"Бiр-бірімізге көмектесеміз",1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бiр-бірімізге көмектесеміз",1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайдаңызға жарасын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Отбасылық тәрбие.

Күні


Класс жетекші:

Ыбраш Г.Т.

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Бір-бірімізге көмектесеміз. Реттелетін жол қиылыстары. Бағдаршам

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға көмек, көмектесу туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.Реттелетін жол қиылыстары туралы мәлімет беру.

Құндылықтарды дарыту

Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз.

«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің» Халық нақылы

Дәйексөзді балаларға 2-3 рет қайталатып айтқызу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

*Айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсыз?

*Әрқашан риясыз жақсылық жасайтын адамның бойында қандай

қасиеттер болады?

Түйіндеме.

Адамда әрқашан көмек беруге әзір тұру керек.

Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып,

басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі.

Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет

болады.

Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады.

Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге

көмектесеміз.

Оқушылар өз білетіндерін айтады.

Презентация








Сабақ ортасы


Әңгімелеу

«Жақсылық»

М. Құрманалин

Күн – жексенбі. Үлкенге де, кішіге де – демалыс. Нығыздап таптап тастаған биік қар үйіндісінің төңірегі толған бала. Бәрінің де жетегінде бір-бір қолшана. Қарлы төбенің басына шығып, төмен қарай кезек-кезек құлдилайды. Тайдан құлағандай, аударылып қалып жатқандары да аз емес. Оған ренжу қайда, қайта бәрі қосыла мәз болып күледі. Осы думанға, шанасын сүйретіп, жеті жасар Жақсылық та қосылған. Ол да ақ қарға әлде неше рет аунап тұрды. Биіктен сырғанағанда, қар құшып құламасаң, қызығы бола ма. Ол, буы бұрқырап, екі беті бал-бұл жаньш, қарлы төбс басына қайта өрмелейді. Бала жаны биікке, жылдамдыққа құштар! Жақсылық кезекті сырғанаудан кейін аптығын басайын деп тұрған. Базар жақтан иығында қапшығы бар карт балалардың тұсына келіп тоқтады. Ол қапшығын жерге қойып, мандайының терін сүртті. Аялдауына қарағанда қапшығы ауыр болу керек. Жақсылық шанасын сүйретіп қарттың жанына барды. – Ассалаумәликум, ата!– деп сәлем берді. – Әликумсәлам! Бақытты бол! Қай баласың? – деді қарт жөн сұрап. – Жақсылықпын! – Е-е-е. Жақсылық болсаң, өзің бір тәуір жігіт екенсің. Әке-шешең бар ма? – Бар! – Олар нендей жұмыс істейді? – Екеуі де теміржолшы, – деді Жақсылық. – Ал, өзің оқисың ғой, қай класта? – Екінші класта. Бәрекелде... оның дұрыс екен... Қой мен қозғалайын. Сен ойыныңнан қалма! – деді қарт. Жақсылық қартқа жақындай түсіп: – Ата мына қапты менің шанама салып апарайық! Арқалап жеткізу сізге ауыр ғой! – деді. – Біздің үй бұл жерден төрт-бес көше төменірек. Қайтарда адасып кетерсің. Өзім арқалап жеткізем ғой! – деп еді. Жақсылық алған бетінен қайтар емес. – Адаспаймын. Сіздің үйді білем. Сіз Шолпанның атасысыз ғой. Ол менімен бір класта оқиды, – деді. – Е-е-е, өзіміздін бала екенсің ғой! Онда не сөз бар!– деп қарт қапшығын қолшанаға салды. Жақсылық оны сүйрей жөнелді. Екеуі әнгімелесіп, үйге қалай жеткендерін білмей қалды. Қоштасарда қарт: – Айналайын, Жақсылык, әке-шешең атыңды тауып қойған екен! Атаңды сыйлағаның –жұртыңды сыйлағаның! Бақытты бол! Өркенің өссін! – деп арқасынан қақты. Жақсылық қарлы төбеге қайта оралып, ойынды одан сайын қыздырды.

Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Әңгімеде қандай жағдаят бейнеленген?

2.Жақсылықтың бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?

3.Мәтіндегі «Атаңды сыйлағаның – жұртыңды сыйлағаның!» деген

ойды қалай түсінесіңдер?

4.Өздерің басқаларға көмектескен кезде қандай сезімде боласыңдар?

Шығармашылық іс-әрекет

1-тапсырма

Төмендегі сөйлемдерде көмектің қай түрі (ой,сөз,іс) айтылғанын тап

1.Ауруханада жатқан досына кітап әкелді (іс)

2.Оның жеңіске жетуіне жан-тәнімен тілектес болды (ой)

3.Кішкентай күшікті бауырына басты (іс)

4.Досының дұрыс әрекеті үшін алғыс айтты (сөз)

2.Мұқтаж жандарға сыйлық хат дайындау

Көмек жасау

Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек.

Көмекті оймен,сөзбен,іспен жасауға болады.

Жасаған ісіңді ақысыз жасау дұрыс әрекет болады.

Ән: «Апам үшін»

Сөзі:Қ.Мырза Әли,

Әні: Исмайл Исаев

1.Апам үшін күнде де

2. Жоқтатпаймын әпкемді,

Отынға ағаш жарамын.

Қоям шайын қайнатып.

Су құямын гүлге де,

Жылай қалса, бөпемді

Дүкенге де барамын.

Жұбатамын ойнатып.

3.Сыпырамын үй-ішін,

Жуам аяқ-табақты.

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты.

Реттелетін жол қиылыстары туралы мәлімет беру.

Жақсылық әңгімесін оқу, талдау.























































Сұрақтарға жауап береді.











Көмек түрлерін ажыратады.



















Үнтаспадан өлең тыңдау. Қайталап айту.












Жол қиылыстары туралы айту.


Соңы





Біз не үйрендік?

Қорытынды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2023
286
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі