арттырып, 60 есе кеміт;
ә) а-ны 27 есе кемітіп, 1275-ке арттыр, мұндағы а = 27000;
б) 46550-ді 98 есе кемітіп, 987-ге арттыр;
в) 2035 және 608 сандарының айырмасын 48 есе арттыр.
7.Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 см, бұл оның енінен 2 есе артық.
Тік төртбұрыштың енін тап.
Берілді: тік төртбұрыш
а=20 см, бұл оның енінен 2 есе артық
в – ? см
в=20:2=10 (см) – ені
в=10 см
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: 8,9–тапсырма, шығ. тапсырма.
Теңдіктерді салыстыр:
999 х 4 = 4 х 1000 – 4 999 х 5 = 5 х 1000 – 5 ………..
Не байқадың? Олар қандай ережеге сүйеніп жазылған? Жазуды жалғастыр
Сынып: 4
Пән: Математика
Мұғалім: Джанабаева Гульзия Орынбасаровна
Сабақтың тақырыбы: Бір бағыттағы қозғалысқа есептер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Көбейту кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
Қозғалыс бағыты
БІР–БІРІНЕ ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ
БІР–БІРІНЕН ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ
БІР БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Түсіндірме мәтінмен, суретпен жұмыс.
-
Суреттегі екі конькишінің қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?
Екінші конькиші біріншіні қуып жете ала ма? 12 – 10 айырмасы нені білдіреді?
12–10=2 – секундына 2 м артық
-
Арасы 89 км екі қаладан бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі жүк
машинасы шықты. Оның біреуі 55 км/сағ, ал екіншісі 65 км/сағ жылдамдықпен
жүрді. 3 сағаттан кейін бұл машиналар бірінен-бірі қандай қашықтықта болады?
7 сағаттан соң ше?
Бір–бірінен қарама–қарсы бағыт 55 км/сағ. 65 км/сағ.
Қашықтық – 89 км
1–маш. жылд. – 55 км/сағ.
2–маш. жылд. – 65 км/сағ. 89 км
3 сағ.-тан, 7 сағ–тан кейінгі ара қашықтық – ? км
89+55×3+65×3=449 (км) – 3 сағ.-тан кейінгі ара қашықтық
89+55×7+65×7=929 (км) – 7 сағ.-тан кейінгі ара қашықтық
Ж:
-
Қалада жылына 15000 пәтер тапсырылуы керек еді. Құрылысшылар 198 пәтерлі
6 үй және 270 пәтерлі 5 үй тапсырды. Құрылысшылар әлі қанша пәтер тапсыруы керек?
Осыған кері есеп құрастыр және оларды шығар.
Барлығы – 1500 п.
Тапсырды – 198 пәтерден 6 үй және 270 пәтерден 5 үй
Тапсыру керек – ? пәтер
15000–(198×6+270×5)=12462 (п.) – тапсыру керек
Ж:
-
Теңдеу құр және оны шеш:
а) 360-қа х-тің 3-ке бөліндісін қосқанда 440 шығады; 360+х:3=440
ә) х –тің 8-ге бөліндісін 140-қа арттырғанда 212 шығады; х:8+140=212
б) х пен 25-тің қосындысын 4 есе арттырғанда 360 шығады. Х+25×4=360
. Теңдеулерді шеш:
Қандай компонент белгісіз?
Белгісіз компонентті қалай табады?
Сергіту жаттығуларын жасау.
-
708 х 62 + 304 х 95 9000 – 77952 : 28 19 х 2040
403 х 59 – 807 х 26 13995 – 27948 : 51 29 х 7030
-
235 теңге 2 тиын + 598 теңге 5 м 8 см + 3 м 452 см
2 т 886 кг + 7 т 795 кг 543 км 8 м + 324 км 769 м
-
Тік төртбұрыштың ені 10 см, бұл оның ұзындығынан 2 есе кем.
Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр?
Берілді: тік төртбұрыш
в=10 см, бұл а–дан 2 есе кем
а – ? см
10×2=20 (см) – ұзындығы
а=20 см
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Теңдіктерді салыстыр:
15873 х 7 = 111111 15873 х 14 = 222222
Не байқадың? Байқағаныңа сүйеніп жазуды жалғастыр.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: 7,9–тапсырма, шығ. тапсырма.
Сынып: 4
Пән: Математика
Мұғалім: Джанабаева Гульзия Орынбасаровна
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Көбейту кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
Қозғалыс бағыты
БІР–БІРІНЕ ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ
БІР–БІРІНЕН ҚАРАМА ҚАРСЫ БАҒЫТ
БІР БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Түсіндірме мәтінмен, суретпен жұмыс.
-
Бір мезгілде екі қаладан екі жүк поезы бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олар
7 сағаттан кейін кездесті. Бірінші поездың жылдамдығы 60 км/сағ, ал екіншісінікі
80 км/сағ. Қалалардың ара қашықтығын тап.
Осыған кері есеп құрастыр және оларды шығар.
Бір–біріне қарама–қарсы қозғалыс.
1–поезд жылд. – 60 км/сағ.
2–поезд жылд. – 80 км/сағ.
Уақыт – 7 сағ.
Қашықтық – ? км
(80+60)×7=980 (км) – қашықтық
Ж:
-
Бір мезгілде жолға шыққан екі жүрдек поезд бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүріп
кетті. 5 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 900 км болды. Бірінші поездың
жылдамдығы 80 км/сағ. Екінші поездың жылдамдығын тап.
Осыған кері есеп құрастыр және оны шығар.
Бір–бірінен қарама–қарсы қозғалыс
Қашықтық – 900 км
Уақыт – 5 сағ.
1–поезд жылд. – 80 км/сағ.
2–поезд жылд. – ? км/сағ.
(900–80×5) : 5=100 (км/сағ.) – 2–поезд жылд.
Ж:
-
Арасы 142 км екі қаладан бір мезгілде екі жүк поезы бір-бірінен қарама-қарсы
бағытта жолға шықты. 5 сағаттан кейін поездар аялдады. Сонда екі поездың арасы
842 км болды. Егер бірінші поезд 325 км жүрсе, онда екінші поездың жылдамдығы
қандай болған?
Бір–бірінен қарама–қарсы қозғалыс
Қашықтық – 142 км
5 сағаттан кейінгі қашықтық – 842 км
1–поезд жүрді – 325 км
2–поездің жылд. – ? км/сағ.
(842–142–325) : 5 =375:5=75 (км/сағ.) – 2–поездің жылд.
Ж:
-
Арасы 83 км екі айлақтан бір мезгілде екі кеме бір-бірінен қарама-қарсы бағытта
жолға шықты. Бірінші кеменің жылдамдығы 32 км/сағ. 4 сағаттан соң екі кеменің
арасы 355 км болды. Екінші кеме неше км жүрді және қандай жылдамдықпен
қозғалды?
Бір–бірінен қарама–қарсы қозғалыс
Қашықтық – 83 км
1–кеме жылд. – 32 км/сағ.
4 сағаттағы ара қашықтық – 355 км
2–кеме – ? км , ? жылдамдықпен
1) 355–83–32×4=144 (км) – 2–кеме жүрді
2) 144:4=36 (км/сағ.) – 2–кеме жылд.
Ж:
-
Қалдықпен бөлуді орында:
1876 : 52=36(4) 3678 : 49=75(3) 18469 : 28=659(17) 21987 : 35=628(7)
Сергіту жаттығуларын жасау.
-
7 м 205 мм х 62 9 см 5 мм х 67 120 м 84 см : 6
2 кг 328 г х 83 9 см 5 мм х 67 399 м75 см : 25
-
Фигураның қызыл түспен боялған бөлігінің ауданын тап.
1) 6×6=36 (см) – қызыл шаршы
2) 2×2=4 (см) – қара шаршы
3) 36–4=32 (см) – қызыл түспен боялған бөліктің ауданы
.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: 6,9–тапсырма, шығ. тапсырма.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Жанармай құю бекетіне бір мезгілде екі автомашина келді. Олардың біріне жанармай
құюға 4 мин, ал екіншісіне 2 мин уақыт кетеді. Жанармай құю бекеті автомашинаның
мұнда бөгелген әр минуты үшін айып төлейді. Автомашиналардың қайсысын бірінші
жіберген тиімді болады?
