Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір белестен өттіңдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша балаларына арналған ашық сабақ. Бөлме өсімдіктері тақырыбында, балалардың түсініктерін кеңейту мақсатында жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені











Ертеңгілік


Тақырыбы:

«Бір белестен өттіңдер»









Тәрбиешілер: Ихсанова О. Т.

Адилгереева Г. М.





2017-2018 оқу жылы



"Бекітемін"

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н. Б. Кажгереев



Күні: 24.05.2018

Тақырыбы: "Бір белестен өттіңдер"

Мақсаты: Балалардың  жыл  бойы  алған  біліктерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін  ортаға  сала  отырып, балаларды  үлкен  өмірге  қадам  басуға  даярлау. Адамгершілікке,достыққа,  бауырмалдыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, фотосуреттер, плакаттар.


Барысы:

Дауыс қойылады: тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата-аналар! Балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері апайларымен бірге «Балалық шақ» ұшағымен келіп қонды.

Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.Музыка әуенімен бес бала кіреді:

1-бала: Құрметті қонақтар армысыздар,

Бәріңізде аман-есен бармысыздар.

Таусылмайтын ағытып ой арманың,

Ал достарым ақ жол тілеп сөз бастайын.

2-бала: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүздерінен көркем шаттық тарайды,

Болсын солай әрбір күнің арайлы.

3-бала: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәрін сусындатқан апайларымызды шақырамыз.

4-бала: Сүйген өз ұл-қызын,

Бөбегім деп аянбай.

Балабақша өз үйім,

Апай болды анамдай, - деп ортаға Орынгүл Таспайқызын шақырамыз.

5- бала: Баулып—баптап өсірген,

Бұзықтық етсек кешірген.

Ұмытпаймыз өзіңді,

Ұмытпаймыз сөзіңді-деп, Гүлжүзім Маратқызын ортаға шақырамыз.

Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл-ойларың,

Қуанышты бүгінгі

Құтты болсын тойларың.

Құрметті  ата-аналар, қонақтар, ұстаздар.

Бүгін  бірнеше  жыл  мәпелеп өсірген бүлдіршіндерімізді  мектеп  табалдырығына 

шығарып  салғалы  отырмыз. Балаларымыз осыдан  5  жыл  бұрын  кішкентай ғана бүлдіршін  еді,  енді  міне, бойлары да, ойлары да  өсіп, білім ордасы мектепке  қадам  басқалы  тұр. Ендеше «Бір белестен өттіңдер»  атты  ертеңгілігімізді  ашуға  рұқсат  етіңіздер.


Толқимыз толқып тұрсыз,баршаңызда

                      Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда

                      Қол соғып,қошеметтеп шақырайық

                      Балабақша түлектерін ортамызға.


  1. Рахметолла Әсет Есқабылұлы

  2. Ануарбекқызы Жанель

  3. Бейбіт Нұртілеу Мейрамұлы

  4. Маратова Айриза Мейрманқызы

  5. Ғабделсамат Ғабдел Тұрарұлы

  6. Оразаева Ақбота Айбекқызы

  7. Мәлік Азат Тимурұлы

  8. Халықаман Әдемі Арнұрқызы

  9. Мәлік Қайсар Саламатұлы

  10. Нұрланқызы Нұрай

  11. Сансызбай Санжар Сағатұлы

  12. Рафих Қарақат Болатқызы

  13. Қартабай Ислам Кәрімжанұлы


Тәрбиеші: Алғашқы құттықтау сөз Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кажгереев Нұржан Берікұлына беріледі.

Бақыт деген сенің бала күндерің,

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытым да балалығым сол менің,

Бақшамда ойнап күлгенім

Ән: "Балабақша"


Балабақша бүлдіршіндерінің тақпақтарына кезек берейік

Нұртілеу: Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын табамыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Айриза: Біз балауса баламыз,

Жетелеп ой санамыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Мектепке енді барамыз.

Қош бол, балабақшамыз,

Қимай кетіп барамыз.

Бал күндерді қиялдап,

Сағынармыз әлі біз.

Әсет: Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,

Қоңыраудың шақырған.

Тәтті әуені ән думан,

Білім алған бақшадан,

Біз көңілді балдырған.

Шақырады мектепке,

Сыңғырлаған әсем ән.

Жанель: Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітін де ақтармыз.

Тәрбиеші сізден алған ақылды,

Есімізде өмір бойы сақтармыз.


Сіздердің назарларыңызға осы балабақшада тәлім-тәрбие алған бүлдіршін түлектеріміздің , қызығы мен шыжығы мол балабақша күндерінен слайд тамашалаңыздар. (Слайд көрсету).

Тәрбиеші: Бүгін қызық, бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Әнде салып, би билеп,

Жалғастырсын ойды-ой, - деп келесі кезекті әдемі биге берсек.

Би: "Қоштасу вальсі"


Сіздерге арналған ағылшынша ән: «Si Неllo».


Ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық

Азат: Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам қош енді.

Бес жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы,

Мектепке енді барамыз.

Қайсар: Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Санжар: Балабақшам сүйікті,

Ән салдыртты, билетті.

Шынықтырып денеңді,

Шымыр болуға үйретті.

Ислам: Бақытты біздер баламыз,

Оянды ақыл санамыз,

Амандықтың бастауын

Өзіңнен алып барамын.

Ғабдел: Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен

Даярлыққа барамыз.

Тәрбиеші: Балаларды көңілді,

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп,

Би билейік тамаша, -деп, кішкентай ғана биші қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

Би: "Мысық"


Ән: "Тәрбиеші"

  • Өткізіп қызық күндерді

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып тамсанып

Қимай кетіп барады-дей бүлдіршіндердің тақпақтарына кезек берейік.

Нұрай: Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын.

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін.

Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.

Әдемі: Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Гүлге толы жан-жағым,

Асыр салып жүгірдім.

Өсті талап, талғамым,

Көп нәрсені ұғындым.

Ақбота: Балабақша, балабақша

Шаңырағы шаттықтың.

Балабақша қорғанышы,

Балғын сәби жастықтың.

Қуанамыз, сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызбен қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.

Қарақат: Біз мектепке барамыз,

Оқып-білім аламыз.

Кітапты да, оқимыз,

Суретті де, саламыз.

Қоштасамыз бүгін,

Даярлыққа барамыз.


Тәрбиеші: Айналайын гүлдерім,
                            Ақ шуақты күндерім.
                            Ерекше қызық тілдерің,
                            Естен кетпес үндерің.
                            Сүйкімді балғын балалар,
                            Сендердікі болашақ.
                            Озат болып оқыңдар,
                            Ойға білім тоқыңдар.

Ұямыздан ұшқалы отырған түлектерімізге диплом табыстау рәсімі балабақша әдіскері Бақтығазиева Сымбат Махметқызына беріледі.

Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.


Қош балалар, сәт сапар,

Үлгілі бәрің болыңдар.

Жақсы оқып әрқашан,

Тек 5-тікті алыңдар-дей отырып, "Бір белестен өттіңдер" атты ертеңгілік кешімізді жабық деп жариялаймыз. Келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2021
420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12