4 сынып
Математика Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Балалардың игерген білім деңгейін анықтау, оқу материалын қалай меңгергендігін бақылау.
Дамытушылық: Өзара кері есептер тобын шығару дағдыларын және ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын дамту. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру жайлы білімдерін бекіте түсу. Өзіндік жұмыс дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Бақылау жұмысы
|
І нұсқа |
ІІ нұсқа |
|
1. Есепті шығар. Екі қаладан бір–біріне қарама қарсы екі машина шықты. Кездескенге дейін 6 сағатта бірінші машина 300 км, ал екінші машина 420 км жол жүрді. Әр машинаның жылдамдығы қандай және екі қаланың арасы неше километр?
|
1. Есепті шығар. Екі қаладан бір–біріне қарама қарсы екі машина шықты. Кездескенге дейін бірінші машина 2 сағатта 180 км, екінші машина 3 сағатта 150 км жүрді. Әр машинаның жылдамдығы қандай ? |
|
2. Бөлуді орында. 5576:68=82 1254:38=33 23872:32=746 |
2. Бөлуді орында. 19722:57=346 32428:67=484 24388:52=469 |
|
3. Амалдарды орында. 6319:89+7224:86=155 6699:87–1590:53=47 (104820–90996):72=192 |
3. Амалдарды орында. 192000:64–64064:64=1999 578×28+346×21=23450 348×37+19720×60=1196076 |
|
4. Теңдеуді шеш. А–36=1430+20 54135:в=35+10 а=1486 в=1203 |
4. Теңдеуді шеш. А:36=1480–30 54135–в=65–20 а=52200 в=54090 |
|
5. Берілді: куб а=25 см Қырларының ұзындығы – ? см Жақтарының ауданы – ? см Көлемі – ? см |
5. Берілді: параллелепипед. а=12 см в=10 см с= 5 см Жақтарының ауданы – ? см Көлемі – ? см |
Сабақты қорыту: Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің
жіктелуі
Сабақтың мақсаты : Жіктік жалғау туралы түсінік беру, жіктік
жалғауының үш жағы барын айту, әрқайсысының өздеріне тән арнайы
қосымшалары барын таныту. Ауызша , жазбаша тілдерін
дамыту.Ұқыптылыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері :
-оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру
және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;
— өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын
еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу
тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, сөздік қорларын
дамыту.
Көрнекіліктер : тірек схема, слайдтар , суреттер.
Сабақтың әдісі : «Ой қозғау»,«Топтастыру» ,” Өзін-өзі бағала»,
«Ыстық үстел»
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару, дайындау.
I I. Психологиялық дайындық.
Дайынбыз ба сабақты бастауға?
Орнынында ма,құралдарың түгел ме?
Бәріміз түзу отырмыз ба?
Ендеше мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!
Сендер де бір-біріңе қарап тілек тілеңдер!
Слайд Ахмет Байтұрсынов -қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым,
түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1]
Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы
жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен
әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың
реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
«Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі.
«Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы,
морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан
бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.
Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім,
сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш,
пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа
сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. «Әдебиет
энциклопедиясында]]» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті
қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ
тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін
аударды. тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет
қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Бүкілресейлік ОАК-нің
1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябі облысына қосу туралы
шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін
Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. 1934 жылы М.Горькийдің
жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен
бұрын босатылып, Алматыға оралады 1937 жылы 8 тамызда тағы да
қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды.
“Басқа халықтардан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті
болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп
керек,күшті болуға бірлік керек”.
Слайд Көркем жазу
Мұғалімім ,дәрігерлерге мұнайшысыз
-Осы сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?
-Ол қай сөз табынан жасалған?
-Қай сөз артық деп ойлайсың? Неге?
-Рахмет!Олай болса,мына сұрақтар арқылы миға шабуыл
жасайық.
Слайд «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш
уақытта құрымайды» деген екен ұлы тұлға ұлт ұстазы
А.Байтұрсынов
"Миға шабуыл”
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
а) 5 ә) 9 б) 8
2. Заттың атын білдіретін сөз табы?
а) сын есім ә) сан есім б) зат есім
3. Жалқы есімді көрсет?
а) Көкшетау, Жандос, Айғаным
ә) Айсұлу, Өзен, Ертіс
б) Балқаш, Айгөлек, Ағаш
4. Туынды зат есімдер қалай жасалады?
а) жұрнақ арқылы ә) сызықша арқылы
б) түбір тұлғада
5. Сөз таптарын,сөз құрамын зерттейтін ғылым?
а) синтаксис б)фонетика в)морфология
6.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөз:
7. Қазақ тіліндегі жалғау нешеу?
а) 5 ә) 4 б) 7
-Ендеше ,кім жалғаулар атайды
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп
қолданылады. Жіктік жалғау зат есімнің бәріне жаппай жалғана
бермейді. Лексикалық мағынасы адамға (адамның есімі, мамандыққа)
қатысты зат есімдер жіктеледі (мен мұғаліммін, ол дәрігер, сіздер
ақынсыздар, біз адамбыз, т. б.).
Жекеше Көпше
Іжақ–мын-мін,-бын,-бін,-пын,-пін
-быз,-біз,-пыз,-піз-мыз,-міз
Ііжақ –сың, -сің-сыз-сіз, –сыңдар, -сіңдер
-сіз -сыздар, -сіздер
ІІІжақ — –
Слайд -Сонымен бүгінгі сабақта не туралы айтамыз екен?
Слайд Мағынаны ашу. Өлеңді мәнерлеп оқы
-Өзім әрі ағамын,
Мен іні де боламын,-дейді Жаннұр
-Сыпайының бірімін,
Мен тек қана інімін!-дейді Бақай.
-Келеді өсіп батырлар,
Қабақ шытпас татулар,-дейді атам.
(Мұзафар Әлімбаев)
Өлеңнен жіктелген зат есімдерді тауып,қай жақта тұрғанын
айт:
ағамын I жақ,жекеше түрде
інімін I жақ,жекеше түрде
Енді оларды ауызша жікте.
Ағамын
Слайд Ағамын ауызша жікте
-Сонымен бүгінгі сабақта не туралы айтамыз екен?
Өзбетімен жұмыс
104-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын
қойып,сөйлемді көшіріп жаз.
Орнында отырып түсіндіріп жүргізіп жазамыз
1.Мен қазақ ... , мың өліп, мың тірілген.
(Ж.Молдағалиев).
2.Мен Оразбай емеспін,елдің жазықсыз,қылмыссыз адамы
(М.Әуезов).
3.Біз бейбітшілікті сүйетін ел … .
-Бұл сөздерге жіктік жалғауларының әртүрлі жалғану себеі неде?
Ереже
Тексереміз 3 2 1
105-жаттығу Олай болса,мамандық атауларын мына жалғауларға
сәйкестендіреміз
… мын
… пын
… сың
… сің
… мыз
… міз
… пыз
… піз
Тексереміз 3 балл
Спортшы мын
… ұшқыш пын
… кітапханашы сың
… дизайнер сің
… аудармашы мыз
… имиджмейкер міз
… матрос пыз
… әртіс піз
Жіктік жалғауды жер - су (тау, төбе, өзен), жануарларға (түйе, аю,
түлкі, елік, т. б.) қатысты зат атауларына жаппай жалғай алмаймыз.
Алайда шешен де шырайлы ана тіліміздегі көркем әдебиетке қатысты
(сөз шеберінің қолдануына сәйкес) кейбір нәрселер мен құбылыстар
(жел, қайың, қағаз, кітап т. с. с.) жан - жануар атаулары адамның
әр алуан қасиеттерін бейнелеу мақсатында ауыспалы мәнде қолданылған
жағдайда жіктік жалғауын қабылдайды
- Келесі кезекте ,балалар ,біз сендермен терме диктант
жазайық.
Мен Ақұштап Бақтыгереева апамыздың өлең жолын оқимын, ал сендер
оқылып отырған өлеңнен жіктік жалғаулы зат есімдерді теріп
жазыңдар.
Анамын бөбегін сағынған,
Ақынмын жыр болып ағылған.
Көңілмін екіге бөлінген,
Жүрекпін екіге жарылған.
Тексереміз 3 балл
106-жаттығу
Қазақпын, күйшісің, дәрігермін, кезекшісіңдер, жазушысыз, балаңмын
, сатушысың, бишіміз, көршісіз, ғалыммын, тергеушісіздер,
ағасымын,інісісің.
Сонымен ,балалар, біз сендермен зат есімнің түрленуінің бірі
жіктелуді өттік.
-Қай жақтарда жіктеледі екен?
Олай болса зат есімнің түрленуін толық бекіту үшін суретші ,дәрігер
сөзін жіктейік.
Әр топты бағалау. Ең көп смайлик жинаған жеңімпаз
атанады.
Балалар , бүгін не үйрендік ?
«ЫСТЫҚ ҮСТЕЛ»
1.Жіктік жалғауының неше жағы болады?
а) I б)II в)III г) бәрі болады
2.Қазақ сөзіне қай жалғау сәйкес?:
а) быз
б) піз
в) міз
г) пыз
2. Сөйлемге зат есімге I,II жақта жіктік жалғауы жалғанғанда …
қызметін атқарады:
а) баяндауыш
б) бастауыш
в) анықтауыш
г) толықтауыш
3.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөз:
а)кәсіпкер б) қаламгер в) қызметкер г) сәулетші
4.Зат есімге I,II жақта жіктік жалғауы жалғанғанда
сөйлемнің қай мүшесі болады?
а) баяндауыш б)бастауыш в)анықтауыш г)толықтауыш
5.Жіктік жалғаудың II жақ жалғауларын ата
а) –мын,бін б)-сың,-сің в)-пыз,-піз
6)Көпше түрде жіктелген сөзді ата
а)кітапханашымын б)ұландармыз в)сәулетшісің
7.Біз үйірменің мүшесіміз сөйлеміндегі жіктелген сөзді
тап
а)біз б) үйірменің в) мүшесіміз
-Сонымен, бүгінгі сабағымыз бойынша қандай қорытындыға
келдік?
-Балалар , бүгін не үйрендік ?
-Сіздерге бүгінгі сабақ ұнады ма ?
Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз қалай болды? /смайликтермен
белгілеу/
IV. Үйге тапсырма : 145-бет 108,109 –жаттығу
V. Бағалау. Бармақпен бағала Мен түсініп отырмын_____ және
түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)
Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай
жантаяды)
Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды
бұлғау)
Сынып:4
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің көпше және
жекеше түрде жіктелуі
Сабақтың білімділік мақсаты: Сөз таптары тақырыбынан алған
білімдерін тиянақтау. Етістіктің жекеше және көпше жіктелуі туралы
түсінік беру . Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы білімдерін
бекіту. Сөздік қорын молайту.
Дамытушылығы: Білім алуға қызығушылығын ояту. Шығармашылық
тапсырмалар арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, есте
сақтау, жаттай білу қабілетін жетілдіру. Оқушылардың бір-бірін
бағалауын ұйымдастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Туыстық қарым- қатынасты ажырата білуге,,
адамгершілік қасиеттерді сақтауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны, тірі
табиғатты сүюге ынталандыру.
Сабақтың әдісі: Дамыта отырып оқыту. (сыни тұрғыдан ойлау
стратегиясы)
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, өзін-өзінтану
пәні
Сабақтың көрнекілігі:
а) «Сыйқырлы текше» тапсырмалары ( слайдта көрсетілген.)
ә) «Құндыз- бағалы аң» тақырыбындағы ғаламтор материалы
б) Әр оқушыға арналған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру ( өзін таныстыру, сабақтың мақсатын айту)
2. Қызығушылығын ояту ( текше туралы білетіндерін естеріне
түсіру)
(Математика пәнімен байланыстыру)
- Мынау қандай фигура?
- Текше (куб)
- Оның неше жағы бар?
3. Өткен тақырыптардан алған білімдерін тексеру
«Сыйқырлы текше» бойынша (баладағы бар ақпаратты алу)
Слайд №1 ( текшенің І жағының тапсырмасы)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
-Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?
- Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі
деп атаймыз.
- Етістік неше жақта жіктеледі?
- Етістік үш жақта жіктеледі.
-Жіктік жалғаулы етістіктер қандай сөйлем мүшесі болады?
- Баяндауыш
Қорытындылау
ІІІ Жаңа сабақ. ( күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу)
Слайд №2 (текшенгің ІІ жағы)
13-жаттығудың (ауызша)
Мақсаты:
а) етістікті табу
ә) қай жақта тұрғанын айту
б) 1-ші және екінші бағандағы сөйлемдерді салыстыру ( жекеше, көпше
түрде жіктелетіндігін айту)
д) III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі
Айтылуына қарай қандай сөйлемдер?
а) сөйлем мүшелеріне талдату арқылы жай сөйлем, жалаң сөйлем
екеніне көз жеткізу
ә ) жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді
байланыстыратын дығын ескерту
б) III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі
Слайд № 3 (Текшенің үшінші жағы)
14-жаттығу Дәптермен жұмыс Жаңылтпашты жатқа жазу
( жазу каллиграфиясына көңіл бөлу, есте сақтау қабілетін
жетілдіру)
Үш егізбіз, үш егізбіз,
Асты бірге ішеміз біз.
Тапсырмасы: жіктелген етістікті табу, астын сызу, етістікті сөз
құрамына талдау, ішеміз-көпше түрде 3-жақта жіктелген, егізбіз - 3
-ші жақта жіктелген зат есімдер
Егіз дегеніміз не? Үш егізді тағы қалай атауға болады?
( туыстық қарым- қатынас туралы, адамгершілік туралы мағұлматтар
беру)
Сергіту сәті: Отбасы мүшелері бір- бірінің қимыл-қозғалысынан, бет
әлпетіндегі ым- жымынан еркін түсініседі. Олай болса ,
« Пантамимикалық » ойын ( оқушының зеректігін жетілдіру)
Ойынның шарты: (әр қатардан 1 оқушы шығып бетшеге жазылған
тапсырманы іштей оқып, оны қимымен көрсетеді, қалған оқушылар
қимылды мұқият қайталап, кімнің?ненің? қимылы екенін тауып
айтады.)
Құс аспандап ұшты. Бала доп ойнады. Жүргізуші көлікті
жүргізді.
Слайд № 4 (Текшенің ІҮ жағы)
15-жаттығу (ауызша)
Мақсаты: Берілген сөздерге сөйлем құрау, жіктік жалғаулы сөздердің
баяндауыш қызметін атқаратындығына көз жеткізу.
Тазалаймын, үйренесің, біледі.
Слайд № 5 (Текшенің Ү жағы )
16-жаттығу Әр бағандарды салыстыру ( ВЕНН диаграммасы)
1-ші жақта жіктелген етістіктер: 2-жақта жіктелген
етістіктер:
(оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту)
17- жаттығу Мәтінді түсініп оқу.Ат қою. Мәтін туралы білімдерін
толықтыру. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын табу.
Дүниетану пәнімен байланыстыру
Грамматикалық талдау (Мәтіндегі 1-ші сөйлемді сөз құрамына
талдау)
Құндыз-ақылды жануар.
Теориялық білінің маңыздылығы (Ғаламтор материалдары)
«Құндыз – бағалы аң» (қоршаған орта мен табиғатты сүюге
тәрбиелеу)
Слайд № 6 (Текшенің ҮІ жағы) Жинақтау әдісі.
Семантикалық карта
Тапсырманың түрі Даладан Жүрдің Оқушымын
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің жіктелуі
Етістіктің жіктелуі
( Бірін-бірін бағалау әдісі арқылы жауаптарды тексеру)
4.Қорыту
5.Бағалау («Жүректен жүрекке» тәсілі бойынша оқушыларды тілек
жазылған текшелер беру арқылы бағалап,оқушылардың болашақтарына
жақсы ғұмыр тілеу)
Өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру
6.Үйге тапсырма беру
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген